facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

stadnichuk 12020 жылдың 5 наурыз күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде танымал қазақстандық суретші Иван Стадничуктің (1913-2000) «Шебердің оралуы» жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеге суретшінің музей қорынан және отбасы жинағынан алынған 50 астам кескіндемелік және акварельдік туындылары қойылған. Иван Стадничук - ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның ірі суретшілерінің бірі. Оның шығармашылығы Қазақстан кескіндеме мектебінде үлкен орын алады. Шебердің туындылары, құдды бір табиғатпен үндесуге бәсекелескендей екпінді, түрлі-түсті палитрамен біріктірілген, автордың әрбір жағысында оның жарқын мінезі көрініс тапқандай.

Стадничук Иван Яковлевич 1913 жылы Украинаның Бердичев қаласына жақын Халаигородок селосында дүниеге келген. Ол өмірдің күрделі мектебінен өткен, талай мамандықта өзін байқап көрген жан. Донбаста, Бұқарада, Самарқанд, Ташкентте тұрды. Ұлы Отан Соғысының қатысушысы, «Қызыл Жұлдыз» орденімен және КСРО медальдарымен марапатталған. Тағдыр оны мүсінші Я. Кучиске жолықтырды. Соның ықпалымен ол Ташкент көркемсурет училищесін бітіріп, кейіннен И. Репин атындағы Ленинград көркемсурет, мүсін және сәулет институтын тәмамдайды. 1952 жылы Алматыға келіп, мәдени өмірге белсене араласады. Н. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде көп жылдар ұстаздық қызмет атқарды. ҚР Суретшілер одағының жанындағы «Пятница» шығармашылық акварель студиясын жүргізеді. Бүгінде оның түлектері – еліміздің танымал суретшілері.
stadnichuk 2И. Стадничук кескіндеменің барлық жанры мен акварельде шебер еңбек еткен. Суретшінің жанына жақын тақырыптың бірі – адамдардың портреттері. Оны адам бет-пішінінің алуан түрлілігі және олардың өзіндік мінез-құлықтары қызықтырды. Туындыларының кейіпкерлері – ғалымдар мен дәрігерлер, студенттер мен әртістер, әскери адамдар, колхозшылар және тағы басқалары. «Мүсінші Я. Кучистің портреті» (1957), «Студенттің портреті» (1960), «Жас дәрігер. Комиссарованың портреті» (1960) шығармаларында бейнеленуші адамның мінез-құлқы оның қимылы, композициялық құрылым мен қанық контрастты колорит арқылы шешіледі.
Экспозицияның маңызды бөлігін шебердің акварельдік туындылары құрайды. Олар мәнерлі және техникалық орындалуымен, жазылу фактурасы мен аса үлкен шынайылығымен ерекшеленеді. «Қар жауып тұр» (1968), «Гаухар» (1968), «Ана» (1971), «Терезедегі сәлдегүлдер» (1978) және басқа да көптеген парақтарда суретшінің даралығы, оның кескіндемеге, қанық әрі сан алуан түстік палитраға деген құмарлығы ерекше көрінеді.
И. Стадничук Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның туындылары Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-ің қорында, облыстық музейлерде, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің мемлекеттік және жеке жинақтарында сақтаулы.

Самал Мамытова,
көрме кураторы