facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

26 january2020 жылдың 26 қаңтарында Ленинград қоршауы бұзылған күнді еске алу қарсаңында, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ІІ дүниежүзілік соғыстың 75-жылдығына арналған Еске алу және даңқ жылының ашылуы өтті. Салтанатты ашылу петербург график-суретшісі Клим Лидің көрмесінде өтті. Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Ресей консулдығының бастамасын және іс-шараны қолдады, Ресей Бас консулдығының консулы Ирина Переверзева сөз сөйледі, ол өз сөзінде әрбір адамның, әрбір отбасының, әрбір қаланың өз соғысы болғанын атап өтті. Біздің біртұтас Отанымыздың әрбір азаматы Жеңісті бар күшімен жақындатты,- деді.

26 january 2Сондай-ақ, салтанатты ашылу кезінде көрме авторы Клим Лидің бейнеүндеуі тыңдалды, онда ол сонау 1941-жылдары ленинградтықтарға қолдау білдірген Жамбыл Жабаевтың ұлы сөздерін еске алады.
Көрермендердің назарына Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Марина Ганцеваның жетекшілігімен "Созвездие Андрес" театрлық студиясының "Соғыстың келбеті нәзік емес" қойылымы ұсынылды. Пьесаның негізіне әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевичтің романының бір үзіндісі алынды, ал Юлия Друнина мен Елена Гин сияқты ақындардың өлеңдері оны тамаша толықтырды.  
26 january 36 және 16 жасқа дейінгі жас актерлардың ғажайып жұмысы ешкімді бей-жай қалдырмады. Көрермендер қаһармандармен бірге алаңдап, демдерін іштеріне тарта отырып өлең тыңдады, көпшілігінің көзіне жас үйірілді. Қойылым аяқталғаннан кейін, көрермендер зор құрметпен қолпаштап, актерларды жібергілері келмеді.
Жоғарыда айтылғандай, шара әйгілі ресейлік график-суретші, Ресейдің Еңбек сіңірген суретшісі, РКА құрметті академигі, профессор Клим Лидің көрмесінің аясында өтті, оның Борис Васильевтің «Мұнда таңдар тыныш атады» және «Ертеңіне соғыс болды» повестеріне салған иллюстрациялары көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Оксана Танская – жоба кураторы