facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

crystal garden 012020 жылдың 6 ақпан күні сағат 10.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Иржи Пачинектің «Шыны бағы» чех көркем әйнегінің бірегей көрмесі көпшілікке әйгілі шебердің қатысуымен ашылады. Көрме Нұр-Сұлтандағы Чехия Республикасының Елшілігі және Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Бұл дәстүрлі чех шыны мектебінің мысалы болып табылады 

«Шыны бағы» флора мен фаунаның экзотикалық мекендеушілері бейнеленген 30 авторлық туындыны ұсынады. Иржи Пачинек жеке шығармашылық әлемін жасай отырып, онда сұлулық пен үйлесімділіктің басымдылығын жариялау арқылы шынайы әрі ойдан шығарылған мекендеушілерді қоныстандырады. Мұнда – саваннаның тәкаппар мекендеушілері – зебра, бегемот, бұқа қызықты қиял гүлдерімен табиғи түрде толықтырылған. Олардың үстінен ашық түсті көбелек жарқырап көрінді, кесіртке ақырындап ағаш діңінің жоғары жағына көтерілді. Осында аспан мекендеушілері пайда болады – айбынды қыран қанаттарын жайып, әсем қоқиқаз мойынының иілгендігін көрсетеді, тотықұс қызығушылықпен қарайды. Олардың арасындағы жалғыз мүйіз бейнесі шынайы арманның көрінісі ретінде пайда болады.
Иржи Пачинек - тек Чехияда ғана емес, сонымен бірге, халықаралық деңгейдегі
әйгілі заманауи көркемдік шыны өндірушілердің бірі. Ол Цвиков, Линдав пен Кунратице қалаларындағы өзінің шыны зауыттарында үздік туындыларынcrystal garden 03 жасайды, мұнда қолмен және ыстық әшекейлермен үйлесетін металл ысқырығы арқылы әйнекті үрлеудің дәстүрлі чех әдісін қолданатын 12 шебермен жұмыс істейді. Сондай-ақ, шыны зауытында әр түрлі елдердің жас шыны жасаушылары, соның ішінде Қазақстан студенттері оқиды.
«Шыны бағы» көрмесінің бірінші бөлімі Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда 2019 жылдың қазанында өткен болатын. Чехия Республикасының Елшісі Рудолф Гикл атап өткендей: «Көрме – Қазақстандағы Чехия Елшілігінің алғашқы ірі мәдени жобасы, оның мақсаты Чехия Республикасынан құнды да әдемі өнер тундыларын ұсыну болып табылады әрі бұл қазақстандықтарға бұрыннан таныс чех шыны шеберлігін ұғынуды нығайтуға мүмкіндік береді».

Көрме 2020 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады.

Екатерина Резникова – көрме кураторы