facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

2020 жылы 17 қаңтарда сағат 17.00-де Ә. Қастеев khakimov 1 атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Александр Хакимовтың "Сұлулық эволюциясы" көрмесі ашылады. Экспозицияға елу шақты кескіндемелік және графикалық туынды қойылған. Бұл – суретшінің бірінші жеке көрмесі. Александр Геннадьевич Хакимов 1958 жылы Қазақстанда, Жамбыл облысында дүниеге келді. 1978 жылы Владивостокта көркемсурет училищесін тәмамдады.

Автор өз жұмыстарында адамның рухани кемелділігі тақырыбын тілге тиек етті. Оның акварельдік жұмыстарына ширақтықпен қатар колориттің қанықтығы тән. Көптеген картиналары көрерменнің алдынан ұстаздарының, қасиетті орындар мен храмдардың ұлы образдары бар тереңдігі мен мәні таңғаларлық Веда әлемі ашылатын Үндістанға арналған. Суретші табиғаттың сұлулығын жырлай дәріптеп, таңдайын қаға тамсанады. Ол табиғи ортадағы өмірді анық әрі нанымды суреттеп, түсті, табиғаттың түрлі қалпын, оның ерекше жақтарын талғампаздықпен сезінеді. Суретшінің сұлулықты негіз етіп алған шығармашылығы позитивті әрі біртұтас. Қазақстанға, оның алуан түрлі табиғаты бар көрікті өңірлеріне арналған жұмыстарының топтамасы бар. Атап айтқанда, «Бурабай. Жағалау», «Бурабай. Қыс», «Алатау етегінің көрікті көрінісі» және т.б. Біздің алдымызда омбы қар басқан биік қарағайлар, кішкентай терезелері жарқыраған кешкі күн шапағына бөленген жанға жылу беретін үйлер, Іле Алатауы жоталарының маңғаз көрінісі. Александр Хакимовтың шығармашылығында натюрморт жанры ерекше орын алады. Таңсық жемістер, әдемі гүл шоқтары, гүл тізбектері, әдемі күлтеленген маталар, формасы әшекейлі себеттер, тауыс қауырсындары, әсем ыдыстар мен вазалар.
Экспозициядан суретшінің ең жақын адамдары – әйелі мен қыздарының портреттері орын алған. Олардан мейірім мен махаббат анық сезіледі. Александрдың шығармашылығында Үндістанның қасиетті орындары мен дін жолындағы адамдарына арналған портреттері көп: «Шри Чайтаньяның дұғасы», «Лотостағы Радхарани құбылысы», «Гауранга Құдайдың биі», «Гопал Кришна», «Кришна Мурари» – киелі жануарлардың ортасындағы кішкентай Кришнаның бейнелері және т.б. Бұлардың бәрі индуизм аңыздары мен қасиетті жазуларының ар жағынан көрініп тұрғандай әсер береді.
«Мәңгілікті түсіну» – суретшінің өмірі мен шығармашылығының мақсат-міндеті. Мәңгіліктің көрінісін ағаштардан, гүлдерден, жемістерден, аспандағы бұлттардың ғажап құбылысынан, Жаратушының жүзінен көре білуі – оның ерекшелігі. Сұлулық адам бойынан сезілетіндей болу үшін, жүрек лүпілін қылқаламның әрбір сүйкелісіне қосуға тырысып, Құдай мен адам арасындағы елші болу керек, міне, сұлулықты осылай ғана түсінуге болады» дейді өнертанушы В.С. Бучинская.
Александр Хакимов «Сұлулық эволюциясы» кітабында оның дүниеге көзқарасын білдіретін сұлулық, өнер, мәңгіліктің басқа да категориялары жайлы көптеген өзіндік пікірлерін мысалға келтіреді: «Сұлулық жан түкпіріне енбейінше, ол үстіртін қала береді». «Сұлулық – Құдайдың басты игілігі деп есептеді ежелгі адамдар». «Сұлулықты ұғынған – өлімді жеңеді». «Сұлулық – жалғыз шынайылық, себебі табиғат оны бұл өмірдің шарттылығынан тыс жаратты».
А.Г. Хакимов «Шүбәсіз қоғамдық құрылым. Оның «Иллюзия және шынайылық» деп аталатын шығармасы 2018 жылы гуманистік бағыттағы әдебиет пен өнердің үздік туындыларын анықтайтын «Бейбітшілік үшін» халықаралық конкурсында «Өнердегі мейірімділік үшін» сыйлығын алды. Александр Хакимовтың «Сана эволюциясы» кітабы да 2019 жылы «Бейбітшілік үшін» халықаралық конкурсы сыйлығының лауреаты болды. Өнердегі мейірімділік үшін берілетін сыйлық 2011 жылы мәдениет пен өнер адамгершілік, әділет мен мейірімділік идеяларын жетілдіріп, дамытуға және оны таратуға қызмет ететін үйлесімді, салауатты қоғам құру мақсатында тағайындалды.

Көрме 2020 жылы 31 қантарға дейін өтеді.

Көрме кураторы - Баженова Наталия