facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

japan 12019 жылы 13 қыркүйектен 6 қазан аралығында дейін Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазіргі заманғы жапон өнерінің «Нәзіктік тепе-теңдігі» көрмесі өтеді. Көрмені Lexus Takumi корпоративтік бағдарламасы аясында Lexus автомобиль концернінің Қазақстандағы өкілдігі, Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігінің және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының қолдауымен ұйымдастырылады. Көрмеге тоғыз автордың әр түрлі техникада, XX және XXI ғасырдың әр түрлі кезеңінде жасаған 75 жұмыстары қойылады. Бұл жұмыстар жарты ғасыр бойы заманауи жапон графикасына құмар коллекционер Норман Толман коллекциясынан алынған жұмыстары болып табылады.

Жапон графикасының ежелгі japan 2тарихы бар. Мұнда әр жұмыстың дүниеге келуі - өзін-өзі танудың тәсілі, медитация. Әлемді поэтикалық қабылдауы - синтоизмнің негізі ретінде. Бейнелеп салу - шебердің көпжылдық рухани жолының нәтижесі, ол ең осал да нәзік материал болып табылатын- қағазда бейнеленген.

«Нәзіктік тепе-теңдігі» көрмесінде ұсынылған жапон графика өнерінің шеберлері темпераментімен, көркемдік техникасымен, тақырыптарымен, визуализациялау тәсілдерімен ерекшеленеді. Бір жағынан, олар жапон графикасының классикалық дәстүрлі технологиялары мен әдістерін, екінші жағынан олар өздерінің техникалық және көркемдік тұрғыдан ноу-хау қолданады. Бұрынғы және заманауи жұмыстар бір-бірімен үйлесімді және алуан түрлі. Жапон минимализмі модерннің сәнділігіне, сызық жеңілдігі форманың анықтығына көңіл бөліп, тығыз ашық түстерді қолданып, детальдармен жұмыс кезінде образдарды толықтай кескіндейді.

Көрменің ең аңызға айналған қатысушысы- суретші Токо Шинода. Бүгінде ол 106 жаста, ол өзінің шығармашылық шыңында. Оның үлкен, абстракті графикалық парақтары әрдайым лирикалық атпен аталады, яғни: «Ежелгі поэма», «Ежелгі ән», «Келетін жел», «Ашық көлеңке», «Жабайы от». Оның әр жұмысы терең дәстүрлі, рухани құбылыс болып табылады, қазіргі заманға сай, өте мәнерлі графикалық абстаркті графикалық орыншебер орындалады.

Такаши Хиромитсу укиё-э дәстүрлі басып шығару техникасында жұмыс істейді. Оның жұмыстарының сюжеттері жапон мифологиясымен, кабуки театрымен байланысты. Суретші заманауи бояулар мен баспалармен қатар, ортағасырлық жапон гравюраларына тән дәстүрлі экспрессия мен реттілікті қолданады.
Вако Шужи - бұл көрмеге аяқ астынан қосылған суретші. Ол өз жұмысында басып шығару, толтыру, коллаж жасаудың күрделі аралас техникасы мен нағыз алтын фольганы қолданады, сонымен қатар оның суреттеріне шынайы заттар (мысалы, пошта маркаларын немесе ойын карталары) қосады. Оның жұмыстарына әлемнің нәзік тепе-теңдік бейнесі өте өткір және терең түрде бейнеленге. Ол жарқын контрастілі жергілікті түстерді қағаз бетіне бояуды тығыз жағумен, ал кеңістікті заттар қимылымен көрсетеді.
Савада Тетсуро – көрмеде пейзаж жанрында жұмыс жасайтын жалғыз суретші. Оның суретке қолданылатын қағаздары күрделі аралас техникада жасалған және ерекше көрінеді. Минимализм кеңістікті тұтастай қамтитын қасиет (сапа) ретінде, ал көкжиек - оның барлық шығармаларының басты кейіпкері болып табылады.
«Нәзіктік тепе-теңдігі» көрмесі- қатысушылар құрамы мен кәсіби деңгейіменде ерекшелінеді. Бұл күрделі де, символикаға, жұмбаққа толы және қызықты жапон өнерінің әлемімен танусу үшін сирек мүмкіндік. Жапон өнерінде ежелгі заман құндылықтары ешқашын өз өзектілігін жоғалтпайды, ал қазіргі заман мәңгіліктің керемет сәті сияқты көрінеді. Жаңа мен ескі, дәстүрлі және заманауи, сыртқы және ішкі, формалды және эмоционалды арасындағы тепе- теңдік туралы суретшінің әлеммен шексіз сұхбатын қазақстандық өнер сүйер қауым тамашай алады, бәлкім детальдарға көз салып, өзін-өзі түсінуге көмегін тигізеді.

Lexus-тің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Кит Симмонс: «Нәзіктік тепе-теңдігі» - бұл тек отанымызда ғана емес, бүкіл әлемге танымал шеберлердің орындауындағы жапон графикасының көрмесі. Жасалған суреттердің табиғилығы, суреттердің көлемі мен масштабы дәстүрлі жапон гравюрасын жаңа орындау жолдары және техникаларымен орындалған нағыз графика шеберлерінің керемет жұмыстарын ұсынады!Сондықтан, жапон тілінде қолөнерші немесе өз ісінің шебері дегенді білдіреді. Lexus Takumi корпаративті бағдарламасы осы жобаның ұйымдастырушы болуына өте қуанышты және біздің ойымызша оңтүстік астаның ең маңызды мәдени шараларының біріне айналатына сенімдіміз! »- деп, көрме туралы өз ойын білдірді.

“The Tolman Collection” галереясының негізін салушы- Норман Толман Токиода елу жылдай өмір сүреді. Алғаш рет, Жапионияны АҚШ ӘӘК кезінде, ал сосын Йель Университеті (Yale University) мен Беркли Университеттерінде (UC Berkeley) оқу кезінде зерттеу жұмыстары аясында келген болатын. Оқуын аяқтағаннан кейін, Толман мырза дипломатиялық қызметке орналысып, содан кейін ол жапондық өнермен айналысты, елу жылға жуық ол өз отанында және шетелде жапон графикалық суретшілерінің өкілі болды.

Көрме бағдарламасына Жапон өнері, оның ішінде Ольга Батурина мен Евфрат Имамбек, белгілі қазақстандық өнер сыншылары, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары дайындаған жапон графикасы мектебіне туралы дәрістер кіреді.

Көрме кураторлары – Батурина Ольга, Акилбекова Анжелика