facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

mazhit 12019 жылдың 10 қырқүйек күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші Бәйтенов Мәжит Садықұлының 70 жылдығына орай «Ұлы дала сыры» атты мерейтойлық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Мәжит Байтенов суретші-график, кескіндемеші, өнертану доценті, С. Сейфуллин атындағы Каз АТУ профессоры, ҚР көркемсурет Академиясының академигі, ҚР СО мүшесі және халықаралық Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі. Ол 1949 жылы 21 маусымда Петропавл (Қызылжар) қаласында дүниеге келген, шығармашылық ғұмырының біраз жылын Қарағанды қаласында өткізіп, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.

Ол 1965-69 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Н.В. Гоголь mazhit 2(қазір О.Таңсықбаев ат. Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) атындағы көркемсурет училищесін бітірген. В. Леведев, А. Бортников және Б. Тәбиев сынды озат суретшілерден дәріс алған. 1976 жылдан КСРО СО мүшесі. Ол 1972 жылдан көптеген халықаралық, республикалық көрмелердің қатысушысы және 2005 жылы осы өнер ошағында «Балбалтас» атты жеке шығармашылық көрмесін өткізген болатын.
1960-жылдары қазақ бейнелеу өнеріне ерекше үдеріс алып келген С. Айтбаев, С. Романов, Б. Тәбиев және т.б. суретшілердің кемелді туындыларынан шабыт алған Мәжит Садықұлының шығармашылығы 70-ші жылдары басталды. Бұл кезеңдегі суретшінің туындылары кеңестік тақырыпта, кубизмнің нақышына сай көбінесе пішінге және түске назар аударғанын «Индустриялық пейзаж», «Кеншілердің топтасқан портреті» және «Қой қоралар» атты жұмыстарынан көреміз. «Қой қоралар» туындысында автордың түстік түзілімге көбірек басымдық берген. Жоталар бейнеленген пішіндер үлкейтіліп және оның бұрышсыз шеңберлігі нәзіктік сыйлап тұр. Қоралардың бір-біріне қатар орналасуы қауырт тіршіліктің көрінісі болса, алқара көк аспандағы бірнеше жұлдыз тыныштыққа алып келеді. Қысқаша айтқанда, сол кездегі қазақ тұрмысының бір көрінісі.
«ҰЛЫ ДАЛА СЫРЫ» атты көрмеге суретшінің 70-тен астам шығармашылық туындылары қойылған.

mazhit 3Туындылар қылқалам шеберінің тәуелсіздік жылдарынан кейінгі шығармашылығының бір бөлігі болып табылады. Тақырыпқа сай ұлы даланың кереметтері мен сұлулығын автордың көзқарасы арқылы суреттелген бұл жұмыстар арасынан өз жандүниеңізге жақын сәттерді сезінесіз. ХХ ғ. аяғы мен жаңа ғасыр басында Байтеновтің «Композиция», «Көшпенділер», «Балбалтас», «Үшеу» және т.б. ізденіске толы туындыларын көресіздер. Ал жаңа ғасырдың 1-ші және 2-ші онжылдығында еліміздің көрнекті жерлерін суреттеп және түрлі тақырыптарда жұмыс істеді. Көрмеден суретшінің «Табаған», «Алатау», «Дала мадоннасы», «Гейша», «Кесдесу» және т.б. туындыларын тамашалай аласыздар.

Меніңше, бұл суретші ескі мен жаңаның арасындағы көпір секілді. Ұлтық нақыштағы терең философиялық және шығармашылық ізденіске толы Мәжит Байтеновтың әлемі көрмеде орын тапты. Жарқын бояулар мен түркі әлемінің таңбалары суретшінің кенеп беттерінде көрініс табуда. Осындай бірегей суретшінің туындылары әлемдік сахнада ойып орын алса деп тілейміз.

Көрме кураторы - Ақжігіт Нүсіп