facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

kaza 12019 жылы 6 қыркүйекте сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Эдуард Казарян. Суретші шеберханасында» көрмесінің ашылуы болады.
Экспозицияда Э. Казарянның 2000-жылдардан бастап жасаған жұмыстары қойылады. Олардың ішінде «Мадонна» (2008), «Шұлық киген мадонна» (2017-2018) топтамалары, қола мен болаттан құйылған конструктивистік мүсіндері (1990 жылдан қазіргі кезге дейінгі), монументалдық қыш паннолар топтамасы, бірқатар мобильдік және кинетикалық мүсіндер, болаттан құйылған экстерьерлік мүсіндер бар.

 

Көрме көрерменге жасампаз шығармашылық процестің атмосферасына сүңгуіне, өнер туындысының дүниеге келуіне куәгер болуына мүмкіндік береді. Оның үстіне әңгіме өзінің жеке шығармашылық келбеті мен танымал авторлық стилі бар белгілі бірегей шебер, мүсінші жайында болса. 2000-жылдары жасалған түрлі топтамалар бір кеңістікте бас қосуда. Металл мен қыштан құйылған өнер объектілерімен қатар сәулеттік дизайн шешімдерінің фотосуреттері мен кинетикалық мүсіндер видеосы қойылады, көлемді заттар шағын формадағы заттармен қатар тұрады, антроморфтық образдар анималистік әуезбен астасады.
Эдуард Казарянның құштарлығы еркін де алуан түрлі. Мұны металл, қыш, гобелен өрмелері сияқты материалдың молдығы да дәлелдеп тұр. Туынды форматының шағын интерьерліктен ауқымды кеңістіктікке дейінгі варианттылығы да осының айғағы. Ол өзінің ерекше «казаряндық» стилінде жасай отырып, бедерді немесе жұмыр мүсінді құйып шығады. Анималистік әуездегі үлкен үлгідегі маңғаз да сымбатты едендік қыш кашпо-мүсіндерді немесе ашық шектеулі гүлдері бар және ерекше көңіл аударатын сұлбалы әдемі сәнді панноларды осы арадан табасыз.
Қолына қандай аспап ұстаса да, автор өзіне өзі сенімді – махаббат үстемдік құрған жерде ол өзінің бір жеке әлемін құрады. Оның әлемін мызғымайтын одақ құрған еркек пен әйел мекендейді. Олармен өзара әрекет етіп, үлкендерге үлкен сеніммен қарап, олардың балалары бірге тұрады; ата-аналарының жалғасы болып, балалар олардың жүрегінде өмір сүреді. Олардың бәрі үй кеңістігінде, кеме кеңістігінде тұрады – олардың байланысы бірі бірімен және қоршаған әлеммен арақатынасының үйлесіміне негізделген. Ол өз кезегінде түрге де бай – әдеттегі құстар, балықтар мен өсімдіктер экзотикалық жирафтармен және мүйізтұмсықтармен бірігеді.
Суретшінің шеберханасы – құпияның туатын орны, эскизден бастап көрме залында орналасқанына дейін идеялардың жүзеге асатын орны. Шеберхана кеңістігі суретшінің әлемін, оның басындағы мәңгілікті жасауға талпыныс жасап жатқан кездегі шығармашылық процестерді кейіптейді. Автор үшін шеберхана – үміт пен бақытқа толы азапты да әдемі жолға құрылған уақыт-кеңістік болып қалады.
Эдуард Казарян 1964 жылы Алматыда дүниеге келді. 1990 жылы Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институтын тәмамдады. 2000 жылы Қазақстандағы заманауи өнердің дамуына қосқан үлесі үшін «Жаңа есім − Үміт» аталымы бойынша Ұлттық «Тарлан» сыйлығын алды. 2011 жылы армян мәдениетіне қосқан үлесі үшін Армения Мәдениет министрлігінің Алтын медалімен марапатталды. 2012 жылы «Халық сүйспеншілігі және шығармашылық жетістіктер» аталымында «Алтын адам – Жыл адамы» Ұлттық сыйлығының лауреаты атанды. 1992 жылдан бері жалпы саны қырықтан астам жеке көрмесін өткізіп, 130-дан аса ұжымдық көрмелерге қатысты. Жұмыстары Қазақстанның және шет елдердің жеке және мемлекеттік коллекцияларында сақтаулы.
Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Алматыда тұрып, еңбек етеді.

Екатерина Резникова – көрме жетекшісі