facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

khalida 12019 жылдың 4 қыркүйек күні, сағат 15.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Шимова Халиданың жеке көрмесінің баспасөз-туры, сағат 16.00-де ашылуы өтеді.
Шимова Халида Фатиховна Қытайда туған, бірақ бала күнінен Қырғызстанда тұрады, қазіргі Санкт-Петербург (Ресей) қаласындағы Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында суретші-сәулетші мамандығын алып шығады. 1985-1992 жылдардан Жобалау институтында (Бішкек, Қырғызстан) жетекші сәулетші болып жұмыс істейді. Кейінгі жылдары кескіндемемен айналысу автордың негізгі қызметіне айналды.
Қытайда туып, бала кезінен Қырғызстанда тұратын әрі сәулетші білімі бар суретші Халида Шимова, өзінің көп қырлы шығармашылығында өнердегі формалар мен жанрлардың бейнелеу ерекшеліктерінің өзара қосындысын бейнеледі және бұл оның туындыларының даралығы мен өзіндік ерекшелігін көрсетеді.

Үнемі ізденісте жүріп, Халида Шимова өзін әр түрлі стильдерде, бағыттар мен техникаларда сынап көрді. Оның шығармашылық мәнері тек көркемдік тілінде ғана емес, сондай-ақ суретшінің таңдаған тақырыптары, сюжеті, композициясы оны қырғыздың кескіндеме мектебінен ерекшелейді, онда шығарманың нақты мазмұны мен халық өмірі, туған табиғатының бейнелерін «этюдтан картинаға дейін» интерпретациялау әдісі басым болды.

Өз туындыларында Халида адамның қайталанбас жеке ерекшелігін және оның қоршаған ортасын жеткізуге тырысады. Сондықтан, қоршаған ортаның кішігірім бөлшектеріне немесе өткінші сәттерге деген ерекше назар аудару оның кескіндемелік туындыларының үлкен эмоциялық мәнерлілігін береді. Сәулетшілік білімі майлы бояу кескіндеме кеңістігін құруда із қалдырады. Көтеріңкі көкжиек сызығы немесе оның мүлдем болмауы сюжеттік желіні толығырақ аша отырып, панорамалылықты, кенептің хабарлылығын тудырады.
Пейзаж жанрымен шектеліп қалмай, Халида Шимованың шығармашылығы тұрмыстық сияқты жанрлық суретте де ашылады. Бай қиял әлемін Халида өз кенептеріне аударады. Ол бірде ертегідегідей шындыққа жатпайтын әлемді бейнелейді, кейде дүнген тақырыбымен, музыка әлемімен, балетпен шабыттанады, ұсақ тұрмыстық көріністерді жазады.

Сюжеттік желісі мүлдем басқа жолмен құрылады және Шимованың жібек кескіндемесіндегі орындау мәнері көрінеді. Тушьпен салынған жұмыстарда гохуа ежелгі қытай кескіндемесінің дәстүрлері сезіледі, оған көп нүктелі және шашыраңқы көрініс, мәнерлі әрі ырғақты пішінді жергілікті түстердің дақтарынан тұратын ықшамды және айқын композиция, сондай-ақ жарық пен көлеңке мүсіндеуінсіз, жазық, көмескі кескіндеме тән.
Жаңа ізденістер мен сынақтар Халиданы жаңа бейнелеу мәнеріне алып келді. Соңғы бірнеше жыл ішінде, ол жібек пен кенепке тән техниканы жинақтайды, онда ол қылқаламмен мөлдір түрде жазады және акрилді мастихинмен тегістелген жібекке тығыздап салады.

Халиданың көркем әлемі – бұл билеп жатқанда ауада қатып қалған әсем шығыс бишілері, балалардың ізгі ойындары, ұлттық костюмдегі дүнген қалыңдықтары, сәнді, қанық түсті анар мен асқабақ натюрморттары әрбір заттың кең құрылымы мен әдемілігін ерекшелеуге мүмкіндік береді. Әр затты жан-тәніңмен көру, оның әсем тереңдігі мен шынайылығын бере білу – нағыз жауһар тудыру үдерісінің басты міндеті. Қытайлықтардың ұлы мақалында айтылғандай: «Бамбуктың қалай өсетінін сезу керек».

Халида Шимованың жеке көрмесінде соңғы бес жыл ішінде майлы бояу мен жібекке бояу (тушь, акварель, акрил) техникасында орындаған 30 аса ең үздік туындылары ұсынылған.

Шимова Халида Фатиховна 1990 жылдан – Сәулетшілер одағының мүшесі. Түркі тілдес халықтардың рухын бейнелейтін туындыларды ұсынғаны үшін Түрксой халықаралық ұйымының алғашқы сыйлығының лауреаты (2001). 2005 жылдан – Қырғыз Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Әр түрлі елдердегі (Түркия, Қытай, Австрия, АҚШ, Италия, Жапония, Германия, Ресей және басқалары) көптеген халықаралық көрмелердің қатысушысы.

Көрме кураторы – Мария Сальникова