facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

spring exercises 1Ә. Қастеев атындағы өнер музейі сағат 16.00-да 2017 жылы мамырдың 18-і, жыл сайынғы музей қызметкерлерінің қатысуымен өтетін «Көктем нұры» атты көрмесін ұсынады. Бұл көрме 18 мамыр бүкіл дүние жүзі музейлер күніне арналады. Көрмеге кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер туындылары қойылады.

Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі Қазақстан Республикасындағы үлкен мәдени орталық үй. Бұл жерде 150-ге жуық қызметкерлер әр-түрлі салада жұмыс жасайды. Олардың басты міндеттері бейнелеу өнері бойынша ғылыми зерттеу жумыстарын жүргізу, өнер туындыларын сақтау және оны көрерменге ұсыну.

Әр қызметші әр-түрлі маман иегері. Оның ішінде өнертанушы, тарихшы, дизайн және экспозиция spring exercises 2безендірушісі, сонымен қатар суретшілерде бар.

Осы қызметкерлердің қарқынды еңбегі арқасында бірнеше каталогтар да жарық көрді. Олар: 2005 жылы халық суретшісі «Ә. Қастеевтің 100 жылдығына арналған кескіндеме және графика жиынтығы», 2010 жылы «Қазақстан бейнелеу өнері. Мүсін». 2008 жылы «Қазақстан зергерлік өнері ХIХ-ХХ ғасырлар». 2008 жылы «Кеңес кезеңіндегі түпнұсқа графика» және «Қазақ халық эпосы. Қазақ халқы тарихы мен дәстүрі» 2013 жылы жарық көрді. Сонымен қатар 2007-2011 жылдар аралығында қазақ халқын, оның тұрмыс-тіршілігін бейнелеуге көп үлесін қосқан Школьный А., Исмайлова Г., Ходжиков Қ., Ажиев Ү. және Мамбеев С. сияқты суретшілердің де жиынтықтары жарық көрді. Ал осы жылы музей қорынан алынған Сергей Калмыковтың кескіндеме және графика жинағы шығып отыр.

Бұл көрмеге Қазақстандағы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетін, О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік қолданбалы өнер колледжін, Рессейдегі И.Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтын және тағы да басқа дәрежелі жоғарғы оқуларын тамамдаған суретшілер қатысады. Жемісті еңбектерінің арқасында әр суретші өзінің кезекті дәрежесіне де ие.

Музей қабырғасында қаншама жыл қызмет еткен шеберлер қор жинағындағы қазақ, орыс, шетел шығармашылық туындыларын күнделікті көріп, өнерді барынша көкейіне сіңірген. Соның арқасында дүниеге келген туындылардан торчествалық қызығушылықты және әр суретші өз еңбегін терең игергенін байқауга болады.