facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

night museum 12017 жылы 18 мамыр күні сағат 16.00-ден 24.00-ге дейін ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Музейдегі түн» атты акция өтеді. «Музейдегі түн» - бұл Халықаралық Музей Күніне арналған бірегей көркемдік-мәдени іс-шара болып табылады.

Іс-шараның тақырыбы: "Музейдегі шарлама елестер». Арнайы шақырылған қонақтарымыз: Сергей Соловьев және "Па Кампасам" тобы.

«Музейдегі түн» бағдарламасы

16.00 - дәстүрлі жыл сайынғы музей қызметкерлерінің "Көктемгі экзерсисы"атты night museum 2көрмесінің ашылуы

16.30 – халықаралық қырғыз суретшілерінің көрмесі. Интерактивті инсталляция және тақырыптық фото-аймақтары. Шайдан дәм тату және қолөнер жәрмеңкесі. food-аймақ пен экспозициялар еркін жұмыс істейді.

17.00 – 19.00 – тақырыптық шеберлік-сабақтары, музейдің фойесі мен конференц-залында, құммен кескіндеме (2000 теңге), аспаздық шебер-сабағы, түрлі-түсті мастикамен мерекелік пишенелерді әрлеу (2000 теңге) және сонымен қатар керамикалық шеберханасы ашық болады (1000 – 1500 тенге).

19.00 – 21.00 – open-air алматылық рок-тобы «Па Кампасам», сәнді дефиле және музей ауласында дискотека.

night museum 321.00 – 23.00 – "Музейдегі шарлама елестер» перформанстары және музей экспозициясында би-музыкалық этюдтер.

23.00 - ұмытылмас кештің хедлайнері Lumiere атынан fire-show.

Әрі қарай қонақтар 24.00 дейін музейді еркін арлауға болады.
Кеш бойы музейге кіру, экспозицияларды аралау тегін.