facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

nauryz 7

Бәріңізді 2016 ж. 22-27 наурызда «Мұражайдағы Наурыз» фестиваліне шақырамыз!

Мерекелі аптаның әр күнінің толық бағдарламасында интерактивтік, танымдық және ойын-сауықтық шаралар жеткілікті.

Аптаның әрбір күні ұлттық киім киіп келген әрбір адам мұражайдан бонус алады, яғни – тегін кіреді.
Одан басқа мұражайда сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін Сіздерді «Шай әлемі» күтеді. Онда дизайнерлік шайнектердің қайырымдылық көрме-сатылымын көруге болады, қыш шайнектерге өрнек салудан өтетін шеберлік сабағына қатысып, шайдан дәм тата аласыз.

Күн сайын мұражайдың мәжіліс залында халықтық-қолданбалы өнер мен киім тарихы жөнінде дәріс оқылады, ал залдарда бірқатар тақырыптық және интерактивтік көрмелер өтеді.

Бұлардан басқа Сіздерді күтетін әр күннің жеке бағарламасы бар:

23 наурыз «Киіз басу күні». Сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін – мұражайдың барлық қонағы ұжымдық киіз 

nauryz 2басуға қатысады. Біздің халық шеберлеріміздің әрқайсысы фрагмент бойынша кейіннен мұражай экспозициясын әрлейтін дәстүрлі текемет басады.

24 наурыз «Дала саздары күні». Сағат 16.00-де – Раушан Базарбаеваның жеке көрмесінің ашылуы. Көрмеде түрлі сәндік-қолданбалы өнер техникасында орындалған авторлық туындылары – гобелен, киіз панно, батик, ши көрсетіледі.

25 наурыз «Кинематография күні». Сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін – мұражайдың мәжіліс залында кинематография жауһарлары – авторлық видео-арт, өнер жайлы қысқа метражды фильмдер, тіпті арт-хаус стиліндегі кинолардың шеруі өтеді.

nauryz 326 наурыз «Квест күні». Сағат 17.00 – естен кетпес квест болады. Ойынды бәрі де – бала да, ересек те жақсы көреді. Онда неге мұражайға келуімізді нағыз ойынға айналдырып жібермеске?!Квестің әрбір қатысушын ұнамды тосынсыйлар мен мұражайдың сыйлықтары күтуде.Оған қатысу үшін міндетті түрде алдын-ала тіркелу қажет. Қатысу құны 1500 теңге. Билетті мұражайдың экскурсия орталығынан сатып алуға болады.

Сағат 19.00-де мұражайға келушілер үшін түрлі шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы мен «Аққу»nauryz 4 by Lumiere» бірегей сәулелі сауық-думанының премьерасы күтеді.

Шараның серіктестері: Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Алматы волонтерлар қауымдастығы, «Kazakhstan Fashion Week», «Чайкофский» ЖШС, «Lumiere», «Fokus» шығармашылық ұжымдары және т.б.