facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

muz-ver march 1

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы 2016 жылы 3 наурызда «Музыкалық вернисажға» шақырады!

Қазақстан бейнелеу өнері залында өтетін концерт ежелгі Наурыз мерекесіне арналады. Белгілі күйші, республикалық конкурстардың лауреаты, өнертанушы, Құрманғазы атындағы консерваторияның доценті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Абдулхамит Райымбергенов Юрий Аравинмен сұхбатында домбыра өнері жайында баяндап, халық күйлерін, сонымен қатар ұлы күйші Қазанғаптың және өзінің күйлерін орындайды.

Абдулхамит Райымбергенов үздік орындаушы-домбырашылардың muz-ver march 2қатарындағы белсенді концерт беріп жүрген өнер иесі. Ол жас орындаушылар Республикалық «Жігер» конкурсының (1985), халық аспаптарында орындаушылардың Құрманғазы атындағы бірінші республикалық конкурсының (1987), 1997-1998 жж. «Аманат» хабарлар топтамасы үшін ТВ-журналистика саласында республикалық «Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты. Ол көп елдерді аралады: Европа елдері – Швейцария, Германия, Австрия, Италия, Франция, Бельгия, Кипр, Испанияда; Азия елдері – Жапония, Қытай, Үндістан, Цейлон, Марокко, Түркия, Тайваньда; Америкада – АҚШ-та, Нью-Йорк штатында т.б. болды. 1997 жылы Францияда авторлық СD-дискісі, 2001 жылы DVD-дискіде деркті фильмі жарық көрді. 

Концертке қобызшы Ақмарал Наурызова мен сарыарқа дәстүріндегі әнші Ғазым Қабденов қатысады.

Кешті жүргізушілер – музыка зерттеуші Юрий Аравин және мұражайдың қоғаммен байланыс және сыртпен байланыс жөніндегі маманы Клара Исабаева

Анықтама телефондары – 394-57-18, 8-705-888-6562.

Билеттің құны – 2500 тенге.

2016 ж. 3 наурыз сағ. 19.00.