facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

Баспасөз конференциясы: 15.00. Көрме: 16.00

sac de  voyage 12016 ж. 11 ақпанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында «Саквояж» көрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Петербургтік суретшілер Петр Фролов пен Наталья Тур жеке көрме шеңберінде Алматы қаласында өз жұмыстарын бірінші рет ұсынып отыр.
Осыдан жиырма жыл бұрын Санкт-Петербургте оқуларын аяқтаған соң, Фролов пен Тур әлемге шығармашылық саяхат жасауға аттанды. Осы жылдар арасында Франция, Жапония, Голландия, Португалия, АҚШ, Италия, Англия, Гонконг, Кубада... болды. Фролов пен Тур өмір бойы бірге келе жатыр, оларды біріктіріп тұрған – «орын ауыстыруға әуестік» және өмірді мерекедегідей қабылдау. Қазір олардың жол портфолиосында 250-дей жұмыс бар. Пётр мен Наталья қатар жүріп жұмыс істеді, олардың картиналары бір-біріне мүлдем ұқсамайды, әрқайсысының өз техникасы, өз стилі,өз тақырыбы мен өз сюжеті бар.

Петр Фроловтың таңғажайып туындыларында детальдар, түстік қарама-қарсылық өте көп және sac de  voyage 2барокко элементтері мол. Композицияларының көп сатылылығына қарамастан, суретшінің жұмыстары табиғи әрі үйлесімді. Кескіндеменің нақты құрылымы көрерменді де шығармашылық процеске тарта отырып, автордың ойымен ілесіп отыруға жетелейді. Авторлық детальдың әрқайсысының артында образдың семантикалылығы тұрғандай, бір қарағанда образдардың кенеттен па йда болуы мен әрекеттегі бейберекеттілік расында жалған болып шығады. Наталья Турдың нақышты жұмыстары суретшінің өмірге ғашықтығын білдіреді. Сурет пен композицияның құрылымынан мықты академиялық мектепті көреміз. Шебер жасалған көркемдік тіл арқылы Наталья дүниенің сұлулығы мен ондағы адамның үйлесіммен қатысуын бере білген. 

2014 жылы суретшілер өздерінің көп жылғы шығармашылық саяхаттарын қорытындылауды ұйғарды. Олар алдымен екеуі бірге көпшілігі түрлі елдердің жеке коллекцияларында сақтаулы тұрған жұмыстарынан барынша мол ғып жинап алды. Ресей мен жақын шет елдерге үлкен көшпелі көрме ұйымдастырып аралау идеясы туындады. Негізгі аялдайтын жерлері: Санкт-Петербург, Салехард, Пермь, Новосибирск, Тюмень, Казань, Ростов-на-Дону, Алматы. Әрине, көшпелі көрмеге жол ашқан – Санкт-Петербург қаласы.
Вернисажда бірнеше премьералық оқиғалар болады. Петр Фролов «Азбука» жобасын көрсетеді. Суретші үш жыл ішінде әрқайсысы орыс әліпбиінің жеке әріптеріне арналған 29 парақ дайындады. Ендігі қалғаны 4 әріп, содан кейін Петр Фроловтың иллюстрациялы әліппесі баспаға жөнелтіледі. Жобаның бірегейлігі сонда, Александр Бенуаның атақты кеңейтілген «Азбукасы» шыққаннан кейін он жыл бойы мұндай жобаға ешкім ат басын бұрған емес.

sac de  voyage 3Көрменің екінші премьерасы – Наталья Турдың басты жұмыстары енген көркемсурет альбомының таныстырылымы. Альбомға алғысөзді жазған белгілі жазушы әрі өнертанушы, Д.Н. Мамин-Сибиряк атындағы және П.П. Бажов атындағы сыйлықтардың, «Ясная Поляна» сыйлығының лауреаты Алексей Иванов. Оның коллекциясында Наталья Турдың да туындылары бар.

Көрме джаз-бэндтің сүйемелдеуімен ашылады. Бағдарламада жеуге жарамды алып натюрморттар («Деревнялық натюрморт», «Жол натюрморты», «Суретшінің аңсаған натюрморты») мен Фроловтың фирмалық тұндырмалары, сонымен бірге БАҚ өкілдеріне арналған сыйлықтары бар. Көрме 2016 ж. 13 наурызына дейін өтеді.