facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

kaz ornament 12016 ж. 9 ақпанда сағат 16.00-да Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Е. Қожабаевтың «Қазақ оюлары – тәңіршілдік мәдениетінің пиктограмалары және олардың модульдерін заманауи дизайн бойынша үйлестіру тәсілдері» кітабының таныстырылымы өтеді.

Ерлан Қожабаев – кәсіби суретші әрі дизайнер. Оның қазақ ою-өнектерінің ерекшелігін зерттеуге баруын дәл осы екі позицияны байланыстырған ұлттық оюлардың құрылымын, пластикалық және тарихи-семантикалық негізін парасатты зерттеуінің нәтижесі деп білеміз. Е. Қожабаев сонымен қатар құрылымның тарихи және көркемдік концепциясымен айналысып қана қоймай, ою-өрнек жүйесін жетілдірудің нағыз тектік (рулық) принципін ашып, анықталған позициялардан басқа жаңа элементтердің пайда болу мүмкіндігін қарастырады. Семантикалық негіздерді, пластикалық-образдық символиканы қиыстыру мүмкіндігін біріктіріп, автор өрнектік композициялардың қалай пайда болып, олардың дәстүрде қалай қағидаға айналатынын және олардың құрылымдарының жаңа өрнектік желіде даму мүмкіндігі барын қарастырады.

 

Мұндай көзқарасты бірінші рет кездестіріп отырмыз. Е. Қожабаев маңызды тарихи және kaz ornament 2көркемдік-практикалық материалды зерттеген. Ою-өрнектік құрылымның суретін салған кезде олардың құрылысының қисыны мен мәнін білді, ал онысы жиналған тәжірибе негізінде қазақ ою өнері дәстүрлерінің одан әрі дамуы бойынша жаңа нұсқаулар беруге мүмкіндік туғызды.

Талғаммен іріктелген суретті материалдар негізінде шығарылған кітап мәдениеттанушылық және эстетикалық көркемдік мәнге ие болып қана қоймай, сонымен қатар бүгінгі таңда суретшілердің, дизайнерлердің, тіпті сәулетшілер мен мәдениеттанушылардың қиялы мен практикалық тәжірибесін жетілдірудің құралы болып отыр. Практикалық материалдың трактовкасындағы инновациялық тәсілдің арқасында кітап заманауи шығармашылық процестер контексінде ерекше маңызға ие болады.


Ли К.В.,
«Ғылыми сараптама» орталығының жетекшісі