facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

kenbayev 12015 жылы 7 тамыз күні сағат 16.00-де суретші Молдахмет Кенбаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған (1925-1993) жеке ретроспективті көрменің ашылу рәсімі болады.

Молдахмет Кенбаев – өткен ғасырдың елуінші жылдары ер жетіп, шыныққан суретшілер қатарына жататын көрнекті қазақ кескіндемешісі. Оның туындылары қазақ бейнелеу өнерінің қорынан берік орын алып, Мемлекеттік Третьяков галереясында, Мәскеудегі Шығыс халықтары өнері мұражайында және Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында болған көрмелерге қойылды.

Ол 1925 жылы 25 шілдеде Қостанай облысында дүниеге келді. Оның кескіндемешілік таланты kenbayev 2мектепте оқып жүрген кезінде-ақ көріне бастады – Молдахметтің балалық суреттері түрлі көрмелерде қойылып, газет беттерінде мақтауларға ілігіп жатты. 1948 жылы Кенбаев Алматы театр-көркемсурет училищесін, 1956 жылы Мәскеудегі В.И. Суриков атындағы көркемсурет институтынын бітірді. Алғашқы студенттік жылдарында жазған «Сүйінші», «Жангелдиннің отряды», «Шопан әні» атты жұмыстарында-ақ жас суретші туған даласының ұлылығы мен кең сахарасын көрсетуге ұмтылды. Қазақ үшін дала – оның қуанышы мен мұңы, арманы мен бақыты, өмірі мен тіршілік көзі. Қазақ даласы Кенбаевтың туындыларында жаратылысы өзгеше нағыз өз жыршысын тапты.

Кенбаевтың басты қаһарманы – Қазақстан жері: оның табиғаты мен адамдары. Ол тұрмыстық көріністер бейнесін ұлттық болмысқа айналдырып, күнделікті тіршіліктің сұлулығын паш етті. Суретшінің «Асауға құрық салу» (1957) картинасы зор табысқа ие болып, оны Третьяков галереясы сатып алды. Бұл картина – асауды бағындыру динамикасының толық көрінісі, жігіттердің шексіз батылдығы мен ерлігін дәріптейтін мадақ жыры. Кенеп бетінде ер жүрек жас жігіттердің бар екпінімен шауып келе жатқан ақ боз аттың мойнына арқан лақтырған сәті бейнеленген. Сары дала, жарық пен тау жоталарының тізбектелген көлеңкесі, ақ боз аттың шабысы мен қос салт аттының қимылы көрерменнің көңілі мен қиялын кесе-қия өзіне аударып алады.

Суретші портреттер мен пейзаждық-тұрмыстық картиналарды да көп жазды. Оның полотноларында Құрманғазы мен Әуезов, Шевченко мен Әл-Фараби, сонымен қатар қазақ даласының қарапайым еңбеккерлері – шопандар мен ауыл адамдары бейнеленді. 1960-жылдары қазақ эпостары мен ұлттық ойын кейіпкерлері бейнеленген витраждар, мозаика мен фрескалар жасап, монументалды өнермен әуестенді. Ол ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызметпен айналысып, Алматы көркемсурет училищесінде, архитектуралық және театр-көркемсурет институттарында студенттерге кескіндемеден сабақ берді.

Клара Исабаева - қоғаммен байланыс жасау және сыртқы байланыс жөніндегі маман kenbayev 3