facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

legend of East 5Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында «Ежелгі Шығыстың аңыздары мен мифтері» көрмесі ашылды. Мұражай коллекциясындағы Қытай, Жапония, Үндістан туындылары Аспан асты, Күншығыс елдері мен Үндістан субконтинентінің ежелгі аңыздарымен және мифтерімен таныстырады. 

2015 жылы 28 шілдеде сағат 16.00-де осы көрме жайында журналистер үшін арнайы баспасөз туры өтеді. Көрменің жетекшісі – Мария Копелиович Будда, Лао-Цзы, Конфуцийдің мүсіндік бейнелерімен, бірінші әлемдік діннің, даосизмнің және философиялық конфуций ілімінің пайда болу тарихымен таныстырады.

Өзінің туған күнін мың жылда бір рет тойлайтын Батыстың асқан сұлу Жебеуші legend of East 6әйелі Сиван Му туралы аңызды естіп білуге болады. Үлкен вазадағы өрнекжазу Жебеуші әйел Сиван Мудың атақты қонақтары туралы да еске салады. «Жасыл тұқымдастардың» қос вазасындағы өрнекжазудың сюжеті сұлу қыз бейнесінде Жер бетінде тұратын аспан тұрғындары апалы-сіңлілі Ақ және Жасыл жыландар туралы аңызды да еске түсіреді. 

legend of East 7Белгісіз шебер жасаған каолинде өзінің бала кезіндегі досын құтқарған әйгілі философ туралы қайта жаңғырған аңыз ерекше шешім тапқан композициясымен және көркемдік образымен өзіне баурап алады.

16 ғасырдағы Белгісіз шебердің жібектің бетіне өсімдік бояуларымен салып жасаған орамасында Мин әулеті императорларының сарайындағы Аспан асты елінің әйгілі сұлуларымен танысуға болады. Жаңа жылды қарсы алу, айдаһармен би туралы, Магу пері туралы, қиялдан туған жануарлар – айдаһарлар туралы, Дин хош иіс таратқышы және басқа да көптеген мифтер мен аңыздар туралы баспасөз турында толығырақ білуге болады.