facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

aravina 1Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы 2015 ж. 6 тамызда (бейсенбі) сағат 19.00-де болатын өзінің 5-ші «Музыкалық вернисажына» шақырады.

«Француз джазының кешін» Қазақстан, Өзбекстан, Грузия, Ресей, Италиядағы джаз фестивальдарының қатысушысы, Алматыдағы Биг-Бендтің – Apples және Jazz House топтарының жеке орындаушысы – Ирэна Аравина таныстырады.
Ол М. Легран, Ж. Понти, Ив. Монтан, Э. Пиаф, Ф. Граппелли және т.б. репертуарындағы шығармалар мен әндерді орындайды.

Ирэна Аравина Чайковский атындағы aravina 3музыкалық училищені (Алматы), И. Гонопольскийдің құжаттану режиссурасының шеберлік курсын, Беркли музыкалық колледжінің (Бостон) Джаз-вокал бағдарламасын, Гнесиндер атындағы институтта (Мәскеу) И. Тамаеваның джаздық импровизация шеберлік курсын тәмамдады.

Бірқатар радио және телехабарлардың авторы әрі жүргізушісі: «Лира веков» - Хабар, «Джаздың 31 минуты» - 31 арна, «Jazz time» - Радио Классика, «Акустика – Жанды дауыс» - СТВ, «Түн ортасындағы джаз» - «Бiлiм және Мәдениет».

Алматыдағы «АРТиШОК» театрында бірнеше музыкалық театр қойылымдарын қойды: «Концерт № 1», «Мұртты періште», «ДрГрТр», «11.11.11 – Концерт №2», «Танго-спектакль», «Эдиттің махаббаты», «Джаздың тууы»; ал Новосибирскідегі «Ескі үй» облыстық драма театрында «Қуанышты іздеу жолында», «80 жас – бастамасы» спектакльдерін қойды.

aravina 2Алматыдағы «JazzZon» атты Халықаралық джаз-фестивалының ұйымдастырушысы әрі үйлестірушісі.
«JazzZon» квартеті 2010 жылы Алматы қаласында 2004 жылы пианист әрі композитор Гочей Сирадзе ұйымдастырған «Night Jazz» және «Jazz-session» ұжымдарының қосылуы нәтижесінде құрылды. Квартет 2010 жылы – «Джаз мерекесінде», 2011 жылы – Батуми қаласында «Қара теңіз джазында», 2012 жылы –Алматыда «Жазстан» фестивальдарында концерт берді.

Кешті жүргізуші – белгілі музыкатанушы Юрий Петрович Аравин.

Билеттің құны – 2500 теңге. Билеттер 11.00-ден 18.30-ға дейін мұражай кассасында сатылады.

Анықтама телефондары – 394-57-18, 8-705-888-6562

6 тамыз (бейсенбі) 2015 жыл. сағат 19.00

Жоба жетекшісі – Клара Исабаева