facebook-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • Открытые данные

    open data logo

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

varygin 12015 ж. 11 шілдеде сағат 14.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында Сергей Варыгиннің фотомектебі түлектерінің жыл сайын өтетін 5-ші көрмесінің ашылуы болады.

Көрмеде әуесқой фотографтар мен кәсіби фотографтардың, фотомектеп түлектерінің жұмыстары қойылады.
Сергей Варыгиннің фотомектебінің бірінші көрмесі 2012 жылы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында «КӨРІНІСТЕР» деген атпен өткен болатын. Биылғы жылы көрермендерге он алты қатысушының жұмысы ұсынылуда. Экспозицияда фуд-бағыт, макротүсірілім, студия жұмыстары, отбасылық фотосурет, спорт, пейзаж бен тірі табиғатты қоса алғанда әр түрлі тақырыпқа арналған 300 фотосуретпен танысасыз. Көрме көрермендері фотография өнерінің әр түріне бағаларын бере алатын болады.

Сергей Варыгин әлемге әйгілі фотосуретші Юрий Варыгин мен жоғары категориядағы оқытушы Ирина 

varygin 2Варыгинаның ұлы. Бала кезінен бастап әкесі ұлына фотоөнердің қыр-сырын үйретсе, анасы сабақ берудің жақсы жолдарын үйретті.

Әкесінің кәсіби қызметі өмір бойы фотографиямен байланысты болғандықтан, ұлы әкесінің басшылығымен өзінің фотографиядағы карьерасын бастап кетті. Сергей фотографияның лабораториядағы қолдан ақты-қаралы және түсті сурет шығару, студиялық түсірілім, репортаждық түсірілім, жарнама бағытындағы түсірілім, қала пейзажы, суреттерді компьютерлік өңдеуден өткізетін қойылымдық портрет сияқты толып жатқан қыр-сырын меңгеріп алды.

varygin 3Фотография саласында отыз жылдық тәжірибе негізінде 2010 жылдан бастап фотомектеп қолдарына жаңа алған фотоқұмарларды оқытып-үйретумен айналысады. Сабақтар мен теориялар мен эксперименттердің, жаттығулар мен үй тапсырмаларының үйлесімді тәсілінің нәтижелерін талқылай отырып, фотографияның барлық әдіс-тәсілін сынап көруге әрі соны пысықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні Сергей Варыгин жетілдірген сабақ берудің тиімді тәсілінің көмегімен көптеген фотоқұмарлар фотография саласында өздерінің шеберліктерін жетілдірді.