facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

national games two ЮНЕСКО-ның 70 жылдық мерейтойын мерекелеуге байланысты өтетін іс-шаралар аясында 2015 жылы 5 наурыз Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-де «Ұлттық ойындар – халық мұрасы» көрмесінің ашылуы болады. Көрме ЮНЕСКО-ның қолдауымен өтеді. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіндегі қызықты да айқын құбылысқа арналған көрме Қазақстанның кескіндеме, графика және мүсін жұмыстарымен таныстырады. Бұлардың ішінде Қ. Телжанов, Е. Сидоркин, Н. Гаев, А. Гурьев, С. Айтбаев, Ә. Сыдыханов, Т. Тоғысбаев, Е. Төлепбаев, О. Нұржұмаев, К. Мамақов және басқалардың туындылары қойылды.

Ұлттық сипат ерекшеліктерін, рухының күшін, халықтың тапқыштығын көрсететін қазақ ойындарының зияткерлік және басқа спорттық түрлерінің тәлім-тәрбиелік және танымдық мәні бар.


Суырып салма ақындар арасындағы айтыс өнері де ерте заманнан-ақ ел арасында өріс алды. Ақындар халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, зор беделге ие болды. national games three

Олардың қатысуынсыз бірде-бір ойын-сауық өтпеді. Дәстүрі әдет-ғұрыптардың координаторы болған олар үйлену тойларында келіннің бетін ашты, көл-көсір той дастархандарына бата берді, балалардың дүниеге келуіне және адамдардың бір шақтан екінші шаққа қарай аяқ басуына байланысты өткізілетін оқиғалардың қақ ортасында жүрді. Ақындар айтыс үстінде өткір әлеуметтік мәселелерді жиі көтерді, адамдар өмірінде болып жатқан кемшіліктер мен теріс құбылыстарды немесе байлардың халыққа көрсеткен озбыр қылықтарын әшкереледі. national games four

Белгілі ақындар Біржан мен Сараның арасындағы айтыс осының айқын мысалы. Суырып салма ақындардың маңызды образдарын беретін А. Гурьевтің «Ақыны» (1967), Ә. Сыдыхановтың «Айтысы» (1969), В. Колоденконың «Айтысы» (1977) осы тақырыпқа арналған.
Қазақстан суретшілерінің шығармашылығында қазақтың спорттық ат ойындарының тақырыбы кеңінен тараған, мысалы, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу.
national games sixСпорттық ойындар жастарды шынықтырып, ептілікке, шеберлікке, тапқыштық пен ержүректікке үйретті. Осы тақырыпты ашқан әрбір суретші кейіпкерлерінің қызу эмоционалдық жағдайын, олардың бастарынан өткізген «қызды-қыздысын» жарысқа қатысушылардың шынайылықпен бірге мазасыздану сезімін беруге тырысады. Қ. Телжановтың «Бәйгесі» мен «Қыз қууы», Е. Төлепбаевтың «Көкпары», К. Шаяхметовтің «Жігіттері» және т.б. дәл мағынасында өдерінің спортқа деген құмарлығымен және экстримдерімен жан алып, жан береді.

 Әсіресе Е. Сидоркиннің 1969 жылғы «Қазақ ойындары» деп аталатын белгілі топтамасындағы «Көкпар» атты автолитографиясының тұйық шеңберлі композициясы ерекше айшықты. Қол тимеген ақ қағаздың бетінде ойынға қатысушы үш салт аттының тұлғаларының шығыңқы бейнелері айрықша көзге түседі. Олар екпінді қимыл үстінде бейнеленген, алға созылған қолдары қарсыласынан тілеген олжасын әп-сәтте тартып алуға дайын. Туынды серпінділігімен және образды-пластикалық шешімінің ерекше айшықтығымен өзіне тартады. national games one

2015 жылы ЮНЕСКО көкпарды қазақтың ат спортын материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізу мүмкіндігі қарастырылады. Халықтың байырғы заманнан келе жатқан көкпары мен бәйгесі бүгінгі күнге дейін елімізде кең тарап, қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бөлігі болып қалды. Оларды ары қарай сақтап, тарату қазақстандық жас ұрпақ үшін маңызды болмақ.
Жетекшісі: Ажарова Нұржамал Бекбосынқызы, ҚР МӨМ Қазақстан сәндік-қолданбалы өнері орталығының аға ғылыми қызметкері