facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

miziano tour 22015 ж. 11 ақпанда ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде қазақстандық суретші Ербосын Мелдібековтің «Мәңгілік оралу» көрмесі бойынша жетекшісі Венеция биенналесіндегі Орталық Азия бірінші павильонын құрған атақты орыс кураторы Виктор Мизиано БАҚ-тарға арналған экскурсия өткізді.

Экскурсияны бастамай турып Виктор Мизиано «Көрменің концепциясы, түрлер мен тақырыптардың қазықты айналғандай өзіне тұйықталуы тұрғысында оның өнерге шағымдануы көрмелік көрсетудің өзіңдік өзгешелігіне де ықпалын тигізді» деп атап өтті. Мелдібековтің туындылары музейде оның көрме алаңында ғана емес, сонымен қатар тұрақты экспозиция залдарында да қойылған. Осылайша заманауи шебердің жұмыстары ертеректе және таяуда жасаған туындыларымен тікелей тақырыптық және бейнелік диалогқа түседі.

Ербосын Мелдібеков ¬ мүсін, инсталляция, перформанс, видео және фотография жанрларында жұмыс істеп жүрген суретші. Оның жұмыстарының басты тақырыбы ¬– Орталық Азиядағы саяси процестерді тауып, анықтап, соны белгілеп, тиянақтау. Ол тарихи деректерді, суреттер мен статуяларды, пейзаждар мен қаһармандарды зерттеп, жаңа ұлттық біртектестікті құратын парадокстарды көрсету үшін элементтер мен абсурдтарды пайдаланып, оларды басқаша оймен қарайды.
miziano tour 3

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде өтетін Ербосын Мелдібековтің қөрмесі - Орта Азиядағы заманауи алдыңғы қатарлы суретшілердің бірінің алғашқы монографиялық көрсетілім. «Мәңгілік оралу» деген атауының бірнеше мағыналық мәні бар. Бірінші кезекте Мельдібеков туындыларының өзгешелігін көрсетеді. Оның шағармашылық жолы көркемсурет мұрасымен тоқтаусыз диалог тәрізді. Коптеген туындылары еуропалық бейнелеу өнеріне және мүсін классикасына, бірақ көпшілігі ө Орта Азияның дәстүрлі және осы заманғы өнеріне жол тартқан. Себебі бастапқыдан-ақ суретші үшін оның шығармашылығының басты міндеті ұлттық тамырдан нәр алу болатын. Міне, осы дәстурлі мәдениеттен келіп, Мельдібековтің өзгерту мен жаңартуға ғана емес, сондай-ақ қайталауға, қайтаруға деген ұмтылысы туындайды. Сонымен, «Мәңгілік оралу» дегеніміз – суретші үздіксіз жүйелі қалыптасуға ғана емес, шеңбер бойымен қозғалуға бағытталғандай деп санайтын Орта Азияның тарихи тағдырын түсінудің шешімі тәрізді. Тарихты осылайша ұғынүды қазіргі заман сатысында Фридрих Ницшенің ұсынғанын ұмытпағанымыз жөн, өйткені «Мәңгілік оралу» деген терминнің өзі де сол кісіге тиесілі.
Виктор Мизиано ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде суретшінің монографиялық көрсетілім циклы бойынша БАҚ –тарға экскурсия жүргізіп, әрқайсысына толықтай түсініктеме берді: «...Бай-батырлар», «Мұнарлы ену», «Шаңғыс ханның картасы немесе қызыл аттың терісі» және т.б.