facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

 

round tableБүгін ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ «Қазіргі заман өнеріндегі еңбек тақырыбы» атты дөңгелек стол өтті. Атаулы көрме ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» жолдауында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру («Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға бірдей еңбек қоғамына 20 қадам» бағдарламасы аясында) мақсатында өткен «Еңбек – Мақсат, Өмір, Озық ой...» көрмесін қорытындылады.

Дөңгелек столға «Нұр-Отан» партиясының және Алматы қалалық әкімдігінің өкілдері, қазақстандық жетекші өнертанушылар мен мәдениеттанушылар қатысты. Олар көрмеге қойылған туындылар бойынша заманауи өнердің көкейкесті мәселелері мен кешегі өткен дәуірдің кеңестік реализм бағытындағы тақырыптарды, суретшілердің жұмыстарын және ондағы ерекшелікті талқылай пікір таластырып, өз ойларын түйіндеді.

round table 2

 Мемлкеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музей директоры Шалабаева Гульмира Кенжеболатқызы келген қатысушыларға, қонақтарға көрменің аталым концепциясы немесе дүниетаным парадигмасы көрменің кеңістігінде біріктірген Еңбек – бұл нақты мақсат, идея, өмір сияқты тақырыпта сөз қозғалғанына дән ризашылығын білдірді.

Баяндамашылар еңбек түсінігіне өз ой түсініктерін талқыға салды. Мұнда біреуі мақсат ретінде көрсе, еңбек адамды тұлға етеді, адамды адам ететін еңбек десе, Ал екіншісі –идеяны көрсе, өйткені ой-тұжырымсыз арадам өмірінің маңызы болмайды деп пікірін жеткізді. Біреулері Еңбек - өмір сияқты деп түсіндірді. Өмір еңбекпен толығу керек. Бұл, біздің тіршілігіміздің маңыздылығы. Пікіршілер мұндағы бейнеленген еңбек тақырыптағы туындылар бүгінде керек пе деген сұрақтар қойды. Бірақ еңбексіз ешқандай адами игілік болмайды емес пе. Көрме, Елбасының жолдауындағы жалпы еңбек қоғамның құрылысы орай мұражайдың бастамасымен бұл кеңестік реализм дәуірі көрмесі нәтижесін алды.