facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

kapterev opening ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде 2015 жылы 27 қаңтар күні орыс суретшісі, «Алматы Барбизонының негізін салушы» Валерий Всевоволодович Каптеревтің туғанына 115 жыл (1900-1981)  толуына арналған жеке көрмесі ашты. Мәскеудегі көркемдік ортада сол өңірде мүлдем белгісіз мәскеулік суретші келіп-кетіп жүріп, Қазақстанда он жылдан астам уақыт өмірін өткізді.. Каптерев Қазақстанға алғаш БКТШ-да (Бүкілресейлік көркемсурет-техникалық шеберхана) А. Шевченконың шеберханасында оқып жүрген кезінде Торғай экспедициясының құрамында келді.
Суретші 1920-жылдары қаптап кеткен «Гармония и ритм» (Үйлесім және ырғақ), «Кескіндемешілер цехы», «Бытие» («Тұрмыс»), «Общество молодых художников» (Жас суретшілер қоғамы) сияқты көптеген бірлестіктердің жұмысына араласты.  «Цветодинамос и тектонический примитивизм» («Түстік динамика және тектоникалық қарапайымдылық») (1919) деген атауының өзі ақылға қонбайтын көрмеге қатысты. Тұрмыстық жанр кейін қалды. В.В. Каптерев пен оның маңындағы суретшілер замана мұраттарын кескіндеме тәсілдерін сіңіру үшін кескіндеменің жаңа мәнердегі мүмкіндіктерін ізденумен болды.
kapterev webВ.В. Каптерев бүкіл Қазақстанды шарлап шықты десе болады. Балқаш жағалауында болды, Солтүстік Қазақстандағы Петропавлдан бастап, Ақмола, Қарқаралы, Семейді басып өтіп, Түркістанға дейін барды. Өзі үшін жаңа өмірді тануға ұмтылған суретші тіпті жергілікті тұрғындармен бірге көшіп-қонып та көрді, суретші ретінде түрлі ғылыми экспедияларға қатысты.
В. Каптеревтің этюдтері – тұрмыстық жанр элементтері бар пейзаждық композициялар: қайсысын қарасаңыз да, адамдардың тұлғасы мен шағын құрылыстар алдыңыздан шығады. Суретшінің әрбір этюді – нақты шығармашылық міндеттің қойылуы мен оның шешімі, я оның шешімін іздеп табу.  Суретшілер өзін әлемдік мәдениеттің мұрагеріміз деп таныды, өз замандастарының тәжірибелерін игеріп-меңгерді, импрессионистер мен постимпрессионистердің ашылымдарын өздеріне үлгі етті, кубизм мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі француз өнерінің басқа бағыттарын оқып-үйренді. Суретшілерді қарапайымдылық рухында сурет жазуға қанат бітіретін халықтық өнер дәстүрі де сырт қалған жоқ. Мұндай жағдайда шығармашылық ойлаудың формасы болатын этюдке, оның әр алуандығындағы шынайылықты қабылдау тәсіліне, бір сәттік сезімге ерекше көңіл бөлінді. Осы заманның тез құбылғыш және  тұрақсыз көркемдік ортасы үшін этюд барынша сай  келетін «өзін-өзі көрсету құралы» болып, түрлі шығармашылық міндеттер, соның ішінде формалдық пландағы шығармашылық міндеттер де шешімін тауып жатты. Сол себепті де шығармашылық іссапар принципінде Қазақстанда жұмыс істеген Каптерев үшін сол заман өнері контексіндегі бұл этюдтер кемеліне келген туындылар деңгейіне көтерілді.
В. Каптеревтің ұлттық және әлеуметтік типаждарды бейнелеген монотипиялары да бір төбе. Олар 1936-1938 жылдары суретшінің өз қолынан алынды. Кейбір идеализациясы топтаманы көркемдік-мәнерлеу тәсілдері деңгейі жағынан шығыс миниатюрасына жақын келеді.
Эвакуация жылдары В. Каптерев Алматыға қайта келіп, көркемдік өмірге белсене араласады. В. Каптерев пен оның ленинградтық әріптестері Т. Глебова мен В. Стерлиговтің пленэрлік жұмыстарын таныстырған көрмелерінің бірін талқылау үстінде А. Черкасский этюдке шыққан осы үш суретшіге де өнер майданында жеткен жетістерін бағалай келіп,  өзінің ойын «Алматы Барбизонының негізі салынды» деген тамаша фразамен білдірді.
В. Каптерев пен оған көзқарастары жақын суретшілердің ойынша, ол сіңірген еңбегі бойынша, өзінің ымырасыз шығармашылығымен В. Серов пен К. Коровиннен оның шәкірттері мен ізбасарлары А. Шевченкоға, А. Купринге, И. Машковқа, П. Кончловский мен Р. Фалькке және тағы басқаларға жеткен орыс кескіндеме мәдениетінің дәстүрін жалғастырған кейінгі буын орыс суретшілерінің қатарына жатады. В. Каптеревтің шығармашылығы – орыс кескіндемесінің табиғи дамуындағы үзілмес буын.