facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

meldibekov exhibition

12 ақпанда ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде Орталық Азияның алдыңғы қатарлы заманауи суретшілерінің монографиялық көрсетілім циклы басталады. Бұл көрмелер топтамасын ұйымдастырушылар Ә. Қастеев атындағы өнер музейі, Acпан Галерей және Форте Банк.

Бұл циклды қазақстандық суретші Ербосын Мелдібеков ашады. Оның монографиялық көрмесі музейде 2015 жылы 12 ақпанда ашылады. Жетекшісі Венеция биенналесіндегі Орталық Азия бірінші павильонын құрған Виктор Мизиано.

em posster kazЕрбосын Мелдібеков мүсін, инсталляция, перформанс, видео және фотография жанрларында жұмыс істеп жүрген суретші. Оның жұмыстарының басты тақырыбы Орталық Азиядағы саяси процестерді тауып, анықтап, соны белгілеп, тиянақтау. Ол тарихи деректерді, суреттер мен статуяларды, пейзаждар мен қаһармандарды зерттеп, жаңа ұлттық біртектестікті құратын парадокстарды көрсету үшін элементтер мен абсурдтарды пайдаланып, оларды басқаша оймен қарайды.

Мелдібеков Лондонда, Гонконгта, Миланда, Брюссельде, Венада, Берлин мен Мәскеуде өзінің жеке көрмесін өткізді. Оның жұмыстары бұдан басқа да 1-Киев биенналесі (2012), 9-Гуанджоу биенналесі (2012), Венеция биенналесінің Орталық Азия павильоны (2011), Прогрессив Ностальгия Песси Центр, Прато (2007) сияқты т.б. беделді көрмелерге қойылды.