facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

anniversary 12019 жылдың 15 шілде мен 31 тамыз аралығында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «МЕРЕЙ ЖАСТАҒЫ СУРЕТШІЛЕР-2019» көрмесі өтеді.

Экспозицияға 2019 жылы мерейжасқа келген Александр Риттих, Леонид Брюммер – 130, Владимир Эйферт, Всеволод Теляковский, Регина Великанова, Елена Карасулова – 125, Алексей Бортников, Мария Лизогуб, Загрутдин Назыров – 110, Нағымбек Нұрмұхаммедов – 95, Гүлфайрус Ысмайылова, Анатолий Мотузко, Александр Исаев – 90, Александр Лаптев, Евгений Умысков, Анатолий Гордеев – 85, Марис Хитахунов - 80 суретшілердің туындылары қойылды. Олардың есімдері өз елімізде де, шет елдерде де мәлім. Қылқалам шеберлерінің шығармашылық жолдары Қазақстан көркемсурет мектебінің қалыптасу кезеңі болған ХХ ғасырмен тұспа-тұс келді. Олардың әрқайсысының өнер тарихында қалдырған жарқын іздері ұлттық игілігіміздің мұрасына айналды.

china painting 12019 жылы 23 шілде күні сағат 11.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қытай кескіндемесі және графикасы. 19-21 ғасырлар» көрмесі бойынша баспасөз туры өтеді. Жинақтамада 230-дан астам туынды бар, оның 70-тен астамы экспозицияға қойылды. Олардың ішіндеЦи БайШи мен Сюй БейХунның орама түрінде және Ма Цзюань мен Янь Шуанның ерекше қызығушылық тудыратын түпнұсқа туындыларын көресіз. Әлемдік қауымдастықтың Аспан асты елінің мәдениетіне ықыласын оятуға Орта ғасырдағы мемлекеттің ең белгілі шеберлерінің жұмыстарының өзіндік көшірме картинасын жасаған белгісіз авторлардың тамаша баспа туындыларының қосқан үлесі қомақты.
Қытай ұзақ уақыт бойы әлемдік аренада оқшауланған жағдайда болды. Мүмкін, сондықтан да болар, мұнда өзіндік рухани және материалдық мәдениет қалыптасты.

astana 12019 жылдың 5 шілде күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейі Нұрсұлтан қаласы күніне арналған, «Уақыт және суретші. Заманауи суретшілердің туындыларындағы тәуелсіздік дәуірі» атты көрмесін ұсынады. Көрмеде Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің қорынан алынған 40-тан астам туынды қойылады.

Тәуелсіздік жылдарында ұлттық мәдениет пен өнер еліміздің әлеуметтік жаңаруының маңызды тұтқасына айналып, ол рухани жағынан байыған азаматтарды қалыптастыруда шешуші орын алып келеді.

karlygash 12019 жылы 5 шілдеде сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қансейіт Қарлығаштың «Үндестік» атты жеке көрмесінің ашылуы болады. Экспозицияға автордың 30-дан аса жұмысы қойылады.

Табиғаттың сұлулығы, қазақ тұрмысының жанға жылылығы, балалық шақ тақырыбы Қарлығашты кескіндемелік композицияларды жасауға қанаттандырады. "Текелі", «Қызыл өлке», «Сайрам суы», «Таң» атты туындыларында туған өлкенің саф таза түсі берілген.

kazakh art 12019 жылдың 27 маусым күні, Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстан бейнелеу өнерінің жұлдыздары» шағын альбомдар топтамасының тұсаукесері өтті. Олардың мақсаты – Батима Заурбекова, Вячеслава Люй-Ко, Алексей Уткин, Анара Абжанова, Шоқан Төлеш сияқты қазақстандық суретшілердің брендингін арттыру.