facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының коллекциясы жәдігерлерінің көркемдік деңгейі жөнінен ТМД аумағында алдыңғы қатардан орын алады. Бұл Қазақстан Республикасындағы ұзын саны 23 мыңнан асатын бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының ең үлкен қоры бар. Қор сақтау бөлімінің негізгі міндеті – мұражай құндылықтарын сақтау және оларды сақтау мен зерттеу үшін қолайлы жағдай жасау. Мұражай қоры қатаң түрде мемлекеттің есебінде тұрғандықтан, келіп түскен жәдігерлер міндетті түрде мұражайдың есептеу секторында қажетті құжаттармен тіркеліп, реттік нөмірі беріледі. Мұражай қорын жинау, оны жүйеге түсіру, коллекцияның есебін алып, сақтау – мұражай жұмысы, қалай да осылардан басталады. Бұлар – қор сақтаушылардың еңбегінің көрсеткіші. Қордан сыртқа шығатын туындылардың сақталу сипаттамасын актілеу, ұдайы картотекамен (авторлық жалпы және жұмысшы) жұмыс істеу, туындыларды суретке түсіру, сипаттамаға беру, көрмелерді кешендеп, бір жаққа жіберуге дайындау, мұражайдың жалпы каталогымен жұмыс істеу – мұражай қорындағы жұмыстардың көзге көрінетін жағы ғана. Мұражай қорындағы бүкіл коллекция әлденеше түрге бөлінеді. Олар: Ежелгі шеберлердің кескіндемесі; Ежелгі орыс өнері (икондар); Қазақстан кескіндемесі; Графика, әшекей бұйымдар қоры; Тері (былғары); Тоқыма; Киіз; Гобелен; Заманауи сәндік-қолданбалы өнер; Шығыс өнері қоры; Мүсін қоры. ЮНЕСКО-ның араласуымен және көмегімен мұражайдың есеп қоры коллекциямен жұмыс істеу үшін арнайы бағдарлама жасады. Мәліметтер базасына мұражайдың барлық туындыларының келіп түсу тарихы, фотосуреті түгелдей енгізіледі және қорға келіп түскен жұмыстар жаңа мәліметермен толықтырылып отырады. Қордағы заттың бар-жоғы, туындыларды консервациялау (қатырып тастау) және реставрациялау (қайта қалпына келтіру) – мұражайдың бүкіл коллекцисының тұтастығына кепілдік береті жүйе.

Мұражай қорында өнер туындыларын дұрыс сақтау үшін барлық жағдай орнымен қарастырылып, ойластырылған. Кең, жарық бөлмелер, картиналарға арналған жылжымалы щиттер, 1, 2, 3 қатарлы стеллаждар, арнайы жабдықталған сөре-шкафтар, графикалық жұмыстарға арналған шкафтар мен столдар, кілемдер мен гобелендерге арналған біліктер.

Қыста жылы және жазда салқын ауаны бір орталықтан кондиционерлеп жіберуді, ылғалдылық және жарық режимінің сақтауды, температуралық-ылғалдылық режимін жұмыс күніне екі рет (ертеңгісін және кешке) өлшеп, реттеп отыруды тәжірибелі инженер-климатолог жүргізіп отырады. Осының бәрі «Мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі нұсқауға» сәйкес дұрыс сақтауға жағдай жасайды.

 

Қайта жөндеуді керек ететін туындыларды табу мақсатымен мұражай қорын қарап шығу, олардың сақталу сипаттамасын жазу, жұмыстарды консервациялау және реставрациялау Орталық мамандарының көзге көрінбейтін күнделікті харекеттері. Олардың жұмыстарының бүкіл процесі реставрациялық паспорттарда жазылып, мұражайдың реставрациялық кеңесінің тұрақты бақылауынан өтеді.

 

Қызметкерлер

 

1. Молдашева Гульзира Бакирқызы

Бас қор сақтаушы

2. Школьная Ирина Арьевна

Есеп секторының меңгерушісі 

Қор тобы

 

1. Мырзабекова Меруерт Құрманбекқызы     

Қор тобының жетекшісі, кескіндеме қорының сақтаушысы

2. Әлкина Айгүл Қайырбекқызы

Тері (былғары), зергерлік бұйымдар қорының және Шығыс өнері қорының сақтаушысы

3. Горовых Ольга Евгеньевна

Тоқыма және заманауи қолданбалы өнер қорының сақтаушысы 

4. Қаратаев Азамат Үндыбайұлы 

Киіз және мүсін қорының сақтаушысы  

5. Қырықбаева Жанна Нұрахметқызы 

Графика қорының сақтаушысы  

6. Әбирова Бейбіткүл Әбенқызы  

Қазақстан кескіндемесі қорының сақтаушысы  

Реставрация орталығы

 

1. Қалдыбаева Гүлжан Әбдіқызы

Орталық жетекшісі

2. Смағұлова Күләтай Кәлімқызы

Кескіндеме реставраторы  

3. Степенко Анна Владимировна 

Кескіндеме реставраторы

4. Қожамжарова Гүшат Советжаңқызы

Кескіндеме реставраторы

5. Қаратаев Өндірбай  Әбілтайұлы 

Зергерлік және металл бұйымдар реставраторы

6. Қожамжарова Гүлшат Советжанқызы

Графика реставраторы

 7. Момбекова Әсел Серікбайқызы

 Реставратор