facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

 Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МУЗЕЙІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ 

logo museum kz

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өнер музейінің қызметінің стратегиясы мемлекеттік саясат арнасында жүзеге асырылып, еліміздің бірегей мәдени көркемдік мұрасын коллекциялау, зерттеу, сақтау және репрезентациялау (ол туралы қайта мәлімет беру) сияқты мұражайдың басты міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Мұражайдың басты мақсаты әлемдік өнер туындыларын сақтауға және қалың көрермен аудиториясына таныта түсуге бағытталған қызметтің алуан түрін (қор, экспозиция, ғылыми, ақпараттық және  т.с.с.) кешенді жоспарлы орындаудан тұрады.

Көркемдік музей – халықтың мәдени және білім алуға белсенділігін, ғылыми қызметті арттыруда, еліміздің имиджі мен туристік тартымдылығын қалыптастыруда мәдени және тарихи жадыларды сақтайтын маңызды әлеуетке ие әлеуметтік-мәдени институт. Заманауи музей – өнер, ғылым, білім, коммуникация, мәдени ақпарат және шығармашылық инновациялар ордасы.

Басты мақсаттары мен міндеттері:

  • музей коллекциясын зерттеу және насихаттау, туындылардың ғылыми атрибуциясын жасау,
  • қоғамдық мәні зор мәдени жобаларды ұйымдастыру, 
  • қалың көрермен аудиториясын тарту, 
  • жеке ғылыми тақырыптарды дайындау, оларды одан әрі жүзеге асыру (жарияланым, ғылыми жобалар, конференциялар),
  • музей экспозициясының барлық бөлімдері бойынша жеке ғылыми тақырыптарды жетілдіру және солармен әдістемелікқұрал әзірлеу, 
  • коллекцияны насихаттау мақсатында жаңа уақытша тақырыптық көрмелер дайындау, 
  • музейдің қорытындыц каталогымен жұмыс істеу, 
  • музейді жаңғрытруды жүзеге асыру және т.б.

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қызметіндегі 2017 жылғы маңызды оқиғалар

Астана қаласында өтетін Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі – 2017 жылғы басты оқиға. Бұл еліміз үшін еліміздің әлемдік қауымдастықта зор мәртебе және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың кепілі. Астанада ЭКСПО-2017-нің «Жасыл энергетика» тақырыбы энергияны алу, беру және пайдаланудың перспективалық тәсілдерін енгізуді білдіреді. Көрме өмірдің барлық саласында адамзаттың үздік жетістіктерін көрсететін үлкен алаң болмақ. Халықтың тарихы, философиясы, адамгершілік және эстетикалық құндылығын айнадан көргендей етіп көрсететін мәдениет пен өнер – осы шараның маңызды құрамдас бөлігі.

ЭКСПО-2017-ні өткізу аясында музей музей коллекциясының үздік үлгілері мен мультимедиалық таныстырылым форматын біріктіретін үш жеке жобасын жүзеге асырады. Музей жобалары:
1. 3D технологиясында әлем үлгісін көрсететін киіз үйді құрып, орнату.
2. 3-D технологиясындағы және анимациядағы ұлттық ою-өрнектің құрылымы мен дамуын және оның символикалық семантикасын көрсететін видеоролик Бірінші рет ұсынылыуда. Е. Қожабаевтың авторлық жұмысы.
3. «Виртуалдық галерея» кеөркемдік жобасын жүзеге асыру. Анимациялық және 3-D технологияларын пайдаланылған, Қазақстан суретшілерінің пейзаждарындағы табиғат ғарышы (бірінші кезекте Ә. Қастеевтің, Ә. Ысмайыловтың, Ж. Шәрденовтің туындылары).
Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ ЭКСПО-2017 аясында өз алаңында ауқымды көркемдік фестиваль өткізуді жобалап отыр. Open Air Art Fest өз алаңында өнер, дизайн, экологияны біріктіретін интерактивтік шығармашылық жоба әрі музейдегі және музейден тыс экспозицияға апаратын бірегей жол. Фестивальдың мақсаты – кемеліне келген суретшілермен қатар бірінші кезекте экология тақырыбына бірегей объектілермен инсталляцияларды жасау ұсынылған жас авторларды тартатын көркемдік ортаны күшейту.
Өткізу форматы: ашық аспан астындағы өнер фестивалі және көрме. Өткізу кезеңі: мамыр-желтоқсан 2017. Әзірлік кезеңі: 2017 жылдың басынан – тұжырымдама, толтыру, экспозицияны құрастыру – сәуір-мамыр. Фестивальдың ашылуы (шамамен): 18 мамыр, халықаралық музей күні.

Музейді жаңғырту

2017 жылдың басынан музейді жаңғырту аясында мынадай қадамдар жасау жоспарлануда:

  • Келушілер үшін экспозициялардың, музей коллекциясының тақырыптық тарауларыв туралы мәліметтері бар интерактивтік ақпараттық дүңгіршекті іске қосы;
  • Тұрақты музей экспозициясының негізгі тарауларын қамтыған көптілді аудиогидтер (5 тіл – қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз).

2017 жылғы мерейтойлық көрмелер

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ коллекциясында Қазақстан бейнелеу өнері кәсіби мектебінің дамуының маңызды кезеңдері, көрнекті шеберлер мен олар жасаған жауһарларды ұсынады. Музей ұдайы қордан көрерменге сирек көрсетілетін туындыларды көруге мүмкіндік беретін тақырыптық жеке көқрмелерді ұйымдастырып, өткізіп тұрады. 2017 жылы м амыр айында музейде есімдері бейнелеу өнері тарихына есімдері кірген, мерейлі жасқа жеткен суретшілердің көрмесін өткізуді жопрарға қойды. Олардың ішінде:

  • Айша Ғалымбаева – 100 жас; 
  • Қанафия Телжанов – 90 жас; 
  • Жанатай Шәрденов – 90 лет;
  • Абдрашит Сыдыханов – 80 жас;
  • Альберт Гурьев – 80 жас;
  • Владимир Колоденко – 110 жас. 

Көшпелі және алмасу көрмелері

2017 жыл ағымында халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ республика ішіндгң музейаралық қарым-қатынасты нығайту аясында бірқатар жобалар жоспарланды. Олар:

  • Ынтымақтастық туралы қол қойылған Келісім аясында Беларусь Республикасының Ұлттық көркемсурет музейі коллекциясынан қазіргі беларусь суретшілерінің көрмесі.
  • Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің алмасу көрмесі және Семейдегі Невзоровтар музейінің коллекциясынан орыс өнерінің көрмесі.
  • Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорынан қазақстандық суретшілерінің Қызылордадағы көрмесі. 
  • Пекинненен келетін көрме жобасы – келіссөз жүргізілуде.
  • Қазан музейінің коллекциясынан Татарстан өнері коллекциясының классикасы.

2017 жылы музей ішіндегі жоспар:

  • экскурсия, дәріс жүргізу – 700;
  • келушілердің қамтылуы – 100 000 адам;
  • көрме өткізу – 50.

Музей орталықтарының жұмысы 

Музей жұмысының тиімділігі музей қызметінің: қор, экспозиция, ғылыми, ақпараттық, білім беру және т.б. негізгі түрлерін қамтитын барлық құрылымдық бөлімшелердің жоспарлы және үйлестірілген жұмысына негізделген.

Музейдің қор жұмысы 

Музейдің басты міндеті мұражай жинақтамасын жинақтау, құру және сақтау болғандықтан музейдің қор жұмысы мұражай қызметінің басты бөлігі болып табылады. Музейдің қор жұмысына көркем туындыларды есепке қою, сақтау және реставрациялау кіреді.

Есептеу-сақтау және реставрациялау жұмысы

1. Экспонаттарды тұрақты сақтауға қабылдау жыл ағымында
Хаттама жасау, жұмыстарға сипаттама жасау, сақталу күйін сипаттау, таңбалау (белгілеу.
Экспонаттарды мұражайдың Түсу кітабына тіркеу (жазу қолмен жүргізіледі). Негізгі, жалпы және авторлық картотекаларға карточкалар енгізу.
2. Қор-сатып алукомиссиясының жиналысы – музейдің жалпы жоспарына сәйкес жыл ағымында
3. Экспонаттарды уақытша сақтауға қабылдап алу жыл ағымында
4. Жұмыстарды уақытша сақтауға беру, музейден тыс көрмелер – музей жоспарына сәйкес: ҚР Ұлттық музейі, Астана және т.б.
5. Тізімін жасау. Шығармалардың жақтауларын ауыстыру, сақталу күйін сипаттау. Жәшіктерге тапсырыс беріп, мөлшері бойынша орналастыру. Орау-қаптау жұмыстарын жүргізу. Көрмені құру және жинау. Қажетті құжаттар мен беру актілерін жасау.
6. Музей залдарына өтетін көрмелерге көрме жоспарына сәйкес жұмыстарды іріктеп, беру жыл ағымында
7. Көрмелерге жұмыстарды алдын-ала қарап, іріктеу. Реставраторлармен бірге профилактикалық байқау жүргізу, реставрациялау, туындының сақталу күйін сипаттау
8. Қажетті құжаттар мен музей ішіндегі қозғалыс актісін жасау.
9. Мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қорда жыл сайын интентаризация жүргізу (заттарды түгендеу).
10. Бөлімдер бойынша қордағы бар заттарды салыстырып тексеру: зергерлік бұйымдар (күміс),
11. Киіз және мүсін, тоқыма, ағаш, қыш.
12. Орталықтардың қызметкерлеріне инвентарлық сипаттама жазу үшін жұмыстар беру жыл ағымында
13. Сипаттамаларды инвентарлық кітаптарға түсіру, туындыларды белгілеу
14. Музей қорындағы жұмыс картотекаларын ғылыми орталықтар: Қазақстан кескіндемесі, тоқыма және сәндік-қолданбалы өнер, ежелгі орыс өнері, орыс және Батыс Еуропа өнері қорларындағы картотекалармен салыстыру.
15. Музейдің жалпы каталогымен жұмыс: С. Калмыковтың каталогы, Қазақстан кескіндемесі каталогы, Қазақстан графикасы каталогы, қазіргі заман сәндік-қолданбалы өнері каталогы, Шығыс өнері каталогы
16. Қорларды фотосуретке түсіру.
17. Телевизиялық түсірілімдер.
18. Облыстық мұражайлардың, училищелердің, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ және Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тәжірибе жинаушыларымен жұмыс.
19. Реставрациялық кеңесін, Қор-сатып алу комиссиясын ұйымдастырып, өткізу
20. Реставрациялауға жұмыстарды іріктеп, беру. Туындыларды реставрациялау:
21. Кескіндеме – 80 (тазалау және бекіту – 200 эксп.)
22. Графика – 75
23. Металл, тері – 20 (тазалау және өңдеу 200 эксп.)
24. Жұмсақ инвентарь – 15 (тазалау және жеңіл-желпі реставрация 70 эксп.).
25. Мүсін – 15.
26. Қордағы туындыларды профилактикалық байқа.
27. Кескіндеме туындыларын шаңнан тазарту – 3 000 экспонат.
28. Арнайы әдебиеттермен жұмыс, конференция, семинар, көрмелерге қатысу Жыл ағымында.

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Музей көркемдік ұйым ғана емес, ғылыми-зерттеу орталығы ретінде қызмет ететіндіктен, ғылыми жұмыс музей қызметінің басты басым бағыттарының бірінен саналады. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты – мұражай коллекциясын зерттеу. Оған суретшілер мен оның заманы туралы деректі мәліметтерді жинау, атрибуция бойынша зерттеу жұмысын жүргізу, жиналған мәліметтерді түйіндеу жұмыстары жатады. Теориялық зерттеулер ғылыми және көпшілікке дәріптеу мақсатында басылымдарда, конференцияларда айтылып, жеткізіліп, практикалық қолданысқа ие болады, сондай-ақ экскурсия, дәріс және әдістемелік жұмыстар дайындаған кезде пайдаланылады.

Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысын мемлекеттік өнер мұражайының ғылыми қызметін жетілдіру, сонымен бірге Қазақстан мен шет елдердің ғылыми, шығармашылық және педагогикалық қоғаммен байланысын нығайтып, кеңейтуді басты мақсат еткен мұражайдың Ғылыми кеңесі басқарады. Ғылыми кеңес кешенді даму бағдарламасын әзірлейді, ғылыми қызметтің басты бағыттары мен проблемалары бойынша өзгерістер енгізеді, мақсатқа сай келетіндігі жайлы қорытынды жасап, баспадан шығаруға дайындалған ғылыми, ғылыми-анықтамалық және ғылыми-көпшілік сипаттағы жұмыстарды қарап шығады, т.с.с.

Мұражай қызметіндегі ғылыми-зерттеу бағытының басты бағыты – бас каталогтармен жұмыс. Бұл жұмыс оның мәні мен ролін анықтау және түрлі елдер мен дәуірлердің тарихи және көркемдік ахуалдарын талдау мақсатында коллекциядағы барлық бұйымдарды егжей-тегжейлі зерттеуге негіз болады. Бұл – түпкі мақсаты мұражай коллекциясының коллекциясының тақырыптық тараулары бойынша каталог шығару болып табылатын мұражай жинақтамасын егжей-тегжейлі зерттеліп, жүргізілетін ұзақ жылдық процесс. Әрбір ғылыми орталық ғылыми каталогтармен жұмыс істейді, қызметкерлер қор бөлімдерімен бірлесе отырып, картотека мен электрондық базадағы салыстырылған каталогтық мәліметтерді бір жүйеге келтіреді. Мұражай каталогының таралымдық басылымы мұражай коллекциясының құрамын рәсімдеп белгілеу ғана емес, мұражайды және оның жинақтамасын қайта таныстырудың сенімді формасы.

Құрамына музейдің тәжірибелі қызметкерлері кіретін сараптама кеңесі жұмысы аясында мұражай қорындағы, сонымен бірге жеке жинақтамалардағы көркем туындыларды сараптап, атрибуттау – мұражайдың ғылыми қызметінің ажырамас бөлігі.

2017 жылы қазан айында жыл сайынғы «Қастеев оқулары» ғылыми-практикалық конфренциясы өтеді, ол қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш суретші Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналатын болып шешілді. Музейге келушілер арасында «Кіші өнер академиясының» беделі зор – онда әлемдік және қазақстандық өнер тарихынан дәрістер оқылады. 2017 жылы Қазақстан өнері бойынша дәрістер курсы аяқталып, ежелден қазіргі кезге дейінгі әлемдік мәдениет топтамасы жұмысын бастайды.
2017 жылы музей музей қызметкерлері үшін олардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатымен бірқатар ғылыми семинар өткізуді ойға алып отыр:

  • кескіндеме технологиясы бойынша семинарлар қор сақтаушы Мұсағалиева Ә.А.
  • көркемсурет туындысына методологиялық талдау бойынша семинарлар – Жадайбаев Ә.Ж.
  • «Визуалдық ойлау стратегиялары» бағдарламасын енгізу бойынша қызметкерлерге арналған тренинг – Школьная И.А. 

Музей қызметкерлерінің жеке ғылыми зерттеулер аясындағы ұзақ жылдық ғылыми еңбектерінің нәтижесін көрсететін ұжымдық авторлық монографиясын әзірлеп шығару жұмысы жүргізілуде.

Әрбір ғылыми қызметкер жеке ғылыми тақырыбын анықтайтын музей коллекциясы бөліміндегі нақты бір материалға ыңғайланып маманданады. Ғылыми жұмыстың практикалық ерекшелігіне мыналар жатады: ғылыми тақырып бойынша материалды жинап, зерттеу, өнер бұйымдарын атрибуттау, ғылыми-практикалық конференцияларға арналған мақала, баяндамалардың мәтіндеріндегі зерттеулер нәтижесін пайдалану, сондай-ақ оларды дәрістер мен экскурсияларды ғылыми талдауға, әдістемелік талдауларға пайдалану.

Музейдің әрбір ғылыми қызметкерінің жоспарына бір жылда кем дегенде 50 ғылыми сипаттама жазу енгізілген.

Қазақстан бейнелеу өнері ғылыми орталығы

Коллекциясының қорында Қазақстанның кәсіби суретшілерінің кескіндеме, түпнұсқа және баспа графика, театр кескіндемесі және мүсіндік туындылары барлығы 11548 экспонат бар музейдегі ісі ғылыми орталықтардың бірі. Орталықтың негізгі ғылыми тақырыбы «Қаззақстан бейнелеу өнері: тарихы және қазіргі заман» – Қазақстан суретшілерінің шығармашылығын зерттеу, жеке және ортақ стильдік ерекшеліктерін анықтау Қазақстандағы бейнелеу өнері кәсіби мектебінің түрлі даму кезеңдеріндегі тарихи сатылардың көркемдік ерекшелігін айқындау.

Жеке ғылыми тақырыптар

Мамытова С.М.
Орталық жетекшісі Қазақстан графика өнерінің 1960-жылдардан қазіргі кезеңге дейінгі даму мәселелері мен тенденциялар.

Ақышева Г.Ә.
Кескіндеме және театр декорациясы өнері секторының меңгерушісі
Ұлттық кескіндеме мектебінің қалыптасуы мен дамуы.

Мұқажанова К.Ж.

Кескіндеме және театр декорациясы өнері секторының аға ғылыми қызметкері (жарты еңбеккүн)
ХХ ғасырдағы Қазақстан бейнелеу өнеріндегі тұрмыстық картинаның дамуы. Тақырыпша: 1950-жылдардағы А. Ғалымбаеваның шығармашылығы.


Мырзабекова С.К.
Графика және мүсін секторының ғылыми қызметкері «1930-1950 жж. Қазақстанның театр және кино кескіндемесі»

Әбілдаева Л.О.
Кескіндеме және театр декорациясы өнері секторының ғылыми қызметкері ХХ ғасырдағы Қазақстан бейнелеу өнеріндегі мүсіннің дамуы.

Халықаралық, ұлттық конференцияларға, семинарларға, дөңгелек столдарға қатысу 

Баяндамасы мен сөйлейтін сөзінің тақырыбы

Конференцияның атауы

Уақыты мен өтетін орны

1950-жылдардағы А. Ғалымбаеваның шығармашылығы – Мұқажанова К.Ж.

Қастеев оқулары

 

Күз, 2017 жыл
Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ

1960-1970 жылдардағы қазақ графика өнері – Мамытова С.М.

Қастеев оқулары

Күз, 2017 жыл
Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ

Л. Леонтьевтің «Қазақстан композиторлары» (1958)  картинасының кейіпкерлері– Ақышева Г.Ә.

Қастеев оқулары

Күз, 2017 жыл
Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ

«Театр суретшілері шығармаларындағы ұлттық киім ерекшеліктері»

Мырзабекова С.К.

Қастеев оқулары

Орталықтың басты жұмысы – музей коллекциясындағы ең саны көп бөлім – Қазақстан бейнелеу өнері қоры бойынша ғылыми каталог әзірлеу.

Каталогтың атауы Жұмыс түрлері (аннотация, атрибуция, реатрибуция, ғылыми-анықтамалық аппарат, редакциялау және т.б.) Жоспар бойынша көлемі
1

«Қазақстан бейнелеу өнері» каталогы
Кескіндеме
1 -том (А-Қ) -
2-том (Л-Я)

- экспонаттарды салыстыру;
(2015 жылы жүргізілді)
- каталогтарға инвентарлық нөмірлер енгізу;
- аяқтау;
- каталогтарға қосымша мәліметтер енгізу;
- компьютерден түсіріліп алынған суреттерге мәліметер жазу;
- кіріспе мақаланы, мәтінді, каталогтық мәліметтерді редакциялау;

Ақышева Г.А.
Мұқажанова К.Ж. (дедакциялау)

2 «Қазақстанның түпнұсқа графикасы» каталогы

- экспонаттарды салыстыру;
(2015 жылы жүргізілді)
- каталогтарға инвентарлық нөмірлер енгізу;
- аяқтау;
- каталогтарға қосымша мәліметтер енгізу;
- компьютерден түсіріліп алынған суреттерге мәліметер жазу;
- кіріспе мақаланы, мәтінді, каталогтық мәліметтерді редакциялау;

Мамытова С.М.
3 «Қазақстанның баспа графикасы»  каталогы

- экспонаттарды салыстыру;
(2015 жылы жүргізілді)
- каталогтарға инвентарлық нөмірлер енгізу;
- аяқтау;
- каталогтарға қосымша мәліметтер енгізу;
- компьютерден түсіріліп алынған суреттерге мәліметер жазу;
- кіріспе мақаланы, мәтінді, каталогтық мәліметтерді редакциялау;

Мамытова С.М.
4 «Сергей Калмыков» каталогы

- экспонаттарды салыстыру;
(2015 жылы жүргізілді)
- каталогтарға инвентарлық нөмірлер енгізу;
- аяқтау;
- каталогтарға қосымша мәліметтер енгізу;
- компьютерден түсіріліп алынған суреттерге мәліметер жазу;
- кіріспе мақаланы, мәтінді, каталогтық мәліметтерді редакциялау;

Ақышева Г.А.
5 Театр-декорация өнері» каталогы 307 эксп.

- экспонаттарды салыстыру;
(2015 жылы жүргізілді)
- каталогтарға инвентарлық нөмірлер енгізу;
- аяқтау;
- каталогтарға қосымша мәліметтер енгізу;
- компьютерден түсіріліп алынған суреттерге мәліметер жазу;
- кіріспе мақаланы, мәтінді, каталогтық мәліметтерді редакциялау;

Мырзабекова С.К.

Орталық қызметкерлерінің Музей еңбектері жинағына жариялауға ұсынатын тақырыптары:

  • Мамытова С.М. «1960-1970 жылдардағы қазақ графика өнерінің көркемдік даму ерекшеліктері»;
  • Мұқажанова К.Ж. «1950-жылдардағы Қазақстан бейнелеу өнеріндегі тұрмыстық картинаның дамуы»; 
  • Мырзабекова С.К. «Театр суретшілері шығармашылығындағы қазақ халқының лиро-эпостық жырларының көріністері (Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ қорынан)» Лирико-эпические поэмы казахского народа в творчествах художников театра (из фондов ГМИ РК им. А. Кастеева).

Қызметкерлер қордағы экспонаттарғы ғылыми сипаттама жасайды. 2016 жылға әрбір қызметкерге 50 ғылыми сипаттама, жарты еңбеккүндегі қызметкерге 30 экспонатқа ғылыми сипаттатама жасау тапсырылды. Барлығы музей қорындағы 250 кескіндеме, графика, мүсін туындыларына 230 сипаттама жасалды.

Жыл ағымында музей қызметкерлері бірқатар ғылыми жарияланымдар даярлайды, сонымен бірге орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде экскурсия жүргізеді, дәріс оқиды. Орталықтың ғылыми қызметкерлері өздерінің тақырыптық бөлімдері бойынша әдістемелік құралдар әзірлеу үстінде.

Музей қызметкерлері дәріс оқып, экскурсия жүргізуге қатысады – жылына әрбір қызметкерге 25 экскурсия және кем дегенде 5 дәріс оқу жүктелген. Орталық қызметкерлері уақытша көрмелерлі ұйымдастыру және өткізу кезінде дайындық пен экспозицияны құрастырудың барлық сатысына белсене араласып, жетекшілік жасайды. Үстіміздегі жылы осы орталықта 16 көрмеге жетекшілік жұмыс жоспарда тұр. Орталықта ғылыми қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырумен жұмыс жүргізіледі. студенттік практика жүргізуге көмек көрсетсе, қызметкерлер қызметтің осы түрін атқаруға белсене араласады

Қазақстан қолданбалы өнері ғылыми орталығы

Орталықтың жалпы тақырыбы – Қазақтың халықтық қолданбалы өнерінің көркемдік дәстүрлеріндегі стильдің іргелі принциптері – қолданбалы өнер туындыларының көркемдік-стильдік ерекшеліктерін, түрлі материалды өңдеудің ерекше техникаларын зерттеу, олардың, түрлік және аймақтық ерекшеліктерін айқындау.

Жеке ғылыми тақырыптары

Жұмабекова Г.М.
Орталық жетекшісі Қазақтың зергерлік әшекейлері. Қазақтың зергерлік өнеріндегі бағыттар

Ажарова Н.Б.
Аға ғылыми қызметкер Ұлттық киімді әрлеуде кестенің қолданылуы (Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорының коллекциясынан)

Баженова Н.А.
Аға ғылыми қызметкер ХІХ-ХХ ғғ. қазақтың көркем тоқымасы: өрнектік тоқыманың форма жасау принциптері

Жұбаниязова Г.К.
Аға ғылыми қызметкер Қазақ гобленінің қалыптасуы мен дамуы

Орталықтың негізгі жұмысы – музей қоырының каталогын әзірлеу. Қазақстан зергерлік өнері және Қазақстан сәндік-қолданбалы өнері каталогтары жарық көрген. Қазіргі кезде Қазақстан заманауи сәндік-қолданбалы өнері каталогын әзірлдеу жұмысы жүргізілуде: редакциялау және жаңадан түскен экспонаттарды атрибуциялау, мәліметтерді тексеру, суретшілер жайлы мәліметтерді анықтау (білімі, өмірге келгені жайлы), жұмысы (жасалған жылы, материалы, техникасы).

Орталыққызметкерелі мерзімі басымылымдарда жариялауға мақалаларын дайындауда. Жұмабекова Г. – «Қазақтың зергерлік өнерінің бастауы және қалыптасу тарихы», «Қазақ ою-өрнектерінің сыры», Баженова Н. – «Қазақ тоқымасы – пайда болғаннан қазіргі кезге дейін», қызметкерлері «Қазақ ісмерлерінің ою-өрнек ойластырудағы дәстүрлі тәсілдері».
«Қастеев оқулары-2017» ғылыми-практикалық конференциясына баяндамалар тақырыбы бекітілді:

  • Баженова.Н. Қазақ тоқыма бұйымдарының аймақтық ерекшеліктері;
  • Жұмабекова Г. Қазақ зергерлік өнерінің қайнаркөздері мен дамуы;
  • Ажарова Н. Алтай Республикасы Қосағаш кешенді экспедициясының материалдары бойынша.

Музей қызметкерлері дәріс оқып, экскурсия жүргізуге қатысады, 2017 жылға жаңа тақырыптағы экскурсияларды дайындап, тапсыру жоспарланды. Жылына әрбір қызметкерге кем дегенде 20 экскурсия жүргізу жүктелген.
Қызметкерлер уақытша көрмелерге жетекшілік жасайды, 2017 жылы Қазақстан СҚӨ орталығының жоспарында 8 жетекшіліке жоба бар.

Шет ел өнері ғылыми орталығы

Музей қоры XVI ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі шет ел өнері коллекциясын қамтиды. Жинақтаманың ерекшелігі энциклопедиялық сипатта болғандықтан, музей әлемдік өнердің түрлі бағыттары мен стильдерін көрсете алады. Жинақтамада Ресейдің, Батыс Еуропа, Шығыс, Америка және Африка елдерінің өнер туындылары бар. Коллекцияның осы бөлімінде 80 жыл бойы жиналған Орталық Азиядағы ең үздік бірегей туындылар орын алған.

Кадр құрамы:
Орталық жетекшісі – Г.Н. Сырлыбаева
АҒҚ (аға ғылыми қызметкер) – М. Черкасова (декреттік демалыс)
КҒҚ (кіші ғылыми қызметкер) – Ибрагимова А.С. (декреттік демалыс)
КҒҚ – Вологодская В. (2016 ж. қыркүйектен бастап)

Жеке ғылыми тақырыптары

Сырлыбаева Г.Н.
Орталық жетекшісі Орыс суретшілері Қазақстанда. 1920-1940-жж.
Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ орыс өнері коллекциясы

Вологодская В.А.
КҒҚ Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорынан ежелгі орыс өнері

Музейдің ғылыми жұмысы экспонаттарды ғылыми зерттеуді талап етеді. Орталық қызметкерлері Батыс Еуропа гравюрасынан әрқайсысы 50 экспонатқа сипаттама жүргізуді ұйғарды. Туындыларды ғылыми атрибуттау: Сырлыбаева: Борисов-Мусатовтың «Әйел портретімен», Копелиович: Штраухтың «Сәбиімен» жұмыс жүргізуде. Вологодская сараптама комиссиясының құрамында, ол сараптама қорытындысын әзірлейді.

«Ежелгі орыс өнері», «Орыс өнері: Кескіндеме, түпнұсқа және баспа графика, мүсін», «Заманауи шет ел өнері. Кескіндеме, мүсін, қолданбалы өнер», «Шығыс өнері» (екі том), «Батыс Еуропа өнері. Кескіндеме», «Батыс Еуропа өнері. Баспа графика» маңызды бөлімдерін қамтитын мұражай қорының ғылыми каталогымен жұмыс жалғасуда. Осы басылымдарды мәліметтері бойыншв редакциялау, мәліметтерді анықтау, мақалалардың тілдерге аударылуын ұйымдастыру.
Конференцияларда сөйлеуге және жариялауға ғылыми мақалалар әзірленуде Сырлыбаева «Александр Риттих. Алғашқы шығармашылық онжылдық. 1917-1927 жылдар. Суретші өмірбаянын жаңаша қайта құру тәжірибем» материалын «Музей еңбектері» ұжымдық монографиясына жариялауға дайындау үстінде. . «Қастеев оқулары-2017» конференциядсына жасалатын баяндамалар: Сырлыбаева ҚР МӨМ қорындағы В. Борис-Мусатовтың «Әйел портреті» атрибуциялау мәселесі. Вологодская осы конференцияға дайындап жатан баяндамасы: «ҚР МӨМ қорындағы ежелгі орыс икондары. Металлопластика».

Қордан тақырыптық көрмелер ұйымдастырылады. Сырлыбаева «Жақын шет елдер өнері» тұрақты экспозициясы жобасымен жұмыс істейді, онда Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорынан Орта Азия, Балтық елдері, Ресей Федерациясы, Закавказье, Молдова, Украина, Беларусь суретшілерінің туындылары қойылып, көрсетіледі. Шығыс өнері тұрақты экспозициясын қалпына келтіру жоспарда тұр. «Гербановсикй. ҚР МӨМ қорынан», «Санкт-Петербург – орыс граверларының туындыларында» тақырыптық көрмелерде жоспарланды. Орталық қызметкерлері уақытқа көрмелер мен музейдің тұрақты экспозициясына жетекшілік атқарады.
Ғылыми орталық қызметкерлері экскурсия жүргізеді, дәріс оқиды, экспозицияның тақырыптық тараулары болынша әдістемелік талдаулар дайындайды.

Ғылыми сараптама орталығы

Ғылыми сараптама ғылыми-зерттеу орталығының қызметі туындылардың түпнұсқа екендігі мен олардың авторлығын анықтау мақсатымен өнер туындыларын зертеудің жоспарлы процесіне бағытталған. Бұл орталықтың жұмысының тұжырымдамасы оның құқық аясына негізделуімен, түрлі зерттеу әдістемелерін және құжат толтыру процедурасын меңгерумен байланысты. Ғылыми сараптама орталығының кадр құрамы – Ә.Ж. Жадайбаев, орталық жетекшісі, сараптама комиссиясының хатшысы – Г.Б. Молдашева. Сараптама комиссиясының жұмысы музейдіңибелі қызметкерлерінің зерттеген туындыларының алқалық талқылауына негізделген.
Көркемдік-ғылыми сараптаманы толықтай жүргізу стратегиясы мыналарға сүйенеді:

  • жеке коллекциялардың мәліметтер базасын құруға (мәліметтер базасының концепциясы мен құрылымы жетілдірілуде, фотосуретке түсірілуде, микроскоптың көмегімен зерттеу және микроскоптан көрінген көріністі мәліметтер базасына түсіру);
  • ҚР МӨМ қорындағы туындылар бойынша суретшілер Н. Хлудов, Ә. Қастеев, С. Калмыков, Ж. Шәрденовтің мәліметтер базасын құруға.
  • Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорынан сандық форматтағы түпнұсқа жазба мәліметтер базасын жасауға.

Орталық қызметі аясында өнер бұйымдарын атрибуцияланып, көркемдік баға беріледі. Жұмыс процесі кезінде сараптама кеңесі жиналысының хаттамасы жасалады, музейдің қор бөлімінде жұмыстық талқылаулар ұйымдастырылады.

Сыртқы байланыс және менеджмент орталығы

Орталықтын жетекшісі - Клара Исабаева, арт-менеджері - Акбота Алимхожина. Музей қызметінің маңызды бір қыры – оның қоғаммен, көрермендермен өзара тығыз байланысы болмақ. Орталықтың басты міндеттерінің бірі – қызметінің барлық түрін, оның коллекциясын, бүкіл әлемдік өнерді ақпараттық хабарлар арқылы дәріптеп, кеңінен таныту. Орталық қызметі көрермендерге музейдің мәдени-білім беру қызметі дәріс оқу, экскурсия жүргізу, музей мерекелері, шығармашылық кездесулер, тақырыптық кештер, семинарлар және т.б. сияқты жұмыстың түрлі формалары арқылы жүзеге асыруға бағытталған. Мәдени-білім беру қызметі аудиториямен бір рет қана байланыс орнатып қоймай, ұзақ уақыттық әрі оларды мұражайға жүйелі түрде келтіруге мақсатталуы тиіс.

Орталықтың міндеті – мақсатты аудиторияның түрлі сегменттерімен жұмыс істеу. Орталық қызметкерлері бұл бағытта келушілердің тұрақты контингентін қалыптастырудан әдістемелік және мақсатты жұмыс жүргізуді жоспарлауда.
Орталық қызметінің бағыттарына кіретіндер:

  • музей оқиғаларын талдау және жүзеге асыру;
  • музей оқиғаларын талдау және жүзеге асыру;
  • музейдің мақсатты мәдени-әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды тиімді түрде жүзеге асыруға бағытталған шығармашылық-өндірістік қызметін жарнамалық-маркетингтік және ақпараттық қолдауын жүзеге асыру;
  • заманауи экономикалық және мәдени-әлеуметтік жағдайларда мұражайды жетілдіру міндеттерін орындауға жаңа маркетингтік тәсілдерді зерттеу;
  • АҚ-пен және интернет-ресурстармен белсенді өзара әрекет ету; 
  • бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті және шет елдік мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен, дипломатиялық миссиялармен, шет елдік корпорациялармен байланыс орнату, алдыңғы қатарлы шет елдік тәжірибелермен танысып, соларды қолдану;
  • музей сайтын жүргізу; 
  • музей мүддесіне демеушілік қолдауға қаражат көзін іздеу. 

2017 жылға музейде жоспарланған іс-шараларда орталықтың атқаратын қызметі:

  • «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік»Ұлттық конкурсының қорытындысы бойынша PR-кампаниясын ұйымдастыру;
  • 5 баспасөз конференциясын, 7 баспасөз турын ұйымдастыру;
  • «Әсем әлем» өнер академиясын ұйымдастырып, оның жариялануына ықпал жасау;
  • 5 дөңгелек стол ұйымдастырып, жария ету; 11 «Музыкалық вернисаж» өткізу;
  • 4 көрмеге, оның ішінде шет елдік көрмелерге жетекші болу; 
  • музейдің жұмысы жайлы сұхбат беру. 

Дөңгелек столдар, семинарлар, шығармашылық кездесулер

2017 жылы бірқатар көрмелер мен жобалар, оның ішінде дөңгелек стол ілесе жүретін халықаралық жобалар мен көрмелер болады. . Пікірталас орын алатын алаңның бұл форматы талқылау барысында заман ахуалы контексіндегі суретшінің ролін анықтайтын, оның көркемдік тәсілін жақсы түсінетін мамандарды, суретшілерді, оқушылар мен БАҚ өкілдерінің басын қосады. Дөңгелек стол мұнымен қоса тыңдаушылардың көңілін өзіне аударып, айтулы ақпарат болары сөзсіз.

Дөңгелек столдар музей жобасында белгіленген мемлекеттік ауқымдағы барлық оқиғалар аясында өткізу жоспарланған. Маңызды көрмелерді талқылау:

  • Арий Школьныйдың туғанына 90 жыл толуына арналған мерейтойлық көрмесінік аясындағы дөңгелек – 12 қаңтар 2017;
  • Сергей Калмыковтың ауқымды жеке көрмесі аясында каталогымен таныстыру; 
  • негізгі халықаралық көрмелер; 
  • Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтйойлық көрме және оның шығармашылық альбомының таныстырылымы – желтоқсан 2017. 

ҚР МӨМ базасында қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыратын шығармашылық семинарлар: кескіндеме технологиясы бойынша; көркемсурет туындыларын методологиялық талдау бойынша; «Визуцалдық ойлау стратегиясы» бағдарламасын меңгеру бойынша.

Ғылыми-әдістемелік жұмыс

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде ұйым қызметінің негізгі бағыттарын реттейтін бес Кеңес: Көркемдік-әдістемелік кеңес, Ғылыми кеңес, Сараптамалық кеңес, Реставрациялық кеңес, Қор-сатып алу комиссиясы құрылған. Музейдің ғылыми-әдістемелік жұмысына көркемдік-әдістемелік кеңес басшылық етеді. Ол – музей қызметінің негізгі түрлерін жоспарлап, ұйымдастыруды үйлестіретін алқалық, консультативтік, кеңесші орган.Көркемдік-әдістемелік кеңес қызметінің аясында бірқатар маңызды мәселелер шешіледі, оның ішінде мұражайдың құрылымдық бөлімшелерінің жоспарлау-есеп беру қызметінің жүзеге асуын бақылап, музейдің дәрістік-экскурсиялық жұмысының стратегиясын жасайды, ғылыми қызметкерлердің, қор сақтаушылардың, экскурсия жүргізушілердің, дәріскерлердің ғылыми принциптерді, нақтылықты, көрнекілікті, көркемдікті сақтауын және берілетін музейақпараттарының жоғары сапалы болуын қадағалайды.

2017 жыл ағымында Көркемдік-әдістемелік кеңес жиналыстарын жүйелі түрде өткізу мынадай мақсаттар бойынша жоспарланды:

  • Мемлекеттік музейдің ғылыми жұмыстарының перспективалық жобалары мен бір жылдық жоспарларының жүзеге асуын бақылау;
  • экскурсияны жүйелі тыңдау, ғылыми-ағарту жұмыстарының тәжірибесін талқылау және қорытындылау; 
  • мемлекеттік өнер мұражайының концепцияларының, құрылымдарының, тақырыптық-экспозициялық жоспарлары мен тұрақты экспозицияларының және оның көрмелерінің жобаларын дайындау;
  • экскурсия жүргізуші мен ғылыми қызметкерге ғылыми-ағарту жұмысын жүргізуге (экскурсия жүргізуге, дәріс оқуға) рұқсат беру мүмкіндігін талқылау; 
  • ғылыми қызметкердің атқаратын қызметіне лайықтылығы туралы баға беру және аттестацияға ұсыну, ғылыми қызметкердің сынақ мерзімінен өткені туралы кепілдемелер, қызметкердің біліктілігін арттыру туралы ұсыныстар мен кепілдемелер беру;
  • музейдің мәдени іс-шараларының жетекшісін белгілеп, жобасының алғашқы концепциясын әзірлеп, жоспарын бекіту; 
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының, сондай-ақ инновацияларды енгізудің нәтижелілігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
  • ғылыми құжаттама жобаларын: зерттеу жобалары мен бағдарламаларды (қорларды, экспедицияларды, іссапарларды, шет елдік тағлымдамаларды, гранттарды жасақтау), экспозиция және көрме концепцияларын, тақырыптық-экспозициялық жоспарларды, экскурсия жүргізушіге көмек ретінде мәтіндерді, дәріс мәтіндерін, мақалаларды, ғылыми баяндамаларды, есептерді, әдістемелік зерттеулерді, жаңа экскурсиялар мен лекциялардың мәтіндерін, мәдени-көпшілік шараларды, білім беру бағдарламаларын, үйірмелер мен студия жұмысының жоспарларын қарастыру.

Ғылыми-дәріптеу жұмыстары 

Мұражайдың 2017 жылға жоспарында:

  • экскурсия, дәріс өткізу – 700;
  • келуші көрермендер саны – 100 000 адам;
  • көрме өткізу – 50.

Дәріс және экскурсия жұмыстары орталығының қызметі

Орталықтың басты міндеттерінің бірі – музей қызметінің барлық түрін, оның коллекциясын, бүкіл әлемдік мәдениетті дәріптеу.  Орталық жұмысының негізгі түрлері: экскурсиялар мен дәрістерді ұйымдастырып өткізу, дипломатиялық өкілдіктермен, қоғамдық ұйымдармен, қорлармен және барлық деңгейдегі оқу орындарымен байланыс орнатып, БАҚ-пен ақпараттық қызмет атқару, сондай-ақ түрлі жобаларды ұйымдастыру. Орталық қызметіне серіктес компаниялармен бірлесіп түрлі шығармашылық жобалар, соның ішінде практикалық шеберлік сабақтарын, балаларға арналған білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, сән үлгілерін көрсету. Жатады.

Орталықтың кадр құрамы 4 адам: орталық жетекшісі және экскурсия жүргізушілер.
2017 жылы мәдени-білім беру қызметі келушілердің әлеуетті контингентін кеңейтіп, қалыптастыруға бағытталып, алға қойылған міндеттерді орындау мұражай қызметкерлерінің, қаладағы оқу орындарының ұстаздарының өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде, олардың көркемдік білімін молайтуда және әлемді эстетикалық қабылдауда күштерін біріктіре түседі.

Шын мәнінде, нақ осы орталық – мұражай мен көрермендер аудиториясын жалғаушы буын. Қызметкерлері музей өміріне, музей жобаларын ұйымдастырып, жүзеге асыру ісіне белсене араласады.
Алғашқы орында тұрған жұмыс түрлері:

  • экскурсия мен дәріс ұйымдастырып, өткізу;
  • мемлекеттік маңызы зор даталарға орайластырылған көрмелерді өткізуге араласу; 
  • аудиогидке және ақпараттық дүңгіршекке байланысты жұмыстарға ат салысу; 
  • халықаралық әйелдер күніне, Наурыз мерекесіне лайықталған музей жобаларын ұйымдастыру;
  • мектеп оқушыларының каникулы кездерінде мектеп жасындағы балаларға арналған музейдің «Ғажайып шам» атты тұрақты жобасын іске асыру;
  • музейдегі квест сияқты түрлі жастағв адамдарға арналған біреегй бағдарламаларды жетілдіру. 

Орталық қызметкерлерінің жоспарында 7 көрмеге жетекшілік міндеттелген.

Көрме-экспозиция жұмысы

Көрме – музей коллекциясын қайта таныстыру құралы. Экспозиция кеңістігінен жинақтамадағы інжу-маржандар ғана емес, еліміздің көркемдік алтын қазынасына кірген ең үздік туындылар орын алады. Экспозиция – қордың бір бөлігі ғана, бірақ оның ең үздік үлгілері. Көрме алаңдар залдарға бөлінген. Оонда экспонаттар хронологиялық тәртіп ойынша орналастырылған, көрермендерді өнердің негізгі тарихи даму сатыларымен таныстырады.
Музей экспозициясы басты-басы екі тарауға бөлінген: олар – тұрақты көрмелер және уақытша көрмелер.

Тұрақты экспозициядағы тараушалар:
Ә. Қастеевтің мемориалдық залы; 
1930-1990-жж. Қазақстан өнері (кескіндеме, мүсін) 3 залда;
Қазақстанның қазіргі заманғы өнері;
Қазақтың халықтық қолданбалы өнері; 
ХХ ғасыр және қазіргі заман (заманауи шет ел өнері);
Орыс өнері;
Батыс Еуропа өнері;
Шығыс елдерінің өнері.

Бірнеше жыл қатарынан көрерменге көрсетілген тұрақты Шығыс өнері залын қалпына келтіру жоспраланды.В 2017
Орталық көрме залы Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің құрылымдық бөлімшесі ретінде жұмыс істейді, онда музей қызметі аясында түрлі көрмелер мен жобалар жиі өткізіледі.

2016 жылы Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ мен ОКЗ-да болатын көрмелер жоспарының шамаланған жоспары

2017 жылы кем дегенде 50 көрме өткізу жоспарда, оның ішінде 7-уі халықаралық көрме.

Ақпараттық технология және баспа қызметі орталығы

Орталықтың кадр құрамында 5 адам жұмыс істейді: Сатыбалды Н.Н., орталық жетекшісі, Қышқашева К.Б., аудармашы, Байрамов Л. суретші-дизайнер, Есжан Ш., бағдарлама инженері, Кажыахмет Н., суретші-дизайнер.

Орталықтың қызметіне баспа жұмысының алуан түрі, музей жобаларын техникалық қолдау, мұражайдың кәдесый өнімдерін әзірлеп, жасау кіреді. 2017 жылға жоспарланған жұмыстар:
1. Баспа қызметі:

  • «Қастеев оқулары» конфренциясы баяндамаларының жинағын басып шығару. Жұмыстың аяқталу мерзімі – ақпан – наурыз;
  • музейде өтіп жатқан іс-шараларға афишалар мен буклеттер даярлау

2. Техникалық жобалар:

  • келушілер үшін ақпараттық интерактивтік дүңгіршекті іске қосу;
  • музей аудиогидін іске қосу;
  • музей іс-шараларын техникалық қолдау. Жыл ағымында;
  • музейдегі компьютерлер мен оргтехникаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жұмыс тәртібіне келтіру. Жыл ағымында; 
  • LED-экрандағы ақпараттың жаңартып тұру.

3. Сувенирная продукция

  • Универсиада-2017-ге кәдесый өнімдерін дайындау;
  • музейдің кәдесый өнімдерін әзірлеп, жасау. Жыл ағымында. 

4. Әлеуметтік жобалар
2017 жылы таныстырылымы ауқымды көркемсурет көрмесі шеңберінде өтетін С. Калмыковтың каталогын (таралымы 1000 дана) әзірлеп, басып шығару Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің баспа жұмысындағы басты оқиға болмақ.

Таныстырылымы 2017 ж. желтоқсан айына жоспарланып, ауқымды көрме шеңберінде өтетін Айша ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық альбомына қаражат іздестірілуде.

«Музей еңбектері» басылымы мен «Қастеев оқулары-2017» конференциясының қорытындысы бойынша жинақты беттеу, редакциялау, материалдарды аудару. Осылар мен басқа да авторлық ғылыми жарияланымдар орталықтардың ғылыми жұмыстар бөлімінде жазылған. Орталық музейдегі барлық инновациялардың техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді: аудиогидтер, LED-экрандағы ақпаратты жаңарту, ақпараттық дүңгіршекті толтыру, QR-кодпен жұмыс, 3D галереясы бойынша жұмысты жалғастыру.
ЭКСПО-ның өтуіне байланысты осы бөлімге көп жұмыс жүктеліп отыр, аталған жобалардың барлығы ақпараттық технология және баспа қызметі бөлімінің қызметкерлері жүзеге асырады.

Әкімшілік-шаруашылық қызметі

Инженерлік-техникалық қызмет орталығы музей ғимаратының бүкіл желісінің жұмыс істеп тұруын қадағалап, реттеп тұрады. Орталықтың 2017 жылға жоспары:

1 2017 жылға коммуналдық қызметтермен келісімшартқа отыру (Энергосбыт, Бастау, ТоспаСу, АлТС) Қаңтар
2

 Жылу, ауа желдету, электр және сантехника қондырғылары жүйесінің жұмысын бақылау Жыл ағымында

Қаладағы электр жүйесінің апатты жағдайларында (өшіп қалғанда) жұмыс істеуге арналған дизельді генератор қондырғысын жөндеу     

Ақпан-наурыз
3 Су шығынының көрсеткішін қашықтан түсіру үшін су өлшегіш модемін орнату. Бекхожин к., 6а Ә. Қастеев мұражай-үйіндегі көрсеткішті қашықтан түсіру үшін модемді жылу өлшегіш аспапты орнату. Келісімнің 6.2.10 тармақшасы бойынша АлТС ЖШС талап қойып отыр.  Ақпан-наурыз
4 Екі тоңазытқыш машинаны сумен жабдықтайтын екі насосты жөндеу Наурыз-сәуір
5 Пайдаланылған люминецентті шамдарды кәдеге жаратуға тапсыру Наурыз
6 № 1 тоңазытқыш машинаны (чиллер) жазғы маусымға дайындау № 2 тоңазытқыш машинаны жөндеу Сәуір-мамыр
7 Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ, ОКЗ, Ә. Қастеев музей-үйіндегі бақылау-өлшеу аспабын мемлекеттік тексеру Мамыр-маусым
8 Электр қуатын үнемдеу мақсатымен № 1 және № 2 чиллерлерге реактивті қуатты конденсатор сатып алып, орнату Мамыр-маусым
9 Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ, ОКЗ, Ә. Қастеев мұражай-үйіндегі жылу және желдету жүйелерінің қысымын тексеру және сумен сынақтан өткізу Маусым-шілде
10 Газды өрт сөндіру жүйесін ауыстыру Маусым-тамыз
11  Ә. Қастеев мұражай-үйіндегі пластикалық жылыту трубаларын металл трубаларға ауыстыру. 
03.04.2013 ж. ҚР ЕЖ № 3 тармағының бұзылуы туралы 10.02.2012 Зерттеу актісіне сәйкес АлТС ЖШС талап қойып отыр
Шілде-тамыз
12 Жылу маусымы аяқталғаннан кейін келесі жылыту маусымына дайындау мақсатымен элеватор мен жылу жүйесі трубаларында профилактикалық жұмыстарды жүргізу Шілде-қазан
13 Жылу маусымының басталуына қажетті инстациялардан керекті құжаттар дайындап, рұқсат алу Тамыз-қыркүйек
14 Мұражай аумағы мен ішкі ауланы көріктендіру Наурыз-сәуір
15 Сыртқы кәріз жүйесін тазалау жұмысын жүргізу Тамыз-қыркүйек

 Қыскаша қорытынды 

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының қызметі Қазақстан халқының мәдени және тарихи жадысын сақтауды басты міндет еткен негізгі мақсатын жүзеге асырғанда орындалады. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік мәдени саясаты стратегиясы шеңберінде аясында жүзеге асады.

2017 жылы бірқатар ауқымды шараларды өткізу ойластырылды, олар:

  • музейдің ЭКСПО-2017 бағдарламасына қатысуы – Қазақстан өнерін таныстыратын үш мультимедиалық жоба;
  • музей базасында өнер, дизайн, экологияны біріктіретін, ЭКСПО-2017-ге орайластырылған Open Air Art Fest  өнер фестивалін ұйымдастыру;
  • ғылыми бағдарламалар, оның ішінде жыл сайынғы «Қастеев оқулары» ғылыми-практикалық конфренциясы;
  • ауқымды ретроспективтік көрмелер аясында суретшілер С Калмыковтың каталогы мен Айша Ғалымбаеваның мерейтойлық альбомын шығару; 
  • әлеуметтік көрмелер; 
  • музейді жаңғырту бойынша алуан түрлі бағдарламалар;
  • музей қызметіне инновация енгізу: ақпараттық дүңгіршекті іске қосу; 
  • музейдің PR-қызметін жүзеге асыру, соның ішінде БАҚ-пен және әлеуметтік желілермен белсене бірігіп жұмыс істеу;
  • көрермен аудиториясымен жоспарлы жұмыс; 
  • музей қорын толықтыру;  
  • музейде шет елдік көрмелер өткізу, сол сияқты шет елдерде Қазақстан өнерін ұсыну;
  • музейаралық ынтымақтастықты күшейту; 
  • кәдесый өнімдерін шығару.

Музей 2017 жылы  50-ден аса көрме (оның ішінде 7-уі халықаралық), 500 экскурсия және дәріс ұқйымдастырып өткізуді, кем дегенде 100 000 көрерменнің келуін қамтамасыз етуді жобалайды.