facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУІБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МҰРАЖАЙЫ

логоказ

Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МҰРАЖАЙЫНЫҢ 
МӘДЕНИ ДАМУ МЕМЛЕКЕТТІК СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

2015 жылдың жұмыс есебі

 

Алматы, 2015

 Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының қызметі ұлттың мәдени кодын сақтап, келер ұрпаққа жеткізіп отыратын институт болып табылатын мұражайдың басты міндетін орындауға бағытталған. Мұражай қызметтің сан алуан түрін қамтиды, олар: коллекцияны жинақтау және есебін алу, ғылыми-зерттеу жұмысы, реставрация, қалың көрермендер аудиториясына әлемдік өнер туындыларын насихаттау.

2015 жылы мұражайда қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы сияқты маңызды тарихи атаулы күндерге арналған шаралар жоспарланған болатын. Сондай-ақ, 2015 жыл мұражай үшін мерейтойлы жыл болды – еліміздегі аға буын көркемсурет мұражайының құрылғанына 80 жыл толды. Осы атаулы оқиғаларды атап өту барысында мұражай көрмелер, дөңгелек столдар, ғылыми конференциялар, концерттік бағдарламалар өткізу сияқты т.б. қызметтің түрлі формаларын қолға алып, оларды табысты өткізді.

Жыл басынан бастап мұражай ұйымдастырып, өткізген шаралар: 

Көрмелер (ҚР МӨМ және ОКЗ) – 85 (кестесі қосымша беріледі);
Дөңгелек столдар мен баспасөз конференциялары – 17:

1. «Еңбек – мақсат, өмір, озық ой» көрмесінің қортындысы бойынша дөңгелек стол, 29 қаңтар;
2. Олжас Сүлейменовтің қатысуымен Еркін Мергеновтің көрмесі бойынша дөңгелек стол, 24 сәуір;
3. Ербосын Мелдебековтің «Мәңгілік оралу» көрмесі бойынша дөңгелек стол, ақпан; 
4. «Музыкалық вернисаж» жобасы бойынша баспасөз конференциясы, 4 сәуір;
5. ҚР МӨМ «Болашақтың мұражайы» ұзақ мерзімдік жобасы аясындағы «Виртуалдық 3D галерея» жобасы бойынша баспасөз конференциясы», 22 маусым;
6. «Ежелгі Шығыс аңыздары мен мифтері» көрмесі бойынша баспасөз туры, 29 шілде;
7. Үкі Әжиевті еске алу кеші, тамыз;
8. Ресей өнертанушыларының қатысуымен Е. и В. Воробьевтардың «Суретші ұйқы үстінде» көрмесі бойынша дөңгелек стол, қыркүйек;
9. Санкт-Петербург заманауи суретшілерінің «Ұлылармен сұхбат» көрмесі бойынша дөңгелек стол және баспасөз туры, 4 қыркүйек;
10. Мұражайдың 80 жылдығына арналған баспасөз конференциясы, деректі фильмнің көрсетілімі және альбомның таныстырылымы, 23 қыркүйек;
11. Катя Школьниктің «Жоғалған уақыттың генетикалық кілті» көрмесі бойынша баспасөз туры (Мәскеу, Лондон), 28 тамыз; 
12. Зураб Церетелидің шығармашылығы бойынша дөңгелек с стол, 8 қазан; 
13. Зураб Церетелидің шығармашылығы бойынша баспасөз конференциясы, 8 қазан; 
14. «Art&Fact» көркемсурет коллекцияларының аясында дөңгелек стол, 30 қазан;
15. Нағымбек Нұрмұхаммедовтің шығармашылығы бойынша дөңгелек стол және оның альбомының таныстырылымы, 26 қараша; 
16. Галереяшы Зики Пенгпен бірге болған дөңгелек стол (Париж), 14 желтоқсан;
17. Азат Әкімбектің «Ұйғыр сәндік-қолданбалы өнерінің коллекциясы» атты көрмесінің баспасөз-туры, 2 желтоқсанда.

Конференция – 4 

1. «Алматы – ислам мәдениетінің орталығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Алматының әлемдік ислам мәдениетіндегі ролі мен маңызы» секциясы, 24 ақпан; 
2. Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ұйымдастырған ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына арналған «Қазақ және венгер телевидениесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 26-27 наурыз; 
3. Мұражайдың 80 жылдығына арналған «ХХІ ғасыр мұражайы. Даму стратегиясы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 25-26 қыркүйек;
4. Жыл сайын өтетін ғылыми-практикалық конференция «Қастеев оқулары-2015», 25 қараша;

otchet 7otchet 8

otchet 9

 

 

 

 

 

 

Семинар – 1:
Смитсон институты (Вашингтон) ғалымдарының қатысуымен «Ақындар мен музыканттардың мұражайлардағы образдарын халық назарына ұсыну», 13 шілде;

«Музыкалық вернисаж» концерттік бағдарламасы– 9;

Жоба – 6:
1. Халықаралық мұражай күніне арналған «Мұражай түні» жобасы: шеберлік сағаттары, концерттер, көрмелер, думанды бағдарламалар, сән дефилесі, пленэр, конкурс, экскурсия, 22 мамыр; 
2. “Villa Picnic” қалалық форматының жобасы – мұражайдың арт-павильоны, 30 маусым;
3. Халықаралық балалар күнін мерекелеу аясындағы жоба, шілде;
4. ҚР МӨМ «БОЛАШАҚТЫҢ МҰРАЖАЙЫ» ұзақ мерзімдік жобасы аясындағы «Виртуалдық 3D галерея» жобасының таныстырылымы, шілде;
5. «Street Dinner» ауқымды мәдени-әлеуметтік жоба, 18 шілде;
6. Kazakhstan Fashion Week, 13-15 қазан.

I. ҚОР ЖҰМЫСЫ
Мұражайдың тұрақты сақтау қорына жыл басынан бері 157 экспонат, ал көмекші қорына 1 экспонат қабылданды.
Орталық қызметкерлері туындыларды салыстыру, мұрағаттау, сақталу күйлерін тексеру, реставрациялауды қажет ететін жұмыстарды іздестіру бойынша ұдайы жұмыс істейді. 168 туынды реставрацияланды. Уақытша және тұрақты экспозицияға берілген жұмыстар қадағаланады, сақтаудағы бұйымдарды орналастыру топографиясы сақталынып, қор есебі жүргізіліп тұрады.

II. ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ
Мұражайдың ғылыми қызметінің басты нәтижесі мерейтойлық альбом болып саналады. otchet 1Ол үшін мұрағаттық мәтіндік және фотосуреттік материалдарды жинақтау мен жүйелеуден үлкен жұмыс жүргізіліп, мұражай коллекциясының басты тақырыптық бөлімдері бойынша мақалалар жазылып, иллюстрациялы материалдар іріктеліп алынды. 
Мұражай стратегиясын жетілдіруге байланысты өзекті тақырыптарға арналған баяндамаларын жасап, мұражайдың халықаралық мерейтойлық көрмесіне қызу араласқан мұражай ғылыми қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша конференция резолюциясы жарияланған баяндамалар жинағы жарық көрді.

Қорды тізімдеу (каталогизация) және экеспонаттарға ғылыми сипаттама жасау жұмысы жалғасуда. 
Ғылыми қызметкерлер мұражайдың ішкі іс-шараларынан басқа конференцияларға, дөңгелек столдарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, оның ішінде шет елдік конференцияларға да белсене араласады.

Ғылыми сараптама орталығы
otchet 2Көркем туындыларды атрибуциялау үшін ғылыми зерттеу жасау мақсатымен 2015 жылы мұражайда ғылыми сараптама орталығы құрылып, жұмыс істей бастады. Оның жұмысы үшін Орталық туралы Ереже жасалып, Сараптама комиссиясы туралы Ереже қайта қаралды. Есептік кезеңде ғылыми сараптамаға 152 туынды қарауға алынды, оның 112-сі қабылданып, 40-ы кері қайтарылды.

 

 

Мұражай қызметкерлерінің кенференциялар мен форумдарға қатысуы:

- «ХХІ ғасыр мұражайы» форумы, Астана, қаңтар; 
- ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына арнап Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ұйымдастырған халықаралық «Қазақ және венгер телевидениесі» ғылыми-практикалық конференциясы, 26-27 наурыз.
Қазақстан шығармашылық интеллигенциясының форумы, Астана, 30 наурыз; 
- Халықаралық мұражай күніне арналған «Мұражай және қоғамның орнықты дамуы» атты республикалық конференциясы, Астана, 14 мамыр; 
«Теляковский. Елге оралу». Ресейде шығармашылық тәжірибе жинақтау (стажировка). Ұйымдастырушысы Дмитрий Лихачев қоры. Санкт-Петербург, 11 мамыр;
«Алматы – ислам мәдениетінің орталығы-2015» халықаралық конференциясы, ақпан;
Мәдени құндылықтарды сақтау және көпшілікке таныту бойынша республикалық ғылыми-практикалық конференция. ШҚО, Өскемен, 15 мамыр;
Сырлыбаева Г.Н. "В.В. Теляковский. Елге оралу" Ресейдегі шығармашылық тәжірибе жинақтаулар. Д.С. Лихачев қорының Санкт-Петербург сыртқы байланыс комитетінің қолдауымен Б.Н. Ельциннің Президенттік орталығымен бірлескен жобасы. 11-15 мымыр 2015 жыл, Санкт-Петербург. 
«Мәдени құндылықтарды сақтау және көпшілікке таныту бойынша жұмыс тәжірибесі» мұражай басшылары мен мамандарының халықаралық семинар-кеңесі, Өскемен, 29 мамыр;
- Халықаралық Жібек жолы мәдени форумы, 16-20 қыркүйек;
- «Заманауи Шығыс өнері» 1-халықаралық халықаралық конференциясы. Ресей Көркемсурет академиясы, Заманауи өнер мұражайы, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің Мемлекеттік өнертану институты, Мемлекеттік Шығыс өнері мұражайы, Жоғарғы экономика мектебі, 6-9 қазан 2015 ж, Мәскеу;
- Астанадағы мәдени форум, 22-23 қазан.

КӨРМЕ ҚЫЗМЕТІ

2015 ж. мұражайда 85 көрме өткізілді, оның 9-ы – халықаралық, 5-уі – республикалық.

Уақытша көрмелер
№      Күні                                            Атауы
1.    20.01-01.03       Батыс Еуропа гравюрасының көрмесі. «Дюрерден Домьеге дейін». Мұражай қорынан
2.    27.01.-02.03.     В.В. Каптеревтің туғанына 115 жыл толуына арналған жеке көрмесі
3.    11.02 бастап      30-60-жылдардағы Қазақстан бейнелеу өнері. Үш суретшінің: Владимир Эйферт, Сергей Калмыков, Исаак                                                                        Иткиндтің көрмесі. Мұражай қорынан
4.    11.02 бастап     Суретші Жанатай Шәрденовтің көрмесі. Мұражай қорынан
5.    11.02-11.03      Орталық Азиядағы қазіргі заман суретшісі Ербосын Мелдебековтің көрмесі: «Мәңгілік оралу». 28 жоба
6.    20.02 бастап      Қолданбалы өнер көрмесі 
7.    05.03. - 30.04    ЮНЕСКО-ның 70 жылдық мерейтойы аясында қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіне арналған «Ұлттық                                                                             ойындар – халық мұрасы» көрмесі
8.    06.03-31.03       Суретші Николай Газеевтің «Зүбәржат-жасыл…» атты жеке көрмесі. «Тәңірі-Ұмай» заманауи өнер галереясы
9.    03.04.-25.04      Еркін Мергеновтің туғанына 75 жыл толуына арналған жеке көрмесі
10.  08.04.-10.05      Борис Пактың туғанына 80 жыл толуына арналған жеке мерейтой көрмесі. Мұражай қорынан 
11.  22.04.-22.05      Евгений Сидоркиннің туғанына 85 жыл толуына арналған жеке мерейтой көрмесі. Мұражай қорынан
12.  29.04.-17.05      Нағымбек Нұрмұхаммедовтің туғанына 90 жыл толуына арналған жеке мерейтой көрмесі. Мұражай қорынан
13.  06.05.-28.05      Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ мен ҚР-дағы АҚШ елшілігінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына                                                                    арналған «Майданда да, тылда да...» атты бірлескен көрмесі
14.  12.05.-29.05      «Қытай фарфоры. Дәстүрлер жәәне қазіргі заман» көрмесі

15.  15.05.- 02.06     Гүлфайрус Ысмайылованың туғанына 85 жыл толуына арналған жеке мерейтой көрмесі. Мұражай қорынан
16.   19.05.-31.05     «БонАрт» аукцион үйінің көрмесі
17.   22.05 бастап     «Қазақстан кескіндемесінің классикасы» көрмесі
18.   29.05.-18.06      Құндыз Жылыбаеваның жеке көрмесі, гобелен
19.   09.06.-30.06      Алексей Фирсовтың жеке көрмесі. Ресей, Мәскеу 
20.   12.06.-06.06      Зайнитдин Юсуповтың туғанына 85 жыл толуына арналған жеке мерейтой көрмесі
21.   18.06.- 09.07     «Ислам діни сәулет өнері» көрмесі. «Алматы – ислам мәдениетінің астанасы» аясында. Мұражай қорынан 
22.   03.07.- 23.07     Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала жаңғырығы» көрмесі
23.    11.07.-31.07     Сергей Варыгиннің фотомектебі түлектерінің фотокөрмесі
24.    28.07.- 08.10    «Шығыс аңыздары мен мифтері» көрмесі. Мұражай қорынан
25.    07.08.-28.08     Молдахмет Кенбаевтың туғана 90 жыл толуына арналған жеке мерейтой жеке көрмесі
26.     19.08               Суретшіні еске алу кеші аясында Үкі Әжиев туындыларынан мини-экспозиция 
27.    20.08.-20.09     Виктор және Елена Воробьевтардың «Суретші ұйқы үстінде» көрмесі
28.    27.08.-30.09     «Жеке коллекция жауһарлары» көрмесі. Нұрлан Смағұловтың жинақтамасынан 
29.    28.08.-28.09     Выставка Кати Школьник «Жоғалған уақыттың генетикалық коды». Ресей. Мәскеу
30.    04.09.-04.10     «Parallel words» шығармашыл тобының (Ресей) «Ұлылармен сұхбат» көрмесі
31.    15.09.-30.10     Ә. Қастеев атындағы МӨМ 80 жылдық мерейтойына арналған «Өнерді өнермен өрнектеп...» атты көрме. 
                                                                                 Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорынан 
32.    1.10 бастап       Коллекциялық кескіндеме және графика
33.    15.09.-30.10     Ә. Қастеев атындағы МӨМ 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ КСР-іне 15 жыл. 1935 жыл» атты                                                                                көрме. Реконструкция
34.     01.10               Зохра Доксидің зергерлік әшеекейлері мен эскиздерінің көрмесі 
35.    01.10.-10.10     Герман Консулдығымен бірлескен «Германия мануфактуралары» фотокөрмесі
36.    02.10.-02.11     Көркемсурет галереяларының «Аrt & Fact» көрмесі 
37.    08.10.-09.11     Зураб Церетелидің жеке көрмесі. Ресей. Мәскеу
38.    13.10.-08.11     В. Власовтың «Уақыт шытырмандары» жеке көрмесі. Ресей. Мәскеу
39.    27.10-17.11      Ш. Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер мұражайының қорынан                                                                          «Ақжайық жағалауы сыр шертеді» көрмесі 
40.    30.10.-20.11     Зергер суретші Аман Мұқажанның жеке көрмесі

41.    04.11.-25.11      Ғани Баянның «Акварельдер» жеке көрмесі
42.    05.11.-26.11      Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған графика көрмесі. ҚР СО-мен бірлескен көрме
43.    11.11.-02.12      Мүсінші Т. Бинашевтың көрмесі 
44.    11.11.-02.12      Суретші Ж. Күшікбаевтың көрмесі

45.    11.11.-23.11      «Bon Art» халықаралық аукцион үйінің 9-сауда-саттығының аукцион алдындағы көрмесі 
46.    20.11.-11.12      Кармине Барбароның жеке кескіндеме көрмесі
47.   24.11.- 08.12      Мүскіндігі шектеулі шығармашыл жандарды қолдау әлеуметтік жобасы аясында Н.Е. Торпақованың көрмесі                                                                     (моншақ, кесте)
48.    27.11.-21.12      Азат Әкімбектің коллекциясынан ұйғыр өнерінің көрмесі 
49.    04.12.-28.12      Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған кескіндеме және қолданбалы өнер көрмесі. ҚР СО-мен                                                                                  бірлескен көрме 
50.   10.12.-05.01       Всеволод Теляковскийдің «Әлем халықтарының киімдері» суреттерінің көрмесі 
51.   16.12.-30.12       «Таңбалы петроглифтері» көрмесі
52.   10.12.-02.01       Француз фотосуретшісі Франц Фогельдің көрмесі. ҚР-дағы Франция Елшілігімен бірлескен көрме

otchet 4

otchet 5otchet 6

Келесі тақырыптық бөлімдер қосылған мұражайдың тұрақты экспозициясына біраз жаңартулар жүргізілді:
«Қазақтардың дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнері» экспозициясы,
«XV-XIX ғасырлардағы Батыс Еуропа өнері» экспозициясы,
«ХХ ғасыр және қазіргі заман» экспозициясы.

IV. КЕЛУШІЛЕРМЕН ЖҰМЫС
Мәдени-білім беру қызметі және экскурсиялық қызмет көрсету

Жыл бойы келген адамдардың саны – 100 800 адам.

ЭКСКУРСИЯЛАР ЖӘНЕ ДӘРІСТЕР
Орталықтың есептік кезеңде ұйымдастырып, орындаған экскурсиялары мен дәрістері:
Қамқорлық экскурсиясы – 241, оның ішінде шет ел тілінде жүргізілгендері де бар,
оқушылар мен студенттерге – 258, 
ересектерге – 201, оның ішінде шет ел тілінде жүргізілгендері де бар,
дәріс саны – 72,
мұражай қонақтарына қала мен оның маңын аралатып жүргізген қамқорлық экскурсиясы - 28
барлығы – 700.

Шақырылған дәріскерлер:

Джовани Онтонелло (Италия) – «Kazakhstan Fashion Week» жобасы аясында «Бейнелеу өнерін көктей өткен сән әлемі» дәрісі – 15 қазан;

Мамбеков Ефрат Бағдатұлы. Қаланың сот ұйымдарының қызметкерлеріне арналған дәріс – «Қазақ хандығына 550 жыл» – 28 сәуір;

Тимати Нафтали (США) «Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі кеңес-американ ынтымақтастығының құпия тарихы» – 20 мамыр;

Батурина Ольга Владимировна. Дәріс – «Әлем мұражайлары. Уақыт кеңістігі» – 22 мамыр;

Ұлыбритания резиденциясының суретшісі Зоуи Бенбоу, мұражайлық дәріс – 24 мамыр; 

Виталий Пацюков (Мәскеу, ГЦСИ), Жиырмасыншы жылдардағы мәдениет және оның заманауи негізі» дәрісі – 29 тамыз;

«Заманауи Еуропа галереяларының қызметі», жетекшісі әрі галереяшы Зики Пенг, Париж, 14 желтоқсан.

Келушілерді тарту жұмыстары
Мұражай мақсаттық аудиторияны тарту үшін мақсатты жұмыстар атқарып келеді. Орта және жоғарғы білім орындарымен мұражайға келу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жалғасын табуда. 2015 жылы Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА-сымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, № 11 гимназиямен келісімшарт жасалды. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясымен жасалған ынтымақтастық мұражайға келушілер үшін балама бағдарлама құруды талап етеді. 

Инновациялық жұмыстар, жобалар

• Халықаралық мұражай күніне арналған іс-шаралар кешені – 22 мамыр;
• «Балаларды қорғау күніне» арналған мерекелік іс-шаралар кешені – маусым;
• «Villa Picnic» жобасына қатысу үшін арт-павильон – маусым;
• Ә. Қастеев ат. ҚР МӨМ-нің ұзақ мерзімдік «БОЛАШАҚТЫҢ МҰРАЖАЙЫ» бағдарламасы аясындағы «Виртуалдық 3D галереясы» жобасының таныстырылымы – шілде;
• «Street Dinner» мәдени-әлеуметтік жобасы – шілде;
• «Kazakhstan Fashion Week» жобасы.

Халықаралық мұражай күнін мерекелеу

Бұл шара мұражайда ұдайы өткізіледі, бірақ биылғы жылы бірінші рет ғылыми-танымдық, көркемдік-танымдық, мәдени-ойын-сауықтық және интерактивті оқиғалардың басын қосып, көрермендердің ерекше ілтипатын тудырды. Бұл оқиға нағыз өнер фестиваліне айналды. Мұражай келушілерге өз есігін 22 мамыр күні сағат 11.00-де ашып, қонақтарды түн ортасына дейін қабылдады: олар мұражайға тегін кіріп, оларға тегін қызмет көрсетілді: экскурсиялар мен дәрістер жүргізді, «Мұражай келушілер көзімен» пленэрі, А. Кравчук (Санкт-Петербург) пен Ю. Тарлердің (АҚШ) шеберлік сабақтары, АТУ студенттері мен түлектерінің концерті мен сән дефилесі өтті. «Көшірмесін тап» атты интерактивті ойын ерекше форматқа ие болды – көрермендерге мұражай экспозициясы кеңістігіне күні бұрын қойылған картинаның көшірмесі ұсынылды. Күні бойы келушілерге тегін экскурсия жүргізілді. Салтанатты рәсімнің жабылуы Алматы қаласындағы жалпы саны он мұражайды біріктірген «Мұражай түні» шарасының бірлесіп өтуіне мұрындық болған Мәдениет басқармасының бақылауындағы «Алмамәдениет» ҚҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл күні келушілердің саны рекордтық көрсеткішке жетті – 3150 адам болды. Келушілердің ең көп келген кезі – кешкі концерттік бағдарлама уақыты деп белгіленді.

«Музыкалық вернисаж» эксперименттік жобасы
Мұражай әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, көрермендермен жұмыс істеудің ұмыт қалған формасын іске асыра бастады. «Музыкалық вернисаж» жобасы мұражай коллекциясы фонында тақырыптық музыкалық кештерді ұсынады. Жобаның міндеті – келушілердің назарын аудару үшін өнердің әр түрінің басын қосу, жұмыстың қалыптан тыс ерекше түрімен қызығушылықты арттыру жолымен мұражайдың бедел-абыройын көтеру.
Жыл басынан бері айына бір рет орташа мерзімділікпен жеті жоба өткізілді. Іс-шаралар аясында классикалық аспап, дәстүрлі ұлттық, джаз вокал музыка кештері өткізіледі. 
Жобаға қатысушылар:
1. «Тұран» фольклорлық ансамблі, сәуір;
2. Композитор Сайраштың музыкасы (Алматы консерваториясының аспиранты Анна Антипова, джаз импровизаторы Виктор Хоменков және Астанадан қазақтың этникалық аспаптарының көрнекті беспаспап шебері Еділ Құсайынов), мамыр; 
3. Пианиношы Нұргүл Нүсіпжанова, опера әншісі Айжан Ботабекова, маусым;
4. Дина Хамзинамен өткен классикалық музыка кеші – Астана опера, шілде; 
5. Ирэна Аравинамен өткен француз джазының кеші, тамыз;
6. Скрипкашы Аида Аюпова мен пианиношы Гүлжан Өзенбаеваның «Алтын дуэті», қыркүйек;
7. Опера әншілері Андрей Трегубенко және Клавдия Потемкина, қазан;
8. Ирэна Аравина мен Сергей Проньконың джаз тобының «Жібек жолы» джаз кеші, қараша;
9. «Мәңгілік ел», желтоқсан. 

otchet 17otchet 19otchet 18

 

 

 

 

 

 

 

Мұражайды жаңартып жетілдіру аясындағы жобалар

Қазақстанда тұңғыш рет Қазақстан мүсіні 3D-каталогының басылымының жұмысы қолға алынды. Мұражай қызметін жаңғыртып жетілдіру шеңберінде қарауға және 3D нұсқасында басып шығаруға санмен белгіленген 50 экспонат енгізілді. Оның алғашқы нәтижелері 2015 ж. шілде айында Астана қаласында өткен «Астана Арт-фест-2015» фестивалінде көпшілік назарына ұсынылды. 
1. Мұражай экспозициясының шет ел тілдерін кеңінен қамтыған аудиогидін шығару қола алынуда.
2. Мұражайға кіре берісте орналасқан үлкен LED-экранда белгілі картиналардың элементтері ерекше қимылға келіп, анимациялық сипат алған «Жан біткен суреттер» жобасы іске қосылып, жұмыс істеуде. Ол мұражайға үстеме қызығушылық тудыратыны анық.
3. Мұражайдың тұрақты экспоззициясы туралы ақпаратымен QR-код-ты орналастыру ісі жалғасуда

Мерейтойлық іс-шаралар

Мұражайдың 80 жылдығы шеңберінде мынадай оқиғалар болып өтті:
Шет елдік және қазақстандық беделді мамандар қатысқан «ХХІ ғасыр мұражайы. Даму стратегиясы» ауқымды ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды.
Жұмыс нәтижесінде баяндамалар жинағы шығарылды, ал қабылданған резолюция мәдени саясат стратегиясынына жасалған маңызды талдау болды. Мұражай қызметі туралы деректі фильм түсірілді – хронометраж 20 минут. 
Мұражай коллекциясы мен қызметі жайлы мерейтойлық каталог шығарылды. 
Жарнамалық ролик түсіріліп, БАҚ-та жүріп жатыр, хронометраж – 30 сек.
Қазақстан кескіндемесі, Қазақстан графикасы, Батыс Еуропа гравюрасы, Қазақстан сәндік-қолданбалы өнері, ХХ ғасыр өнері бөлімдері бойынша мұражай қорындағы үздік туындыларды көрсететін тақырыптық сыйлық постерлер топтамасы шығарылды.
Жеке фирмалық кәдесый өнімдері шығарылды: кенептегі фотобаспа, саптыаяқтар, футболкалар, тінтуір төсемі, смартфон қынабы, брелок (кілт салпыншағы) және т.б. 
Мұражайдың жаңартылған сайты қайта жұмысын бастады. 
Мұражайдың мерейтойлық логотипі жасалды. 
Маңдайшадағы жазу мен жұмыс кестесі жайлы панно ауыстырылды.

otchet 15

otchet 8otchet 16

 

 

 

 

 

 

 

 

Біліктілік арттыру

Мұражай бағдарламалар бойынша, соның ішінде халықаралық бағдарламалар бойынша оқытатын семинарларға, тренингтерге, конференцияларға белсене қатысқан мұражай қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде жұмыстар жүргізуде.

Экскурсия орталығының жетекшісі Оксана Танская «Прогресс» ғылыми-техникалық ақпарат орталығында біліктілік көтеру курсынан өтті (Санкт-Петербург) «Мұражайда келушілермен жұмыс істеу» тақырыбында). Самал Мамытова «Жас мұражай қызметкерінің мектебі» курсын оқыды (Санкт-Петербург). Ал экскурсия жүргізуші Лаура Әбілдаева Прага қаласында «Мұражайлар және мәдени құндылықтар бойынша арнаулы курс» тақырыбында 72 сағаттық ғылыми-зерттеу тәжірибе жинақтаудан өтті. Реставраторлар Анна Степенко мен Өндірбай Қаратаев Санкт-Петербург Этнографиялық мұражайы базасында тәжірибе жинақтаудан өтті, 27 қазан – 5 қараша.

Желтоқсан айының басында ҚР Ұлттық мұражайында ұйымдастырылған «Қазақстандағы Эрмитаж күндері» аясындағы шараларға мұражай реставраторы әрі қор сақтаушысы Эрмитаж мамандары өткізген мүсін реставрациясы бойынша шеберлік сабағын өтті.

Дизайн және полиграфия өнімдерін шығару

Мұражайда атқарылып жатқан барлық іс-шаралар өзінің полиграфиялық өнімдерімен қатар жүреді, олар: афиша, шақыру билеттері, буклеттер, кейбір көрмелерге арнайы каталогтар шығарылады. Мерекелерге арнап құттықтау хаттары әзірленіп, таратылады. Өз күшімізбен полиграфия өнімдерін әзірлеуге өндірістік-техникалық база едәуір ұлғайтылды.

Мұражай коллекциясын көпке таныту мақсатымен кәдесый өнімдерінің әр түрін (футболкалар, сумкалар, телефон қаптары, кілемшелер (төсемдер), саптыаяқтар, металл және қыш магниттер) жасап шығару мұражай қызметінің жаңа түріне айналды.

Көрермендер аудиториясын тартудың ерекше жаңа түрлері де енгізілуде. Тұңғыш ұлттық кескіндемешіміз Әбілхан Қастеевтің шығармашылығын дәріптеу мақсатымен әрі балалардың шығармашылық қиялдарын дамыту үшін суретшінің туындыларының желісі бойынша бояма суреттер ойластырылып, жасалды.
«Жан біткен суреттер» жобасы бойынша Астана күніне арналған көрмеге бейнелеу анимациясы жасалды (кескіндемелік жұмыстардың анимациясының технологиялары игерілді).

Мұражай қызметін жаңғыртып жетілдіру шеңберінде қарауға және 3D нұсқасында басып шығаруға санмен белгіленген 50 экспонат енгізілді.

Мұражайдың мерейтойлық жылындағы басты оқиға болып саналатын мерейтойлық альбомның жарыққа шығуы – ғылыми қызметкерлердің, дизайнерлердің, фотографтар мен аудармашылардың еңбегінің жемісі.
Мерейтойлық халықаралық конференция атаулы іс-шараға арнап бағдарлама, дизайнерлік тарту-таралғылық өнімдер шығарумен ұласты. Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағы шығарылды.

PR-қызмет

2015 жылдың басынан бері баспасөзде, электорндық БАҚ-та, радио мен телевидениеде 2000-нан астам материал жарияланды. Мұражай өзінде болып жатқан көрме, жарияланым, конференция, дәріс, экскурсия сияқты оқиғалар жайында хабардар етіп отарады. Мұражайдың электрондық беттері де жұмыс істейді: веб-сайт, Facebook, Twitter, YouTube телеарнасы, Instagram, ВКонтакте, Одноклассники. http://gmirk.kz/index.php/ru/sobytiya веб-сайты жұмысын жаңартты.

Әлеуметтік желілермен жүргізілетін жұмыстың аясы кең https://www.facebook.com/gmi.rk
Мұражай жайлы Хабар, Казахстан, 24kz, Астана, Алматы, Мир, KazakhTV, Білім және мәдениет, КТК, НТК, СТВ, ArtParovoz, 364info.kz және т.б. телеарналар ұдайы жариялап отырады.

Қазақ және орыс тілдерінде 300-ден астам сюжет шықты, 900-ден аса эфирге шықты (сюжеттердің кейбірі 2-ден 7-ге дейін эфирге шығады).

Мұражай туралы «Казахстанская правда», «Литер», «Комсомольская правда», «Курсив», «Бизнес и власть», «Деловой Казахстан», «Панорама», «Аргументы и факты», «ЭкспрессК», «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Время» сияқты республикалық газеттер мен қалалық «Алматы ақшамы», неміс тіліндегі “Deutsche Allgemeine” газеттері үзбей (кейбірі апта сайын және аптасына бірнеше рет, оның үстіне тұтас әрі бірінші жолда) жариялайды.

«Бәйтерек», «Эксперт Казахстана», «Номад», «Достық. Дружба», «Сезон», Almaty Life (баспа нұсқасы) журналдары ай сайын мұражай туралы (көбінесе 2 мақала) немесе ондағы көрмелер жайлы мақалалар, анонстар және Fashion Collection, Mary Clair журналдарында мақалалар жариялап тұрады. «Простор» және «ИКОМ» (Астана – әлем мұражайлары халықаралық қауымдастығының журналы) журналдарында жариялау да жоспарда бар.

Мұражай көрмелері және басқа іс-шаралар жөніндегі материалдар Tengrinews, Казинформ, Today.kz порталдарында, Мәдениет министрлігінің, Nur.kz (5 млн-нан астам адамды қамтиды), AlmatyLife,YaPresident, Afisha.kz, BAQ.kz, sxodim.kz, e-history.kz, i-news.kz, museum.kz және т.б. сайтта тұрақты жарық көреді.
Қазақ радиосында, Радио классикада (Музыкалық вернисаж туралы), Авторадиода мұражай жөнінде хабарлар үзбей беріледі.

otchet 20otchet 21

otchet 22

 

 

 

 

 

 

 

Ә. Қастеевтің мұражай-үйі

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің құрылымдық бөлімдерінің бірі Әбілхан Қастеевтің мұражай-үйі Қазақстанның алдыңғы қатарлы халық суретшілерінің бірінің шығармашылық мұрасын кеңінен танытуға өз үлесін қосып отыр. 
Есептік жылы 22 экскурсия жүргізілді, келушілер саны – 500 адам.

Жүргізілген шаруашылық жұмыстары: ғимарат – сырлау, ақтау, үйдің ішкі төбесін ауыстыру сияқты және т.б. косметикалық жөндеуден өтті, үй іргесіндегі жер теліміне күтім жасалды. 
БАҚ-пен дұмыс жүргізіледі. «Ақ желкен» журналында, «Алматы ақшамы» газетінде, «Білім және Мәдениет» ТРА, КТК және Қазақстан телеарнасы Қастеев мұражай-үйінің қызметіне арналған ақпарат жасады.

Мұражайаралық өзара қарым-қатынас

Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ 2015 жылы 14 желтоқсанда Санкт-Петербургтегі Халықаралық мәдени форум аясында Мемлекеттік орыс мұражайымен ынтымақтастық туралы салтанатты түрде қол қойылған Меморандумды бекітуге бастама көтерді.

Қастеев мұражайы ICOM-Қазақстанға мүше болды. Қазақстан мұражайларымен, сондай-ақ ҚР Ұлттық мұражайымен өзара қарым-қатынасы нығая түсуде. Дәл қазіргі кезде бірлескен көрме жобалары жасалуда.
Мұражай ұйымдарымен өзара қарым-қатынас аясында мұражай Ш. Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер мұражайының коллекциясындағы туындылардан «Ақжайық жағалауы сыр шертеді» көрмесін өткізді (қазан-қараша). Осы мұражайға Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ коллекциясынан бірқатар жұмыстар беріп, мұражайды қолдау жобасы әзірленуде.

2015 ЖЫЛҒА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП