facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

«Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ӨНЕР МҰРАЖАЙЫ» РМҚК

logo museum kz

Ә. ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ҚР МЕМЛЕКЕТТІК
ӨНЕР МҰРАЖАЙЫНЫҢ 2016 жылға
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Көркемсурет мұражайы социумның мәдени-білімдік белсенділігін, ғылыми қызметті арттыруда, еліміздің бет-бейнесін, туристік ажарын қалыптастыру ісінде мәдени және тарихи ескерткіштерді сақтауда маңызды әлеуетке ие әлеуметтік-мәдени институт болып есептеледі. Заманауи мұражай – өнер, ғылым, білім, байланыс, мәдени ақпарат және шығармашылық инновация ордасы. Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайының стратегиясы еліміздің бірегей мәдени көркемдік мұрасын коллекциялау, зерттеу, сақтау және репрезентациялау (ол туралы қайта мәлімет беру) сияқты мұражайдың басты міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Мұражайдың басты мақсаты әлемдік өнер туындыларын сақтауға және қалың көрермен аудиториясына таныта түсуге бағытталған қызметтің алуан түрін (қор, экспозиция, ғылыми, ақпараттық және т.с.с.) кешенді жоспарлы орындаудан тұрады.

Басты мақсаттары мен міндеттері:
- мұражай коллекциясын зерттеу және насихаттау, туындылардың ғылыми атрибуциясын жасау,
- қоғамдық мәні зор мәдени жобаларды ұйымдастыру,
- қалың көрермен аудиториясын тарту,
- жеке ғылыми тақырыптарды дайындау, оларды одан әрі жүзеге асыру (жарияланым, ғылыми жобалар, конференциялар),
- мұражай экспозициясының барлық бөлімі бойынша әдістемелік құрал дайындау,
- коллекцияны насихаттау мақсатында жаңа уақытша тақырыптық көрмелер дайындау,
- мұражайдың қорытынды каталогымен жұмыс жүргізу,
- мұражайды жаңғыртуды жүзеге асыру, т.с.с.


Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қызметіндегі  2016 жылғы маңызды оқиғалар

2016 жыл мемлекеттік ауқымдағы тарихи даталарға толы. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы мұражай қызметінің түрлі формасын – көрме, дөңгелек стол, ғылыми пікірталас және т.с.с. қолға алып, белсене араласуға дайын.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы

2016 жылғы басты атаулы күн Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығы болмақ. Бұл күнді мерекелеу аясында мұражай бірнеше іс-шараны қолға алып отыр. Осылардың ішіндегі аса маңыздысы – тарихи тақырыптағы көркемдік деңгейі жоғары бейнелеу өнері туындыларын жазуға арналған, аса ауқымды «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» («Независимость, завещанная предками») Ұлттық конкурсын ұйымдастыру. Конкурс еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары контексінде еліміздің біртұтас мәдени кеңістігін қалыптастыруға бағытталған. Қатысушы суретшілер жоба аясында қазақ мемлекеттігінің қалыптасуындағы маңызды сатылары көрнекті түрде көрсетілген тарихи тақырыптағы мәңгілік авторлық туындылар жасайтын болады.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері: патриоттық тәрбиеге көркемдік-образдық түсіндіру құралдарымен ықпал ету және мемлекетіміздің маңызды тарихи оқиғалары мен тұлғаларын көрсету. Суретшілерге бәсекелестік ортасын тудырып, бейнелеу өнері шеберлерінің кәсіби көркемдік деңгейін көтеріп, жетілдіру. Тарихи жанрды әлемдік өнер тарихындағы маңызды жанрлардың бірі ретінде одан ары дамуына қозғау салу. Мұражай коллекциясын Қазақстан халқы тарихының беттерін жаңаша ашатын қондырғылы кескіндеме туындыларымен толықтыру міндетінің де маңызы аз емес.

Іске асыру кезеңдері: іріктеу кезеңі (бір жыл ішінде), конкурстың қорытындысы бойынша көрме, дөңгелек стол, қатысушыларды марапаттау (желтоқсан). Конкурстың соңында, 2016 жылдың 15 желтоқсанында Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-де көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Көпшілікті хабардар ету үшін Ұлттық конкурсты жариялауға байланысты баспасөз конференциясының өтетін мерзімі 2 ақпан деп белгіленді.

Жыл сайынғ өтетін «Қастеев оқулары-2016» ғылыми-практикалық конференциясын «Тәуелсіздік образдары. Егеменді Қазақстан өнері» тақырыбына арнау жоспарланды. Конференцияға қатысуға өнертанушылар, мәдениеттанушылар, жоғары қоу орындарының оқытушылары, сондай-ақ мұражайдың ғылыми қызметкерлері өздерінің ғылыми ізденістерін алып шығады – күз айлары.

Көп жылдардан бері жыл сайын мұражай қабырғасында өтетін Қазақстан Суретшілер одағының көрмесі 2016 жылы «Жасампаздық пен жеңістің 25 жылдығы» деген атпен жарияланып, ол да осы атаулы күнге орайлатырылды. Қазақстан Суретшілер одағы мүшелерінің ауқымды ұлттық экспозициясы 2016 ж. желтоқсан айына жоспарланды.
Түрлі жастағы категориялар үшін мұражай дәрісханасында «Тәуелсіз Қазақстан өнері» дәрістерін дайындалып, оқу жыл ағымында жүргізіледі.

«Мен Тәуелсіз Қазақстанның суретін саламын» атты балалар суретінің конкурсын өткізу де жоспарда бар, соның қорытындысы бойынша көрме болады. Мұражайда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бейнелеу өнерін оқыту аясында жобаға бастама жасалды. Жоба алда болатын оқиға туралы хабарландыру жасалған уақытта, 26 ақпан – 6 наурыз аралығында жұмысын бастайды. Жыл бойы жүргізіліп, конкурстың қорытындысы бойынша 5 желтоқсаннан бастап аталған тақырып аясындағы үздік туындылар қойылатын қорытынды көрме өткізіледі.
5-25 наурыз аралығында болатын «Менің Қазақстаным» фотокөрмесі де Тәуелсіздікті мерекелеуге бағытталған.

Алматының 1000 жылдығы

Тағы бір маңызды дата – Алматының 1000 жылдығы. Қазақстан авторларының шығармашылығындағы Алматы қаласы тақырыбына арналған мұражай жинақтамасындағы туындыларды көрсететін көрме жобасы әзірлену үстінде. Көрме 2016 жылдың 3-тоқсанында өтуі мүмкін. Жоба аясында мұражай дәрісханасында «Алматы Қазақстан суретшілерінің шығармашылығында» тақырыбына дәріс оқылатын болады.

Мұражайды жаңғырту

Мұражайды жаңғырту жоспары аясында мұражай қалың көрермен аудиториясына мұражай жинақтамасындағы Қазақстанның көрнекті суретшілерінің шығармашылығын ұсынады. 2016 жылы мұражайда есімдері кәсіби бейнелеу өнері тарихына енген, мерейлі жасқа келген бірқатар суретшілердің көрмесін өткізу жоспарланды. Олардың ішінде:
- Сергей Калмыков – 125 жас;
- Абрам Черкасский, Қазақ КСР Халық суретшісі – 130 жас;
- Исаак Иткинд, Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері – 135 жас;
- Сахи Романов – Қазақ КСР Халық суретшісі – 90 жас;
- Исатай Исабаев, Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері – 90 жас;
- Арий Школьный, Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері – 90 жас;
- Тұрсын Абуов, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері – 80 жас.
Мұражай жұмысының тиімділігі мұражай қызметінің барлық түрін қамтуды қамтамасыз ететін барлық құрылымдық бөлімшелердің жоспарлы және ретке келтірілген жұмысының (қор, экспозиция, ғылыми, ақпараттық және т.с.с.) нәтижесінде құрылады.

МҰРАЖАЙДЫҢ ҚОР ЖҰМЫСЫ

Мұражайдың басты міндеті мұражай жинақтамасын жинақтау, құру және сақтау болғандықтан мұражайдың қор жұмысы мұражай қызметінің басты бөлігі болып табылады. Мұражайдың қор жұмысына көркем туындыларды есепке қою, сақтау және реставрациялау кіреді.

ЕСЕПТЕУ-САҚТАУ ЖӘНЕ РЕСТАВРАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСЫ

1. Экспонаттарды тұрақты сақтауға қабылдау жыл ағымында
Хаттама жасау, жұмыстарға сипаттама жасау, сақталу күйін сипаттау, таңбалау (белгілеу)
Экспонаттарды мұражайдың Түсу кітабына тіркеу (жазу қолмен жүргізіледі). Негізгі, жалпы және авторлық картотекаларға карточкалар енгізу
2. Қор-сатып алукомиссиясының жиналысы Мұражайдың жалпы жоспарына сәйкес
жыл ағымында
3. Экспонаттарды уақытша сақтауға қабылдау жыл ағымында
4. Жұмыстарды уақытша сақтауға, мұражайдан тыс көрмелерге беру мұражайдың жоспарына сәйкес
- Қазақстан бейнелеу өнері (кескіндеме, графика) Мәскеу, мамыр
- Қазақстан бейнелеу өнері (кескіндеме, графика) Астана, шілде
Көрмеге жұмыстарды іріктеу. Фотосуреттерімен қоса алдағы көрмелердің тізімін жасау. Шығармалардың жақтауларын ауыстыру, сақталу күйін сипаттау. Жәшіктерге тапсырыс беріп, мөлшері бойынша орналастыру. Орау-қаптау жұмыстарын жүргізу. Көрмені құру және жинау. Қажетті құжаттар мен беру актілерін жасау.
5. Жыл бойы мұражай залдарында өтетін көрмелерге жұмыстарды іріктеп, беру:
С. И. Калмыковтың көрмесі, жыл ағымында;
Г. Чернощеков пен Н. Таңсықбаевтың мерейтой көрмесі, қаңтар;
«Батыс Еуропа гравюрасы» көрмесі, қаңтар;
Орыс өнері залының тұрақты экспозициясы, қаңтар-ақпан;
«Ою-өрнектер» көрмесі, ақпан;
Бапановтардың жеке көрмесі, наурыз;
Р. Базарбаеваның жеке көрмесі, наурыз;
«Шығыстың қола аңызы», сәуір;
Журавлев пен И. Яреманың көрмесі, мамыр-маусым;
«Куинджи және оның шәкірттері», маусым;
Т. Әбуовтың мерейтой көрмесі, маусым;
Тыңға арналған қордан ұйымдастырылған көрме, маусым;
А. Черкасский мен И. Иткиндтің мерейтой көрмесі, маусым;
«Ертегілер Қазақстан суретшілерінің иллюстрацияларында» көрмесі, шілде;
О.Д. Кужеленконың мерейтойқ көрмесі, шілде;
«Шай ішу дәстүрі – Шығыс өнері» көрмесі, тамыз;
Сахи Романовтың мерейтойлық көрмесі, тамыз;
А.Г. Школьныйдың жеке мерейтой көрмесі, желтоқсан;
Мұражайдың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жобасы, желтоқсан;
И. Исабаевтың мерейтой көрмесі, желтоқсан;
Ағымдағы мерейтой көрмелері.

Көрмелерге жұмыстарды алдын-ала іріктеп, қарау. Реставраторлармен бірге профилактикалық байқау жүргізу, реставрациялау, туындының сақталу күйін сипаттау. Қажетті құжаттар мен мұражай ішілік қозғалыс актілерін жасау.
6. Мәдени құндылықтарды сақтау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қорда жыл сайын интентаризация жүргізу (заттарды түгендеу).
Бөлімдер бойынша қордағы бар затты салыстырып тексеру: зергерлік бұйымдар (күміс), киіз, мүсін, тоқыма, ағаш, қыш.
7. Орталықтардың қызметкерлеріне инвентарлық сипаттама жазу үшін жұмыстар беру жыл ағымында.
8. Сипаттамаларды инвентарлық кітаптарға түсіру, туындыларды белгілеу.
9. Мұражай қорындағы жұмыс картотекаларын ғылыми орталықтар: Қазақстан кескіндемесі, тоқыма және сәндік-қолданбалы өнер, ежелгі орыс өнері, орыс және Батыс Еуропа өнері қорларындағы картотекалармен салыстыру.
10. Мұражайдың жалпы каталогымен жұмыс: С. Калмыковтың каталогы, Қазақстан кескіндемесі каталогы, Қазақстан графикасы каталогы, қазіргі заман сәндік-қолданбалы өнері каталогы, Шығыс өнері каталогы.
11. Қорларды фотосуретке түсіру.
12. Телевизиялық түсірілімдер: «Білім және мәдениет», «Хабар», «Алматы», «Қазақстан» және т.б. телеарналар.
13. Облыстық мұражайлардың, училищелердің, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ және Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тәжірибе жинаушыларымен жұмыс
14. Мұражайдың Реставрациялық кеңесін, Қор-сатып алу комиссиясын ұйымдастырып, өткізу
15. Реставрациялауға жұмыстарды іріктеп, беру. Туындыларды реставрациялау: кескіндеме – 80 (тазалау және бекіту – 200 эксп.); графика – 75; металл, тері – 20; жұмсақ инвентарь – 15; мүсін - 15.
16. Қордағы туындыларды профилактикалық байқау.
17. Кескіндеме туындыларын шаңнан тазарту – 3 000 экспонат.
18. Қорды жоспарлы дезинсекциялау: тоқыма, киіз, кілем, жұмсақ инвентарь және т.б.
19. Арнайы әдебиеттермен жұмыс, конференция, семинар, көрмелерге қатысу Жыл ағымында