facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

feed back 2Наталья Тартаковская

Бүгін Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде кезекті Музыкалық вернисаж өтті. Ол «Кешкі саксофон»д деп аталды. Онда тамаша саксофоншы Ярослав Фридманның тыңдаушыларға арнап әлемге танымал джаз композицияларын орындайтын концерті болатыны мәлім болды. Мен өзім саксофонды, оның «жақын туысы» кларнетті тыңдағанды ұнатамын. Осы аспаптарға жаным құмар болды, әсіресе джаз ойыны болатын болса, мен оны асыға күтемін.

feed back 1Концерт «Алма» көрмесі өтіп жатқан музейдің айналма галереясында болды. Мен алма тақырыбына байланысты жетпістен астам туынды қойылған бұл көрме жайлы бұрынырақ жазған едім.

Фридманның концертінде Ирэн Аравина да ән салады екен. Өзі ашық қонақжай және қандай іске болса да бар пейілімен кірісетін Клара Исабаева қонақтарды жылы қарсы алып, көрме мен алдағы концерт жайлы мағлұмат берді. Саксофоншының концерті ешкімді бейжай қалдырған жоқ. Аса дарынды музыканттың концерті тіпті кәсіби музыкант емес менің құлағымның құрышын қандырды. Ирэн Аравина Синатраның, Рэй Чарльздің, Дюк Эллингтонның репертуарынан аса белгілі джаз нөмірлерін орындады. Маған Ирэннің жылы шырайлы келбеті қатты ұнайды. Ал оның кіп-кішкентай әдемі қолдарының әсем қимылынан мен ләззат аламын. Иә, оның қолдары – нағыз сахнаға лайық қолдар.

feed back 4Әдеттегіше, Клара Исабаевамен бірге өзіміз білетін Юрий Аравин де болды. Бұл жолы ол өзінің тангосымен тамсандырған жоқ, саксофон туралы өте көп қызықты әңгімелер айтты. Менің ойымша, біз дәріс таңдауға келген жоқпыз, концертке келдік қой. Фридман өз концертін өзі-ақ тамаша жүргізе алатынын көрсетті. Оның болашағы әлі алда. Қалай да концерт жақсы өтті. Қонақжай музей Ярослав Фридманды тыңдаушылардың оның шеберлігін тамашалап, тамаша джаз музыкасын тыңдауына тағы да өз вернисаждарының біріне шақырады деген үміттемін. Оның жолы қашан да ашық болсын деп тілей отырып, Қастеев музейі мен Клара Исабаеваға жақсы ұйымдастырылған кеш үшін ризашылығымды білдіремін. Көп рахмет!