facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

academy lec 1Назгүл Тілешева

Кеше мен Ә. Қастеев атындағы музей ұжымы ұйымдастырған Клод Моненің шығармашылығы туралы дәрісті тыңдадым.

Дәрісті оқыған Ольга Владимировна Батурина кескіндеме бағыттарындағы стильдерге кіріспе жасап, қарапайым да түсінікті тілмен импрессионизмнің классицизмнен айырмашылығын баян етті. Тыңдауға жағымды, асықпай аққан бұлақтың сылдырындай сабырлы да әдемі, әдеби бай тілді әңгімені көптен бері естімеген едім.

Осындай дәрістерді сағынып қалғанымды түсіндім, алған мағлұматымнан бойымның игі сезімдерге academy lec 2толып келе жатқанын байқадым, сөйтіп, сіздермен осы ойымды бөліскім келді. Француз импрессионистерінің тұтас бір шоқжұлдызы (Эдуард Мане, Пьер Огюст Ренуар, Эдгар Дега және т.б.) және олардың суреттердегі әйелдерге көзқарастары туралы дәрісті тыңдағаныма қуандым. Әрбір суретші суреттегі әйелдерге өзінше қарағаны таңғаларлық.

Мен сөзімді Эдуард Манеден бастағым кеп отыр. Маненің сүйікті әйелінің өте ақылды болғандығын есту қызықты болды. Ауылдық жерден шықса да, суретшы оған бозбала шағында сөз салғанда ол өзінің отбасылық өмірге дайын еместігін білдіріп, қабылдамай тастаған. Одан кейін 10 жыл өткен соң қайта сөз салғанда, ол оның ұсынысын қабыл алып, екеуі бақытты да баянды ұзақ өмір сүрді. Сол кездің әйелдері қандай ақылды болған десеңізші, қазіргі жастарға үлгі боларлық... Мане оны өз картиналарында көп жазды, мысалға «Темір жол» (әйелі қызымен бірге) атты картинасы соның бір мысалы. Маненің әр қилы және қарама-қайшы жұмыстары да аз емес. «Олимпия» картинасын алайық. Онан бұрынғы суретшілер сияқты еркекті күтіп тұрған әйелді көрмейсіз. Оның көзінде жалын бар. 19 ғасыр келді, алайда әрбір еркек феминаизация процесінің жүріп жатқанын мойындағысы келмеді, әрине, мұндай картина үшін оны айыпқа тартты.

Пьер Огюст Ренуар барлық картинасында әйелге деген жылы ықыласқа толы болды, осындай сентиманталды картиналары үшін оны жазғырды да. Эдгар Деганың Ренуардан айырмашылығы, ол өз картиналарында әйелдерді төмен тұтатынын анық көрсетті. Ал бұрын мен оған мүлде басқаша қарайтынмын. Биші қыздар бейнеленген биші қыздар жайлы салған тұтас топтамада дәл картинаның орталығында ит үйреткіш сияқты қолына таяқ ұстаған басшысы бейнеленген («Бишілер дайындық үстінде»). Мұндай картинаның астарында не бар...

academy lec 3Клод Моне жайлы тағы да бір шындықты білдім. Мен оның екі әйелі болғанын білмеген едім. Бірінші әйелі Камилла Донсьё. Қолына қолшатыр ұстаған бойжеткен, міне сол... Барлық картинасында нақ сол бейнеленген. «Жапон кимоносын киген Камилла» атты картинасынан оның бет-әлпетін көреміз. Қандай махаббат десеңізші! Қаражат жағын сүйіктісіне сеніп тапсырған. Ал ол болса оның жасауын тез ұстап тастады. Атай көрмеңіз, ол ойынға жұмсаған жоқ, картина жазу үшін жұмсады. Камилла туберкулез ауруынан көз жұмғаннан кейін ол екінші рет үйленді. Оның «Камилла өлім аузында» атты суреті осы оқиғаға арналған. Суретшінің екінші әйелі Алиса Ошеде Камилладан мүлдем басқаша болды. Ол Камилланың картиналарынан басқа фотосуреттерінің бәрінің көзін құртты. Осыдан кейін суретші қаржы-қаражат жағын басқаруды өз қолына алып, қамсыз өмір сүруге кірісті. Бау-бақшасы бар сарай сатып алып, оны өз қолымен баптап күтті. Атақты «Ақ тұңғиық» картинасы осылайша туды. Көп саяхат жасады. Солардың нәтижесінде Батыс монастырь шіркеуінің аббаттығы сияқты Лондонның қызғылт тұманы бейнеленген картиналар топтамасы дүниеге келді.

Тыңдаушылар арасынан әріптесіміз Наталья Тартаковскаяны көріп қалдым. academy lec 4Екеуіміз біраз жаяу серуендедедік. Екеуіміз алған әсеріміз жайлы әңгімімізді жалғастыра бердік. Сөз арасында ол әр айдың бірінші бейсенбісінде музей «Музыкалық вернисаж» өткізетінін айтты.
Тамаша лекциясы үшін Ольга Батуринаға, кескіндеменің мен жақсы көретін бағыты бойынша жасалған ерекше саяхат үшін Клара Исабаева мен Наталья Тартаковскаяға алғысымды білдіремін.