facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

atyrau 6Бүгін Қастеев музейінде болдым.  Негізгі мақсат – Атырау қаласының көрмесін көру. Бір қарағанда қырықтан астам жұмыстар қойылған. Акеме А. Бажановтың «Каспий жағалауында» атты туындысы ұнар еді, өйткені ол сонда туылғанғой. Осы туындыға қарап тұрып, әкемнің ата-анасы жайында ойландым, өйткені біз немерелері оларды көрмегенбіз. Олар Маңғыстаудан әкем  7 жаста болғанда кетіп қалған, Түркменстанға қоныстанған, сонда әкем  Марыйлік педучилищесін бітірген, диреторы әйгілі Ади Шарипов болды, ол өз кітаптарының біреуінде әкем жайында жазған.

Гульфайрус Исмайлованың Бибігүл Төлегеноваға арнаған портретінеatyrau 5 біраз қарап тұрып, шеберлігіне таңқалдым. Қазақстанның осындай екі сондай сұлу және талантты әйелдеріне қарап, жанымды ерекше матаныш сезімі ұялады. Содан кейін әрине, Мұхит Калимовтің жұмыстары ұнады – оның әйелінің портреті, ол да өте әдемі, бір жағынан актриса Жанна Куанышеваға ұқсайды, сонымен қатар оның қыздары Дәрия мен Толқынның портреттері. Мен бұл жұмысты бірінші рет көріп тұрған жоқпын, менің ойымша (мен өнертанушы емеспін,бірақ) – бұл картина басқа да үлкен әлем музейлерінде тұруға лайықты.

Және, басқа да замнауи суретшілердің жұмыстары өздеріне назар аудартты. Соның ішінде «Күзгі асуы» немесе «Демалыс». Қазіргі музейде бір мезгілде бірнеше көрмелер ұйымдастырылған. Соның біреуінде тіпті көзіме жас алдым. Қабырғадан маған төрт графикалық портреттер қарап тұрды – Тоныкөк, Күлтегін, Білге қаған, Моюн-Чора, Кураш Зульфикарованың жұмыстары – біздің отбасымыз үшін бұл персонаждар жақын, таныс, бала күнімізден біз бұл есімдердерді жаттық біліп келдік, әкемізге үнемі машинкада печатать етуге көмектесетінбіз. Әкем – тюрколог, көне түркі және орхон-енісайлық жазбалардың маманы, "Култегiн ескерткiші ", "Язык памятника Кюль-тегину» тб кітаптардың авторы.

atyrau 4Тағы қуантарлығы, музей басшылығының басқа да көрермендерге, алматылық галереялар арқылы өз топтамаларындағы туындыларды таныстыруы. Жалпы бүгін менің эмоционалды палитрам түрлі сезімдерге толды - абдырау, мақтаныш, қуаныш, мұң шалу, түсінбестік, әуестік, алғыс.

Рахмет сіздерге, Гульмира Шалабаеваның басшылығымен, Қастеев музейінің ұжымы!