facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

АРТ-ШЕБЕРХАНА – білім беру бағытындағы интерактивті шығармашылық пен көркемдік эксперимент студиясы

Арт-шеберхана барлықтарыңызды өнер саласындағы ең батыл эксперименттерге шақырады!

Өзіңді Қастеев музейінің АРТ-ШЕБЕРХАНАСЫМЕН бірге шығармашылық және жасампаз идеялар әлеміне енуге ерік бер.
Сабақтардың кестесі мен бағасын мына телефондар арқылы анықтауға болады: +7(727)3945715
Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің «Арт-шеберхана» бейнелеу өнері студиясында ең кішкентайлардан бастап (4 жастан) бозбалалар мен қыздарға (16 жас) , ересектерге дейін әр түрлі жас санатындағы балалар шұғылданады. Бейнелеу өнері студиясындағы сабақтар үйренушілердің әлемді эстетикалық қабылдауын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Студиядағы оқу бағдарламалары қиял мен абстрактілі ойлауды дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, онда көркемдік оқу орындарына түсуге дайындайтын бағдарлама да бар. Бейнелеу өнері студиясында балалар бояумен, көмірмен, пастельмен, түрлі-түсті борлармен сурет салады. Кескіндеме сабағынан бөлек, балалар мүсін және жабыстырумен айналысады, сондай-ақ түрлі арт-нысандар жасайды.