facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ХАТ

    aikyn logo

ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы
өнер мұражайының ғылыми хатшысы
Молдашева Гүлзира Бәкірқызы
 
Мұражай мерейтойына тарту
 
2010 ж. қыркүйек айында ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының құрылғанына 75 жыл толады. Бүгінгі күні ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ ұлттық және әлемдік өнер туындыларын жинап, зерттеумен және насихаттаумен айналысып келе жатқан ірі көркемсурет мұражай
Мұражай Қазақстан, шетелдік Шығыс, Батыс Еуропа елдері мен Ресейдің көркем мәдениетімен, сондай-ақ өткен заман және қазіргі заман шеберлерінің шығармашылығымен таныстырады .
Ұлттық өнердің баға жетпес байлығын құрап тұрған – көздің жауын алатын қолданбалы өнер. Мұражай жинақтамасындағы осынау өнер туындыларының таңғажайып коллекциясы түрлік жағынан сан алуандығымен көзге түседі. Ол 20 ғасырдың 70-жылдары-ақ қалыптаса бастаған. Ғылыми қызметкерлер аймақтарды зерттеп, жәдігерлер жинауға және халық шеберлерін есепке алу үшін республиканың түрлі облыстарына экспедицияға шығып тұрды.
              
 Қазіргі таңда жәдігерлердің саны 5 мың дай деп есептеледі, олардың әрқайсысының түрлік және аймақтық ерекшеліктері бар. Халықтық қолданбалы өнер туындыларын жинау ұлттық өнердің жергілікті және стильдік ерекшеліктерін ғана емес, ою-өрнек нақыштарының керемет байлығын, формасының, техникасы мен жасайтын материалын өңдеу тәсілінің сан алуандығын да көрсетеді.
               
 Қордағы жиналған материалдарды зерттеу, оларға ғылыми атрибуция беру – сол кезден-ақ мұражай қызметкерлерінің басты міндеті болды. Мұражайдағы ұлттық көркем-мәдени байлығымызды құрайтын көне мәдениет куәгерлеріне ғылыми мән берген іргелі каталогты әзірлеу – ұзақ жылдық тыңғылықты жүргізілген ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі.
                       
 Мұражайдың мерейтойына арналып өзінің меценаттық және ағартушылық қызметімен танымал болған «АБДИ Компания» АҚ қолдауымен «Қазақтың ұлттық қолданбалы өнері» үлкен ғылыми каталогы жарыққа шықты. Бұл компания бірнеше жыл бойы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін көпшілікке таныту үшін суретті ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдар құрастырып, шығарумен айналысып келеді. Мысалға, компания жетекшісі мен шығармашыл ұжымының ақыл-ойының жемісі болған «Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласының» жарыққа шығуы республиканың ғылыми және мәдени өмірінде жарқын құбылыс болды. Қазіргі уақытта қазақ этнографиясы, тарихы мен әскери ісі жөнінде үлкен жобалар баспаға әзірленуде. Қазақ халқының қолданбалы өнерінің каталогын басып шығару «АДБИ» компаниясының баспа қызметіндегі этнографиялық тақырыптың жалғасы болды.
«Қазақтың ұлттық қолданбалы өнері» каталогында ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы қорындағы халық шеберлерінің ісмерлігі мен дарынын айғақтайтын көне технологиялық және көркем-эстетикалық дәстүрлер негізінде дайындалған киіз, ағаш, теріден жасалған бұйымдар, сондай-ақ тоқыма, кесте және ат әбзелдері көрініс тапқан. 
«Қазақтың ұлттық қолданбалы өнері» каталогындағы әрбір бөлім арнаулы кіріспе сөзбен ашылады, суретті материалмен және ғылыми аппаратпен безендірілген. Мұндай ақпаратқа толы каталог өнердің осы түрін одан әрі зерттеуге және сондай-ақ мұражай қорындағы халық шеберлерінің бұйымдарының коллекциясын насихаттауға негізгі база болады.
«АБДИ» баспа орталығы мен ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы бұдан әрі де бірлесіп жұмыс істеп және оқырмандар мұның нәтижесін жақын арада көреді деп ойлаймыз.
 
 
Молдашева Г.Б., ғылыми хатшы