facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

Кітапхана ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының ғылыми кітапхана секторы (одан әрі МӨМ кітапханасы) ғылыми ізденіс және ақпарат процесін әдебиеттермен, деректермен қамтамасыз ететін, сондай-ақ білім-ғылым тарату, рухани және интеллектуалдық қарым-қатынас, мәдениет орталығы болып саналады. Мұражай қызметкерлеріне өнертану, мұражайтану теориясын зерттеп-зерделеуге, каталогтар, буклеттер, альбомдар, ашық хаттар жинағын құрастыруға, т.с.с. жұмыстарға көмектесу – кітапхана жұмысының маңызды қыры . ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ кітапханасының кітап қоры бай (абонемент, оқу залы мен кітап сақтау қоры) – 24333 кітап бар, олар – XVIII, XIX, XX ғасырлардағы кітаптар, каталогтар, альбомдар мен әлемдік өнер жөніндегі газет-журналдар мен заманауи басылымдар. Өнер жайындағы кітаптар мен каталогтардың, афишалардың жинақтамасы – Қазақстандағы ең ірі коллекция. Кітапханадан ағылшын, неміс, француз, испан, поляк, итальян, венгер, болғар, чех, қазақ, орыс, қытай, араб тілдерінде 18, 19, 20 ғасырлардағы өнертану кітаптары сақталған, сонымен қатар, философия, тарих, этнография, дін, мәдениеттану, археология турасында, сондай-ақ классикалық және заманауи көркем әдебиеттер де орын тапқан. Қазақстанның шығармашалық ой-пікірінің бай мұрасы мұражайдың бұрынғы қызметкерлері Л.Г. Плахотная, Е.Б. Вандровская, С.Б. Құмарова, Н.А. Полонскаялардың ғылыми мұрағатында сақталған. Қазақстан суретшілері жайлы жазылған мәліметтерді (газет-журнал материалдары, кітаптар) де табуға болады. Оқырмандардың әр түрлі елдер мен халықтардың өнерінде болып жатқан жаңалықтармен немесе құбылыстармен хабардар болып отыруы үшін түрлі арналардан алынған компакт-дискілер мен видеофильмдер де бар. Жыл сайын кітапхана мерзімді басылымдардың 50-ден астам түрін жаздырып алады.