Оқиғалар

50-ден астам өнер экспонаттарының аудиодискрипциясын ұсынады

КӨРУ УАҚЫТЫ: ЗАҒИП БАЛАЛАР ЕЛІМІЗДІҢ ЖӘНЕ БҮКІЛ ӘЛЕМНІҢ ӨНЕРІ МЕН ТАРИХЫМЕН ТАНЫСА АЛАДЫ

 2021 жылдың 1 маусым күні сағат 11:00-де «Дара» қайырымдылық қоры Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейімен бірлесіп және «Gala Global Group» ЖШС-мен ынтымақтастықта музейдегі 50-ден астам өнер экспонаттарының аудиодискрипциясын ұсынады. Мақсаты - көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арнайы ауызша сипаттама (аудиодискрипция) арқылы өнер туындыларын естуіне көмектесу.    

«Арт-зертханасы оқушыларының - «Түс полифониясы» көрмесінің ашылуы

2021 жылдың 30 мамырында сағат 12.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ Орталық көрме залында «Арт-зертханасы оқушыларының - «Түс полифониясы» көрмесінің ашылуы өтеді.

Алуға арналған «Күн сағаты» шағын сәулеттік құрылысының ашылуы

2021 жылдың 13 мамыр күні сағат 12.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің «Мүсін саябағында» дизайнер, сәулетші, кино қоюшы-суретшісі Алим Сабитовты (1956-2019) еске алуға арналған «Күн сағаты» шағын сәулеттік құрылысының ашылуы өтеді.

2021 - ҚАСТЕЕВ МУЗЕЙІНДЕГІ ТҮН

2021 жылдың 18 мамырында Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Халықаралық музей күні мерекесіне (International Museum Day) арналған жыл сайынғы ауқымды жоба өтеді. Халықаралық ICOM музейлер кеңесінің тұжырымдамасына сәйкес биылғы жылғы іс-шараның тақырыбы - «Музейлердің болашағы: қалпына келтіру және жаңарту» / The Future of Museums – Recover and Reimagine». Еліміздегі және әлемдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты, 2021 жылы жыл сайынғы «ҚАСТЕЕВ МУЗЕЙІНДЕГІ ТҮН» мерекелік акциясы ONLINE тәртібінде өтеді. Негізгі хабар тарату платформасы - FaceBook және Youtoobe, сайтта қайталанады. Бұл күні OFLINE экспозицияға барғысы келетін келушілер үшін музей әдеттегідей сағат 10: 00-ден 17: 00-ге дейін жұмыс істейді. Музейге келушілерге кіру күні бойы тегін.

қазақстандық суретші Вячеслав Люй-коның «Кеше. Бүгін. Ертең» атты жеке көрмесі

2021 жылдың 14 мамыр күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші Вячеслав Люй-коның «Кеше. Бүгін. Ертең» атты жеке көрмесінің сағ. 15:00-де  баспасөз-туры, 16:00-де ашылуы өтеді.