Оқиғалар

«Шабыттандырған қалам» көрмесі

2021 жылдың 22 маусым күні, сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстандық мүсінші Павел Шороховтың мерейтойлық ретроспективті көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. «Шабыттандырған қалам» көрмесі автордың 75-жылдығына арналған. Көрмеге суретші Дмитрий Шорохов та қатысады. Журналистерге арналған баспасөз туры 22 маусымда сағат 15:00-де өтеді

Жамбыл Жабайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған «Бақыт туралы жыр» атты мерейтойлық көрмесі

Ұлы жырау, қазақтың халықтық ауызша поэзиясының классигі, Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) есімі еліміздің бір дәуірімен тығыз байланысты

«NOTEBOOK. Естеліктер күнделігі» фотокөрмесі

2021 жылдың 4 маусым күні сағат 16:00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Бақыт Қайырбековтың «NOTEBOOK. Естеліктер күнделігі» фотокөрмесі ашылады. Экспозицияда автордың әр түрлі уақыт мерзімінде жасалған үзінділері мен сәттерін, әсерлерін бейнелейтін фотосуреттер топтамасы ұсынылады.

Ресей Федерациясының өнері Кескіндеме, мүсін 1950-жылдар

Соңғы бірнеше жыл бойы Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемекеттік өнер музейінде күні кеше ғана кеңестік деп аталған музейдегі заманауи шет ел өнері қорының байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін көрмелер өтуде. Жоба аяқталып келеді, ал соңғы көрмелер Ресей Федерациясының бейнелеу өнерімен таныстыратын шеберлердің туындыларына арналып отыр.

«2021 жылдағы - МЕРЕЙ ЖАСТАҒЫ СУРЕТШІЛЕРДІҢ»

2021 жылдың 11 маусымынан бастап, Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінің қорынан алынған «2021 жылдағы - МЕРЕЙ ЖАСТАҒЫ СУРЕТШІЛЕРДІҢ» шығармашылығына арналған көрме ашылады.