Оқиғалар

Әйгілі заманауи жапон суретшісі Каору Мори жасаған қызықты әлемге енуге мүмкіндік беретін «Қалыңдықтың хикаясы» сериясының манга көрмесі ашылады.

2024 жылдың 18 мамыры сағат 16:00-де Халықаралық музейлер күні аясында, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде әйгілі заманауи жапон суретшісі Каору Мори жасаған қызықты әлемге енуге мүмкіндік беретін «Қалыңдықтың хикаясы» сериясының манга көрмесі ашылады.

Көрме экспозициясында жете орындалған иллюстрациялардың 207 парағынан тұратын осы серияның 14-томы ұсынылған. Олар Орталық Азияның жарқын және ерекше мәдениеті мен өмір салтын көрсететін әсерлі, әрі шиеленіскен оқиғаларды, әсерлі кейіпкерлерді сипаттайды. Манга XIX ғасырдың ортасында бастау алып, қалыңдықтың бейнесіне ерекше назар аудара отырып, көшпенділердің өмірін баяндайды.

«Қалыңдықтың хикаясы» сериясы 2008 жылы Aokishi (Kadokawa) манга журналында жариялана бастады және қазір кең танымалдылыққа ие. 14 томы жарық көрді, бірнеше тілге аударылды. Серия көптеген отандық және халықаралық марапаттарға ие болды, соның ішінде 2014 жылғы Manga Awards сыйлығының бас жүлдесі. 2022 жылы «Жапония мен Орталық Азияның бес елі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған мерейтойлық жоба» аясында «Қалыңдықтың хикаясы» Киотодағы Халықаралық манга музейінде көрмеге қойылды.

Көрме экспозициясына қойылған иллюстрациялар XIX ғасырдағы Орталық Азияның мәдениеті мен дәстүрін, отбасылық қарым-қатынасын және бай мұрасын Каору Мори манганың керемет өнері арқылы таныстырды. Автор келушілерді XIX ғасырдағы көшпелілер тарихымен танысуға шақырады, бұл көшпелі рулар мен қала тұрғындары өз жерлерін сыртқы шапқыншылықтан қорғау үшін бірігіп жатқан кезеңде  дамыған. Мори ханымның асқан шебер  өнері Орталық Азияның өмірін, пейзаждары мен сәулетін қайта елестетіп, осы жерлерді мекендеген көшпенділердің өмірін әсерлі, әрі тартымды баяндайды. Бұл серия бүгінгі күні де бүкіл әлемдегі оқырмандарды баурап алуды жалғастыруда.

«Қалыңдықтың хикаясы» сериясының манга көрмесі «Кадокава» корпорациясының және Қазақстан Республикасындағы Жапон елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі  алғаш рет өз көрермендерінің назарына манга көрмесін ұсынып отыр. 

Салтанатты іс-шараға барша  манга өнерінің әуесқойлары мен аталмыш өнерге қызығушылық танытатын өнер сүйер қауымды  шақырамыз!

Көрме 2024 жылдың 30 мамырына дейін жалғасады.

 

Көрме кураторы: Азат Дидар

Нарегеев Равиль