facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

e-gov-kz-banner

  • MYD Production

    MYD-logo-bl-sm

  • AlmatyLife

    almaty-life-logo

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Министрліктің жаңалықтары

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

Milène Guermont 12017 жылы 20 мамырда сағат 14.00-де ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстандағы Франция Елшілігінің қолдауымен «Әсем әлем» өнер академиясы аясында париждік заманауи сәулетші, мүсінші әрі дизайнер Милен Гермон «Бетоннан қалай арман құруға болады?» атты дәрісін жүргізеді. Милен француздың Vicat компаниясының шақыруымен Астанада ЭКСПО-да жұмыстарын қояды, ал Қазақстандағы Француз Елшілігі мен Алматыдағы Француз Альянсы контемпорари-артты сүйетін адамдарды құрметтеп, Ә. Қастеев атындағы музейде оның дәрісін ұйымдастыруда.

Милен Гермон 1981 жылы Нормандияда дүниеге келген, инженерлік дипломы және өнер саласында дипломы бар. milène guermont 3Ол өзінің шығармашылығында жоғары технологияларды көркем қиялымен ұштастырады. Суретші бола тұра Милен қала кеңістігінің осы бір қызықсыз бөлігіне көрік, техникалық инновациялар мен адамзаттың жылуын беретін бетонның жаңа буынын жасады. Оның аса сезгіш бетоны жарық сәуле сызығы мен жаңбыр тамшысынан бастап ұзап бара жатқан бұлттың электр дызылына дейін табиғат құбылыстарының жұмсақ жаңғырығын өткізіп, әрбір магниттік өріске жауап қайтарады.

Миленнің мүсіндері Майамидегі Арт Базельде, Нью-Йорктегі Жаңа Арт-орталықта, Францияның Ұлттық мұрағатында, Картье қорында және т.б. жерлерде сақтаулы.

milène guermont 5Астанадағы ЭКСПО-ға Милен «Мини аква» мүсінін қояды. Ә. Қастеев атындағы музейде ол өзінің шығармашылық концепциясы, мүсіндері және заманауи француз коентемпорари-арты туралы баяндайды.

ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі Қазақстандағы Француз Елшілігімен және Француз Альянсымен көптен бері серіктестік қатынаста. 2012 жылы Францияның алдыңғы қатарлы 40 музейінің «Франция інжу-маржандары» сияқты көрнекті бірлескен жобасы, 2015 жылы заманауи фотограф Франк Фогельдің көрмесі, 2016 жылы Зикки Пенгтің Париждің замануи галереялары туралы дәрісі ұйымдастырылды. ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ Франциямен іскерлік және серіктестік қатынастағы қазақстандық компаниялар мен ұйымдарды біріктіретін Amitie қауымдастығының мүшесі.