facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

expo

  • 25 лет

    25-kaz

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Қазақстан кескіндемесі Л-Я» Бас каталогының ІІ томын басылымға дайындау үстінде. Осыған орай, барлық суретшілерден өздері туралы (мысалы, атағы, марапаттары т.б.) қосымша ақпаратты хабарлауларыңызды өтінеміз. 

«Қазақстан бейнелеу өнері» ғылыми орталығы 332, 338 кабинеттеріне немесе аталмыш құжаттардың көшірмесін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электрондық поштаға жіберулеріңізді сұраймыз.

tolkyn 1a2018 жылдың 1 наурыз күні Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесінің құрметіне орай «Көктем сазы» атты Музыкалық вернисажға шақырады. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова опералық ариялар, қазақтың халық әндері, орыс романстары мен басқа да вокалдық шығармаларды орындайды; концертмейстер – Семен Баев. 

Толқын Забирова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистратура және аспирантурасын тәмамдаған, КСРО Халық әртісі, профессор Бибігүл Төлегенованың шәкірті, қазақстандық эстраданың дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасының қоры сыйлығының лауреаты, музыкатану ғылымының кандидаты.

goethe 22018 жылдың 2 наурыз күні сағат 18.00 де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Ағын бойымен / ағынға қарсы. Заманауи фотоинтервенциялар» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Көрмені Қазақстан Гёте-Институты мәдениет саласындағы Халықаралық қатынастар институтымен (ifa -Штутгарт, Германия) және Германияның Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлесе отырып ұсынады. Көрме германиялық екі заманауи фотографтың – Виктория Биншток пен Михаэль Шефердің шығармашылығына арналған. Бұл авторларға ортақ сипат – бүгінгі «сандық» дәуірімізде БАҚ-тағы бейнелерді саралауға деген талпыныс. Жұмыстарды Алматыда 2 сәуірге дейін тамашалауға болады.

portrait 12018 жылғы ақпан айының алғашқы күндерінде Ә.  Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «XVIII-XIX ғасырлардағы белгісіз орыс суретшілерінің портреттері» атты көрме ашылды. Мұндай көрме бірінші рет ұйымдастырылды. Көрме есімдері беймәлім авторлардың қырық кескіндемелік туындысын ұсынады, олардың көпшілігі көптен бері көрмеге қойылмаған немесе бірінші рет қойылып отыр. Бір залға жинақталған олар орыс портретінің қалыптасу және даму сатысын, императордан қайыр тілеген қартқа дейін, князь қызынан көпестің әйеліне дейінгі түрлі тап өкілдерінің образдарын алға тартады. Сол кездің портреттері үшін авторлық атрибуциядағы қиындықтарынан басқа  модельді танудың өзі екіталай. Бұл коллекцияның негізгі құрамы 1935-1936 жылдары құрылған Қазақ ұлттық көркемсурет галереясына түрлі музейлерден – Мемлекеттік Третьяков галереясынан Мемлекеттік Орыс музейінен, Семей өлкелік музейінен өнер бұйымдары келіп түсе бастаған кезде-ақ қалыптасқан.

aitbayev 12018 жылдың 9 ақпан күні сағат 16.00 Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақтың белгілі суретшісі, ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Салихитдин Айтбаевтың 80-жылдығына арналған жеке көрмесі ашылады. Экспозиция әр қилы кезеңдердегі музейдің және жеке қорындағы кескіндеме және графика туындыларынан құралады. 

1960-1970-ші жылдар – Қазақстан өнерінің дамуындағы ең екпінді кезеңдердің бірі. Елдің қоғамдық ахуалы шығармашылық атмосферасына тікелей ықпал етті: үйреншікті қағидалар шұғыл өзгереді және басқа басымдықтарды іздеу талаптары пайда болады.