facebook-logo  twitter logo  odnokl-logo  youtube logo  logo-insta  vk logo
logo gmi-ru

expo

  • 25 лет

    25-kaz

  • ҚР Президентінің ресми сайты

    banner7

  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

    min-kult

  • Алматы қаласының Әкімдігі

    akimat-almaty

музейҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы бейнелеу өнері мен дәстүрлі және заманауи қолданбалы өнердің ғажап коллекциясы бар. Онда батыс, орыс және кеңес  өнерінің және шығыс халықтары қолданбалы өнерінің тыңғылықты жинағы орын алған.

19-20 ғасырлардағы қазақ қолданбалы өнерінің бай коллекциясы қазақ қол өнерінің жоғары деңгейде болғанын көрсетеді. Олардың ішіндегі ең көбі – күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, киіздер мен текеметтер, түкті және тақыр кілемдер, кестелі кілемдер. Мұражай коллекциясында ағаш пен теріден жасалған заттар да бар.

Жинақтаманың басым бөлігі ­– Қазақстан кескіндемесі, графикасы және мүсіні. Олардың ішінде – Қазақстанның тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеевтің, сондай-ақ, Хлудов пен Черкасскийдің, Мәмбеев пен Телжановтың, Кенбаев пен Ғалымбаеваның, Жүсіпов пен Шәрденовтің, Сыдыхановтың, Айтбаев пен Сариевтің кескіндемелері, Сидоркин мен Зальцманның, Пак пен Әжиевтің графикалық парақтары, Наурызбаевтың, Төлеков пен Досмағамбетовтің, Рахманов пен Мергеновтің, Рапопрот пен Есенбаевтың мүсіндік жұмыстары бар.1 залы

Мұражай қорында кеңес өнерінің даму тарихын жүйелеуге қажетті жәдігерлер жеткілікті. Розанова мен Петров-Водкин, Фальк пен Кузнецов, Сарьян мен Таңсықбаев, Никонов пен Андроновтармен белгілі қылқалам шеберлерінің тізімі тоқтап қалмайды. Ресей мен Украинаның. Арменияның, Грузия мен Әзірбайжанның, Молдавия мен Белоруссияның, Балтық және Орта Азиядағы кеңестік республикалардың суретшілерінің туындылары Қазақстанның бейнелеу өнері жүйесінің тілі ерекшелігін баса көрсетеді.

18-20 ғасырлардағы орыс өнері қорынан Рокотов пен Левицкийдің, Боровикоский мен Кипренскийдің, Верещагин мен Айвазовскийдің. Репин мен Крамскойдың, Саврасовтың, Шишкин мен Левитанның түпнұсқа туындыларын да көруге болады. «Орыс суретшілерінің одағы», «Өнер әлемі», «Голубая роза», «Бубновый валет» жылжымалы көрме суретшілерінің және т.б. бағыттағы қылқалам шеберлерінің туындылары бар.

2 залыМұражай коллекциясынан төрт ғасырлық Еуропа өнерінің бейнесін көрсететін 16-19 ғасырлардағы Италия мен Францияның, Голландия мен Фландрияның, Германияның, Англия мен Австрия суретшілерінің жұмыстарын да табасыз. 16 ғасырдағы итальян суретшісі Камбиазоның, 17 ғасырдағы голланд суретшілері Хальстің, Бейерен мен Кейптің ғажап туындылары да осында. Рембрандтың жұмысын да осы арадан кезіктіресіз. Франс, Кіші Поурбус пен Денистің жұмыстары арқылы Фландрияның өнерін тамашалайсыз.

18 ғасырдағы француз кескіндемешілері Дюге мен Бурдонның картиналары кімді де болса еліктіріп әкетеді. Мұражай қоржынында Гудон мен Куазевоның мүсіндік туындылары да орын тапқан. Француз графиктері Каллоның, Домье мен Гаварнидің және неміс графиктері Шонгруэрдің, Дюрер мен Үлкен Кранахтың парақтары өз елдерінің өнерін айғақтайды.

3 залы

Қытай, Жапония, Үндістан заттары мен дұңған, ұйғыр, корей шеберлерінің жекелеген туындылары Шығыс елдері өнерінің қоржынын толтырып тұр.

Мұражай адамның өзі мен қоршаған ортаны таныстыратын көркемдік қызметінің материалдық айғақтарын жинап, сақтап отырады, зерттеп-зерделейді, көрмеге қойып, көрерменге таныстырады. Жыл сайын республикалық және халықаралық семинарлар мен конференциялар ұйымдастырады.